Сабақтың әдістемелік қамтамасыз етілуі
Берілген тақырып бойынша студенттердің білімін тұрақтандыру үшін әртүрлі тәсілдер, педагогикалық әдістер қолданылды. Әртүрлі тәсілдерді ұштастыра отырып сабақ өткізу оқытушы студенттердің назарын өзіне аударуға толық мүмкіндік берді. Студенттердің белсенділігін анықтау үшін сұрақтар қойылды, іс-тәжірибемен байланысы көрсетілді.
Практикалық сабақ барысында оқытушы нақты жағдайларды сараптайтын интерактивті әдісті қолданды, сонымен қатар әр студенттің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп отырды.
Оқытудың интерактивті әдісін қолдану арқасында сабақ барысында барлық студент сабаққа қатысып отырды, осыдан практикалық жұмысты белсенді арқару үшін достық қарым-қатынас орнады.
Студенттердің белсенділіктерін арттыру үшін келесі тәсілдер қолданылды: а) проблемалы мәселелерді қою; б) кері байланыс болуы үшін болашақ мамандығымен байланысы.
Студенттерге талап етілетін деңгейде білім алулары үшін жаңа сабақты түсіндіру ауызша және көрнекі-демонстрациялық әдістермен жүргізілді.
Өткен тақырыпты тереңірек түсінулері үшін негізгі әдебиеттермен қоса қосымша әдебиеттер ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |