«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет7/11
Дата08.07.2018
өлшемі2,47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Шығармашылыққа үйрену жолдары. Шығармашыл педагог болу - қазіргі дамуы жылдам ақпараттық ғасыр талабы. Қазіргі таңда маман өзінің шығармашылық әлеуетін үнемі жетілдіріп отыру дағдысын қалыптастырмайынша оның кәсіпке жарамдылығы да төмендей береді. Ал жоғарғы оқу орындағы теориялық білім нәрімен сусындап жатқан студенттер де өздерінің танымдық белсенділіктерін дамытып, шығармашылық қабілеттерін жетілдірулері қажет, себебі ол ертеңгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижесіне тікелей әсерін тигізетін факторлардың бірі. Болашақ мұғалімдердің білім шаңырақтарындағы бүгінгі табысты оқу іс-әрекеттері - ертеңгі кәсіби құзіреттіліктерінің, бәсекеге қабілеттіліктерінің кепілі.

Шынымен кәсіби-педагогикалық қызмет өз табиғатынан шығармашылық сипатқа ие екені белгілі. Шығармашылық - бұл белгілі қатынастар аркылы өзара байланысқан және өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған қызмет жүйесі. Педагогикалық шығармашылықтың, шеберліктің ең жоғарғы деңгейіне жету жолы жан-жақтылық пен оның құрамына енетін педагогикалық әрекеттердің бір-біріне ауысуымен сипатталады. Педагогикалық шығармашылықтың басты белгісі - жаңа шешімдерді іздестіруге, жаңа міндеттерді қоюға, жұмыстың стандарттан тыс әдістерін қолдануға үнемі әзір болу.

Өз шығармашылығы арқылы педагог әр сабақта оқушыларды да шығармашылыққа баулуы керек. Жаңа біліммен таныстырудың өзі шығармашылық тұрғыдан жүргізілуі тиіс. Егер мұғалім оқушыларға дайын білімді баяндап бере салса, балалардың шығармашылығы дамымайды. Керісінше проблемалық сұрақтар қою арқылы балалардың ойын жетектеу, өз беттерінше ізденулері арқылы білімді меңгерту, өздері бір мәселенің шешімін ойластырып табуға жағдай жасау жиі іске асырылса оқушылардың шығармашылығын дамытуға негіз қаланады. Оқушылармен шығармашылық тұрғыдан жұмыс істей алу үшін мұгалімдер қалыптасып қалған бірқалыптылықтан шығу жолдарын іздестіріп өздерінің біліктіліктсрін үнемі жоғарлатып отырулары қажет.

Осыған орай педагогтық кәсіптің ігегіздерін меңгсру барысында болашақ ұстаздар тек арнайы теориялық білімдерді меңгерумен шектелмей,оған қосымша өз бойларындағы ішкі қабілеттсрін барынша дамытып, өздерін жетілдіру жұмыстарымен айналысқандары абзал.

Ол үшін студенттерге ең алдымен психология, педагогика ғылымдарында белгілі диагностикалық әдістемелерді пайдаланып өздерінің шығармашылық деңгейіи анықтап алғандары жөн. Мысалы, Т.В.Морозованың «Диагностика успешности учитсля» атты кітабында мынандай тест ұ.сынылған.

Тест: Сіздің шығармашылық әлеуетіңіз қандай?

Нұсқау: Сіздің өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді қаншалықты дұрыс бағалайтыныңызды анықтайтын тестті орындаңыз. Берілген сұрақтарға шынайы жауап берулеріңізді өтінеміз. Жеке бетке өз жауаптарыңызды жазыңыз (мысалы, 1-а, 2-ә, 3-а т.с.с).

1.Қоршаған әлем жақсарады деп санайсыз ба?

А)иә

ә) жоқ;


б) иә, бірақ барлығы емес.

2. Қоршаған әлемді айтарлықтай өзгертуге өзіңіз үлес қоса аламын деп ойлайсыз ба?

а) иә, көп жағдайда;

ә) жоқ;


б) иә, кей жағдайда.

3.Сіздің пікіріңізше, сіздің кейбір ойларыңыз өзіңіз таңдаған салада айтарлықтай прогресс туғызады деп ойлайсыз ба?

а) иә;

ә)жағымды жағдайларда, иә;



б) тек кейбір дәрежедсе ғана.

4.Сіз болашақта түбегейлі өзгеріс жасауда соншалықты маңызды рөл атқарамын деп санайсыз ба?

а) иә,

ә) мүмкіндігі өте аз;



б) мүмкін.

5.Сіз бір іс-әрекетті жасауда өз бастамаңызды аяғына дейін орындай алатыныңызға сенімдісіз бе?

а) әрине;

э) жасай алатыныма жиі күмәнданамын;

б) сенімсіздіктен сенімім жоғары.

6.Сіз өзіңізге мүлдем таныс емес іспен жиі шұгылданғыңыз келе ме?

а) иә, өзіме беймәлім нәрсе мені қызықтырады;

ә) жоқ, кызықтырмайды;

б) барлығы істің өзіне және жағдайға байланысты.

7.Сізге өзіңізге таныс емес іспен айналысуға тура келді делік. Сізде сол істі

сол істі жоғары дәрежеде орындап шығу сезімі пайда бола ма?

а) иә;


э) қаншалықты үлгеріп істегеніме қанағаттанамын;

б) егер бұл маған ұнаса, иә.

8. Егер іс өзіңізгс таныс болмаса, сіздің ол туралы бәрін білгіңіз келе ме?

а) иә;


э) жоқ, ең бастысын ғана білу керек;

б) жоқ мен тек қана өз қызығушылығымды қанағаттандырғым келеді.

9.Егер сіз сәтсіздікке ұшырасаңыз:

а) ақылға қонымсыз болса да, біраз уақыт табандылық көрсетіп тырысасыз;

ә) істің өнбейтінін сезісімен, қолыңызды бір-ақ сілтейсіз;

б) кедергілердің қиындығын көріп тұрсаңыз да ісіңізді жалғастыра бересіз.

10.Мамандық таңдауда ... ескеру кажет:

а) өз мүмкіндіктеріңізді және өзіңіздің болашағыңыз үшін маңыздылығын;

ә) мамандықтың тұрақтылығын, маңызын, қажсттілігін, мамандыққа деген сұранысты;

б) оның сізді қамтамасыз ететін артықшылықтарын.

11.Егер сіз саяхаттап жүрсеңіз, бұрын жүрген бағытты оңай бағдарлай аласыз ба?

а) иә;


э) жоқ, жаңылып қалудан қорқамын;

б) егер ол жер маған ұнаған болса, иә.

12.Сіз әңгіме аякталғаннан кейін бірден әңгіменің не туралы болғанын еске түсіре аласыз ба?

а) иә, еш қиыншылықсыз;

э) бәрін еске түсіре алмаймын;

б) маған қызықты көрінгенін ғана еске түсіремін.

13.Сіз бейтаныс тілде айтылған сөзді оның мағынасын түсінбесеңіз де, буын бойынша қатесіз қайталап бере аласыз ба?

а) иә, еш қиыншылықсыз;

ә) иә, егер ол сөз тез жатталса;

б) онша дұрыс болмаса да, қайталаймын.

14.Бос уақытыңызда сіз ... қалайсыз:

а) жалғыз қалып ойланғанды;

ә) компанияда болғанды;

б) жалғыз боламын ба, әлде компаиияда боламын ба, маған бәрібір.

15.Сіз бір іспен айналысып жатсаңыз, оны тоқтатуды шешесіз, егер:

а) ісіңіз аяқталып және сізге өте жақсы орындалған болып көрінгенде;

ә) сіз орындалған іске қаңдай болса да көңіліңіз толғанда;

б) сіз әлі толығынан орындап болмасаңыз да.

16. Сіз жалғыз болғанда:

а) қандай да бір, мүмкін абстрактілі нәрселер туралы армандағанды жақсы көресіз;

э) өзіңіз калай болғанда да бір нақты іс тапқыңыз келеді;

б) кейде өзіңіздің жұмысыңызға байланысты нәрселер туралы армандауды ұнатасыз.

17.Сізді бір идея баурап алса сіз ол туралы..............ойлайсыз:

а) қайда жәнс кіммен бірге болғаныңызға қарамастан;

ә) тек жеке қалғанда;

б) тыныштық болған жерде ғана.

18.Сіз бір көзқарас (пікірді) дәлелдеу кезінде:

а) оппоненттеріңіздің дәйектемелері сізді иландыратын болып көрінсе, өз пікіріңізден қайтасыз;

ә) қандай дәлелдерді естісеңіз дс өз пікірінізде қаласыз;.

б) қарсылас өте күшті болса пікіріңзді өзгертесіз.



Нәтижелерді өңдеу және түсініктеме беру

Әрбір «а» жауабы үшін 3 балл, «ә» жауабы үшін 1 балл, «б» жауабы үшін 2 балл бсріледі.

1, 6, 7,-8 сұрақтар сіздіңбілімге деген құштарлығыңыздың шектерін көрсетсді;

2, 3, 4, 5 сұрақтары өзіңізге деген сенімнің белгісі; 9 және 15 сұрақтары - тұрақтылық белгісі,

10 - амбициялық белгісі;

11 - көргенді есте сақтау белгісі;

12, 13 - естігенді есте сақтау белгісі;

14- тәуелсіз болуға сіздің құлшынысыңыз;

16, 17 - абстракциялану қабілеті;

18 - зейінділік дәрежесі.

Баллдардың жалпы қосындысы шығарылады. Жинақталған жалпы балл саны сіздің шығармашылық әлеуетіңіздің көрсеткіші.

49 және одан жоғары балл. Сіздің шығармашылық әлеуетіңіз айтарлықтай, бұл сізге шығармашылық мүмкіндіктерін еркін тандауға негіз бола алады. Егер сіз өзіңіздің кабілеттеріңізді іске асыра алсаңыз, шығармашылықтың қай түрі болса да қолыңыздан келеді.

24-48 баллға дейін. Сіздің шығармашылық әлеуетіңіз нормаға сай, сізде шығармашылықпен айналысуға барлық қабілеттер бар, алайда кедергілер де бар. Егср сіз тек қана табысты болуға бағытталсаңыз, сіз үшін ең қауіптісі - қорқыныш. Сәтсіздіктен қорқу сіздің қиялыңызды - шығармашылықтың нсгізін қыспаққа алып, матап тастайды. Қорқыныш әлеуметтік те болуы мүмкін, бүл - қоғамның айыптау қорқынышы. Кез келген жаңа идея адамның айналасындағылардан күтпегендік, таңдану, танымау, мойындамау кезеңінен өтеді. Өзгелер үшін тосын жаңалык, әдеттегіден тыс нәрселерді мойындамаушылық сіздің шығармашылық белсенділігіңізге бөгет болады, ал мұның нәтижесі шығармашылық тұлғаныц деструкциясына әкеліп соғады.

23 және одан да төмен балл. Сіздің шығармашылық әлеуетіңіз өкінішке орай көп емес. Мүмкін сіз өзіңізді жете бағаламайтын шығарсыз? Өз күшіңізге сенімнің жоқ болуы сізді өзіңіздің шығармашылық ізденіске, жадалыққа қабілетті емес деген ойға жстелейді. Ондай ойдан арылыңыз да мәселенің шешімін табуға тырысыңыз.

Міне, осындай көптеген диагностикалық тесттер арқылы әр болашақ маман өзінің шығармашылық әлеуетін анықтап, сол бағытта қабілеттерін дамыту жұмыстарымен шұғылданса, ертеңгі кәсіби іс-әрекетте жетістіктерге жетуі ықтимал. Бүгінгі мектептегі мұғалімді де, оқушыны да, жоғары оқу орнындағы студенттерді де шығармашылыққа баулудың бір жолы - оларды шығармашылық позицияға қоятын педагогикалык процестің элементарлық бірлігі болып табылатын псдагогикалық ситуация. Әр педатогикалык ситуация білім алушының толыққанды дамуына, шығармашылыққа ынталандыруға ықпал беруі қажет.

Қалыптасқан, орнығып қалған оқыту-тәрбиелеу әдіс-тәсілдер жүйесінен шығу жолдарының бірі жаңа педагогикалық технологияларды зерттеу, оларды өз тәжірибесінде қолдана білу. Қазіргі кезде білім беру саласындағы оқыту, тәрбислеу технологиялары оқушы тұлғасын белсенді позицияға қойып, оның ішкі қабілеттерін барынша дамытуға бағытталған. Болашақ мамандарға үнемі өзгеріп тұратын жаңа тұжырымдамалар, реформалардың мол мағынасын жете түсіне білулері де маңызды. Сонымен қатар студенттік жастан бастап ғылыми-зсрттеу жұмыстарына белсенді қатысу да шығармашылықты шыңдауға көмекеседі.

Болашақ мұғалім өзінің кәсіптік жұмысының шығармашылық сипатын алдын ала сезінуі кажет. Өз ісіне шығармашылықпен қарамайынша оның еңбегінің нәтижесі де қуантарлықтай болмайды. Ол көп жылдар бойы жинақталған педагогикалық қазынамен танысып оны игерудің өзіндік жеке бағдарламасын анықтауы керек. Жалпы танысып қана қоймай өзіндік педагогикалық папка әзірлеп қызықты жаңа материалдарды жииақтап, әдебиет тізімдерін, маңызды сайттарды өзіне жүйелеп жазып алғандары абзал. Бұл материалдардың барлығы педагогикалық практика кезінде, немесе алғашкы мұғалімдік қызметінде жақсы септІгін тигізеді. Біртіндеп мұғалімнің ізденушілігі арқылы жаңа педагогикалық кітаптар, білім беру саласына катысты Заңдар,тұжырымдамалар,бағдарламалар жинақталып өзінің жеке педагогикалық кітапханасы қалыптаса бастайды.

Болашақ ұстаздардың шығармашылық іскерліктерін қалыптастыруға олардың ғылыми әдебиет көздерін, мерзімді педагогикалық басылымдарды өз беттерінше зерттеп, жаңашылдықты іздестірулері, құнды деректерді жинақтаулары, өздерінің педагогикалық қорын байытулары жақсы ықпал етеді жэне олардың кәсіби табысты нәтижеге жетулеріне мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар үздіксіз педагогикалық практика кезінде студенттерге нақты мектептің педагогикалық процесі жағдайында мұғалім міндеттсрінің сан алуан түрлерімен танысып, оларды шығармашылықпен шешіп көруіне, өзіндік шағын эксперименттер жүргізуге, өздерінің педагогикалық шеберліктерін сынап көруге, «ұстаз-шәкірт» қарым-қатынас жүйесінде өздерінің жетекшілік ролдерін сезінуге мүмкіндіктер жеткілікті. Ең маңыздысы осындай мүмкіидіктерді дұрыс пайдалана алу, болашақ мамандықтарының қыр-сырын саналы түрде меңгере білу қажет.


Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.

1. «Шығармашылық» терминін қалай түсінесіз?

2. Педагогикалық шығармашылық дегеніміз не?

3. Жаңашыл-педагогтардың идеялары туралы не білесіз?

4. Шығармашылық іс-әрекет қандай кезеңдерден құралады?

5. Стратегиялық міндеттерді қалай түсінесіз?

6. Тактикалық міндеттерді қалай түсінесіз?

7. Оперативтік міндеттерді калай түсінесіз?

8. Қандай жаңашыл педагогтарды білесіз?

Әдебиеттер:

1.Б.Р.Айтмамбетова. Жаңашыл-педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы. - 1991.

2.Мамандыққа кіріспе.Педагогика институттарының студенттеріне арналған оқу құралы.Л.И.Рувинский,В.А.Кан-Калик,Д.М.Гришин т.б. Алматы: «Ана тілі», 1990. -208 бет.

3.Диагностика успешности учителя: Сборник методических материалов для директоров и заместитслей директоров учеб.заведений, руководителям школ. — М.: - 2001. - 160 с.

4,ТаубасваШ.Т.Передовой педагогический опыт:от теоретичсского осмысления к практике. Алматы: 1997. - 122 с.

5.Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учитсля: методология,теория и практика формирования. Алматы: Алем, 2000. - 381 с.


Тақырып 2.Қарым-қатынас мұғалімнің кәсіби-шығармашылық іс-әрекетінің құрамды бөлігі ретінде.

9 тақырып. Қарым-қатынас - мұғалімнің кәсіби-шығармашылық іс-әрекетінің құрамды бөлігі ретінде.

Мақсаты: Болашақ мұғалімдерді педагогикалық қарым-қатынас түрлерімен, ерекшеліктерімен, стильдерімеі таныстыру, коммуникативтік іскерліктерін дамытуға жағдай жасау.

Жоспар:


  1. Педагогикалык қарым-қатынас туралы түсінік.

  2. Педагогикалык қарым-қатынас түрлері.

  3. Педагогикалык қарым-қатынас стильдері.

Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, педагогикалық қарым-қатынас, қарым-қатынас түрлері, симпатия, антипатия, эмпатия, қарым-қатынас стильдері, сөйлеу шеберлігі.

Педагогикалык қарым-қатынас туралы түсінік. Әрбір адам әлеуметтік ортада өмір сүргендіктен басқа адамдармен ақпарат

алмасады, тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым-қатынастарды сақтауға тырысады. Яғни, қарым-қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта болады. Сондықтан қарым-қатынасты адамның әлеуметтік ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деуге де болады. Олай болса қарым-қатынас - айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы.

Жалпы ойланып қарасақ қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген адам өмірде де көп жетктіктерге жете алады, жұмысында да беделі, абыройы жоғары болып қоршаған адамдардың сый-құрметіне бөленеді.

Шығыстың эл-Фараби, Жүсіп Баласағұн сынды ғұлама ойшылдары қарым-қатынас ұғымының біртұтастығына, адамдар арасындағы өзара әрекетке аса зор мән берген. Жүсіп Баласағұнның тәлім-тәрбиелік ойларға толы «Қүтадғу білік (Құтты білік)» атты дастанында адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, сөз өнері, сөйлеу шеберлігі туралы өте әсерлі баяндалады. Мысалы, осы дастанында жазылған: «Сөзіңді ізгі сөй.ле, өлсең де өлгісіз», «Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз», «Қадірлісі тіліне ұят сіңгендер, жүрек сөзін жүрегімен білгендер!» т.б. даналық сөздерінің тәрбиелік мәні кандай адамның болмасын жүрегіне жағымды, санасына сіңімді екені анық.

Соңғы жылдары қарым-қатынас мәселесі көп ғылымдардың зерттеу пәніне айналды. Онымен философтар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар, экономистер, саясаттанушылар, заңгерлер, психологтар мен педагогтар, менеджерлер тығыз айналысуда. Әр ғылым бұл феноменді өз мақсаттары мен міндеттері тұрғысынан зерттеу үстінде.

Ғылым аралық ұғым ретінде қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктерінен туындайтын және ақпараттармен алмасуды, өзара түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар арасындагы байланыстарды орнатудың және даытудың күрделі процесі ретінде қарастырылады.

Қазіргі таңда зерттеуші-ғалымдар қарым-қатынастьң түрлі аспектілерін жан-жақты қарастыруда. Бұл феноменнің философиялық негіздері ретінде B.C. Библердің, М.М. Бахтиннің, М.С. Коганның, Ж.М. Абдильдиннің, Қ.А. Абишевтің, Ш. Қасабековтың және тағы басқа ғалымдардың құнды еңбектерін атауға болады. Жеке тұлғаны дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктері Б.Г. Ананьев, В.Н.Мясищев, С.Л. Рубинштейн сынды белгілі ғалымдармен зерттелген.



Ал педагогикалық ғылымдар саласында қарым-қатынас мәселелері А. А. Леонтьсвтің, А. А. Бодалевтің, А.В. Мудриктің, В. А. Кан-Каликтің, Н.Е. Щуркованың, А.И. Щербакованың, В.А. Сухомлинскийдің, Ш.А. Амонашвилидің, С.Л. Соловейчиктің, А.Б. Добровичтің, И.А. Зимняяның, Я.Л. Коломинскийдің, А.А. Реанның т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.

Педагогикалық іс-әрекетте де қарым-қатынастың алатын орны өте жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын тәрбиелеу, оқыту, білім беру дамыту қалыптастыру процестерін қарым-қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес.

Педагог мамандығына байланысты кәсіби-педагогикалъқ қарым-қатынас ұғымы қолданылады. Жәй қарапайым күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас пен кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың айырмашылығы өте көп. Мысалы, адам өзінің жақын танысымен кездесіп қалып бір мәселе жайлы сөйлесіп тұрса ол жәй тұрмыстьтқ қарым-қатынас болады. Егер мұғалім балалар алдында сабақ беріп тұрса - бұ_л мүлде басқа қарым-қатынас. Екінші жағдайда мұғалім қарым-қатынасты оқушылар ұжымымен арнайы күнтізбелік жоспардағы бір тақырыпқа байланысты сабақ жоспары бойынша ойластырып ұйымдастырады.

Л.И.Рувинский болашақ мұғалімдерге кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігін байқату үшін мынандай тренинг ұсынады.

Сабақта отырған барлық студенттер жұптасып кез келген еркін такырыпта өзара 1-2 минут әңгімелессін. Уақыттары аякталған соң отырғандардың ішінен біреуін ғана аудитория алдына шығарып сол айтқандарын көпшіліктің алдында қайталап беруі сұралады. Сонда кәсіби қарым-қатынас пен жәй қарым-қатынастың айырмашылығы тез сезіледі. Аудитория алдына шығып сөйлеушіде мынандай сезімдер байқалуы мүмкін:


  1. Әңгімені қалай бастауды білмеушілік.

Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген қобалжудың пайда болуы. 3) Қарым-қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.

4) Бұрын пайдаланылған қарым-қатынас амалдарын өзгерту қажеттілігі жайлы түйсік.

  1. Қарым-қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажеттігін түсіну, бірақ не екені онша айқын еместік.

  2. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық.

  3. Бұрын үйреншікті болып келген дене қимылының, қозғалысының, жалпы мінез құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі.

8) Өзгерген қарым-қатынас формасында мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі.

9) Өзіңді дұрыс түсінуі үшін жоспарланған ақпаратты неғұрлымсол қалпында жеткізуге талпынушылық.

  1. Тыңдаушыларды қызықтыруға тырысу

  2. Ақпаратты сұрыптауға, мазмұндауға және жеткізу формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.

Енді әр студент кәсіби-педагогикалық карым-қатынас жасай алу үшін өз бойларында барынша нені жаттықтыру қажет екенін анықтайды. Атақты педагог А.С.Макаренконың мынандай сөздерін есте сақтаған абзал: «Біз көп жагдайларда дұрыс сөйлей алмаймыз. Мұғалім сөйлегенде оның сөзінен оның мәдениеті, еркі, саналылыгы байқалып тұруы керек. Бұган әдейі үйрену қажет».

Тағы бір ескеретін жағдай адамдардың өздеріне жақын адамдармен әңгімелесулері қызықтырақ болып, ал бейтаныс адаммен тез әңгімелесіп кетудің оңай еместігі. Ал жас мұғалім үшін өзіне таныс емес балалар сыныбына келгенде олармен қарым-қатынасты дұрыс орнату тіпті қиынырақ болуы мүмкін. Сондықтан балалар аудиториясын жақсы біліп, жақсы танып, жақсы көру арқылы ғана педагогикалық қарым-қатынастың табысты нәтижесіне қол жеткізуге болады. Осыған орай белгілі педагогВ.А.Сухомлинскийдің:«Гәрбмегй/ өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баурап алу өнерімен көрінеді» деген сөздерін есте сақтаған жөн. Әрине, бұндай өнерді меңгеру үшін тартынбай талаптану, ерінбей еңбектену керек.

В.А.Сластенин педагогикальқ қарым-қатынас деп педагог пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан туындайтын қатынастарды орнатып дамытуды, өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі процесін атайды. Педагогикалық қарым-қатынаста педагог жетекші рөль атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін алдын ада көптеген педагогикалық міндеттерді анықтайды, сол міндеттерді шешудің тиімді жолдарьн іздестіреді. Қарым-қатынасқа байланысты қойылатын міндеттер коммуникативтік міндеттер деп аталады.

Педагогика ғылымында коммунңкативтік міндеттерді шешудің негізгі кёзеңдері анықталған:

- қарым-қатынас жағдайын бағдарлау кезеңі (мұғалім сыныптың
мандай екенін, олармен қандай стильде сөйлесу керек екенін, қандай
оқушыларға сөйлеудің қандай әдістерін қолдану керек екенін
анықтайды);

- өзіне көңіл аударту кезеңі (пауза, сөз арқылы көңіл аударту, қимыл


арқылы - кесте көрсету, көрнекілік құралдар көрсету, тақтаға жазу,
т.б.);

  • тыңдаушылардың қарым-қатынаСқа даярлығын анықтау кезеңі (тыңдаушылар аудиториясындағы қарым-қатынаста жағымды психологияльқ ахуалдың барын не жоғын анықтайды);

  • вербальдық қатынасты орнату кезеңі (ақпаратты ең тиімді жолмен ұғынықты, логикалъқ жүйелі түрде сөйлеу);

  • мазмұнды жэне эмоционалды і<ері байланысты ұйымдастыру кезеңі (тіл құралын дұрыс қолдану, ацпаратты баяндаудың логикалыығы, монологтың орнына диалогтық қатынас орнату, сұрақтар қою арқылы аудиторияның зейінін тақырып көлемінен алшақтатпау, цызыцты проблемалъщ сүрацтар цою, оцушылардың түсінген не түсінбегенін, қабылдау деңгейлерін анықтау).

В.А.Кан-Каликтың зерттеуінше педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік даму динамикасы бар, ол түрлі сатылар бойынша іске асырылады.

1. Сабақты не іс-шараны өткізуге Дайындалу процесінде болатын
қарым-қатынасты жобалау сатысы {жоспаp құру, қарым-қатынастың
моделін құру);

2. Қарым-қатынасты тікелей ұштастыру сатысы (қарым-
қатынастың алғашқы кезеңі, «коммуникативтік шабуыл» жасау).

3. Қарым-қатынасты басқару сатысы (оқушылардың танымдық
іс-әрекеттерін басқару, ойларын жвтектеу, іс-әрекет түрлерін


ауыстырып отыру қарым-қатынасқа бөгет болып тұргған психологиялық кедергілерді азайту).

4. Педагогикалық қарым-қатынастың барысын және нәтижелерін талдау сатысы (қорытынды сатысы, кері байланыс арқылы қарым-қатынас нәтижесін бағалау, қарым-қатынастың тигімділік деңгейін анықтау).

Тәжірибеде бұл қарастырылып отырған педагогикалық қарым-қатынас сатыларының ұйымдастырылу ұзақтығы іс-әрекет мақсаты мен мазмұнына байланысты созылмалы немесе тым қысқа болуы мүмкін.

Педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімнің жалпы мәдениетінің бір қырын байқауға болады. Қарым-қатынас орнатуда мұғалім тек сөйлеуші емес сонымен қатар жақсы тыңдаушы да бола алуы керек. Мұғалімдердің өз шәкірттеріне үлкен құрметпен және сеніммен қараулары, оқу процесінде балалар жауабын тыңдауда оларды қолдап, құптап, олардың ойларына, жауаптарына ризашылығын білдіріп отырса, педагогикалық қарым-қатынас әсерлі де тиімді болып, табысты нәтижесін көп күттірмейтін болады.

Сондықтан әр болашақ мұғалім педагогикалық қарым-қатынас түрлерін, оны ұйымдастыру сатыларын, оның кәсіби іс-әрекеттегі маңызды ерекшеліктерін арнайы зерттеп үйренгені абзал.



Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
Тақырып 2.педагогикалық іс-әрекеттің ерекшелік сипаттамасы.
Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері.
Педагогикалық қарым-қатынас стильдері.
Мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруі.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу