Педагогикалық психология


Жеке тұлғалық (индивидуальность)



бет13/21
Дата28.01.2018
өлшемі2,25 Mb.
#35423
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

Жеке тұлғалық (индивидуальность) – 1) жеке адамның қайталанбас, өзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Жеке тұлғалық темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцептивтік процестер мен зият санасында, қажеттіліктері мен қабілеттерінде көрінеді.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ертедегі грек ғалымдарыжеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген.

Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан да табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан емес, сонымен қатар, тарихи даму нәтижесінде де пайда болады. Адамның жалпы дамуында, осылайша, негізгі екі бағыт байқалады: биологиялық және әлеуметтік. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.

2. Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдары қолданылады. Даму табиғатқа, қоғамға, жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлға дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама-қайшылықтар күресі арқылы жүхеге асады.

Жеке тұлғаның дамуы – оның қасиеттері мен сапасындағы сандық және сапалық өзгерістер процесі (адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуы, танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюі).



Қалыптасу – бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру; жеке тұлғаның дамуының нәтижесі және оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттер мен сапаларға ие болуы. Бұл арада тұқымқуалаушылықтың мәні өте зор. Тұқымқуалаушылық – баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Ол екі түрге бөлінеді: жалпы адамзаттық (тік жүру, сана, ақыл, сезім мүшелерінің даму бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).

Жеке тұлғаның қалыптасуына қоршаған орта да әсер етеді, яғни адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Оның екі түрі бар: макро және микро. Макроорта – адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпарат құралдары). Микроорта – адамның ең жақын қарым-қатынас ортасы.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Тәрбие - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.

Тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортамен қатар тәрбие тұлға қалыптасуының үшінші факторы болып саналады. Тәрбиеде тұқымқуалаушылық, бейімділік пен қоршаған ортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбие-білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін жемісті ұйымдастырады. Тек тәрбие ғана жеке тұлға дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асырады, оның бейімділігі мен қабілеттілігін күшейтеді.



Әдебиет

  1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

  2. Котова И.Б., Шиянов Е.Н. Социализация и воспитание. – Ростов-на Дону. 1997.

  3. Мұханбетжанова Ә., Мұқанбетова Ш. Педагогиканың жалпы негіздері. Орал, 2005.

9 дәріс тақырыбы: Тұлғаның дамуындағы оқытудың ролі және оның әлеуметтенуі



Тірек ұғымдар: жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының факторлары, қозғаушы күштер, әлеуметтену.

Жоспар

1. Тұлға дамуындағы оқытудың орны.

2. Тұлғаны әлеуметтендіру және қалыптастыру факторлары.

1. Оқыту мен дамудың байланысын анықтау практикалық мәнді мәселе болып табылады. оны шешуден білім берудің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін таңдау жүзеге асырылады.

Оқыту – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп дайындаудың негізгі құралы. Оқыту процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүхеге асырылады. Нәтижесінде адамзат тәжірибесі меңгерілетін оқушының ішкі және сыртқы белсенділігін басқару процесі. Оқытуға сәйкес даму екіжақты түсіндіріледі: 1) мидың, оның анатомиялық-биологиялық құрылымының биологиялық-органикалық пісіп-жетілуі; 2) психикалық (ақыл-ойдың) дамуы.

Психологиялық-педагогикалық ғылымда оқыту мен дамудың өзара қатынасы үш тұрғыдан түсіндіріледі:

1. Оқыту мен даму жеке-жеке, бір-біріне бағынышты емес процестер (В.Штерн, Ж.Пиаже).

2. Оқыту мен даму – біртұтас процесс (Джеймс, Торндайк).

3. Оқыту мен даму бірге, оқыту дамудан кейін және оқыту дамудан бұрын жүретін процесс (Коффка және т.б.).

Осылайша, оқыту мен даму бір-бірімен өте тығыз байланыста: олар – біртұтас процесс. Оқытудан тыс даму жүрмейді.

Оқыту процесінде дамудың сипаты алынатын білім және оның ұйымдастырылуымен анықталады.

2. Адамның қоғаммен байланысы «әлеуметтену» ұғымымен белгіленеді. Әлеуметтену – бұл тұлғаның әлеуметтік жүйеге бейімделуі. Ол «бейімделу» ұғымымен байланысты. Бейімделу (адаптация; лат. adaptatio – бейімделу) – биологиялық термин, тірі ағзаның қоршаған ортаға бейімделуі. Осылайша, әлеуметтік және психологиялық бейімделу терминдері пайда болады. Оның нәтижесі – тұлғаның түрлі әлеуметтік ситуацияларға, микро- және макротоптарға бейімділігі. Бейімделу ұғымы көмегімен әлеуметтену былай түсіндіріледі: адамның әлеуметтік ортаға ену және оның мәдени, психологиялық және әлеуметтік факторларға бейімделу процесі.

Қоғам әлеуметтік құрылымдарын сақтап қалу мақсатында әлеуметтік стереотиптер мен стандарттарды (топтық, таптық, этникалық, кәсіби және т.б.), рольдік мінез-құлық үлгілерін қалыптастырады. Қоғамнан бөлектенбес үшін тұлға әлеуметтік ортаға, әлеуметтік байланыстар жүйесіне ену арқылы осы әлеуметтік тәжірибені меңгереді. Әлеуметтену бұнда әлеуметтік тәжірибені, құндылықтарды, нормаларды, ұстанымдарды меңгеру арқылы адамның қоғамға бейімделу және интеграциялану процесі.

Бірақ тұлға өзінің дербестігіне, автономиясына, жеке көзқарасының қалыптасуына, қайталанбас даралығына ие. Осыған сәйкес, әлеуметтену – бұл әлеуметтік байланыстар мен тәжірибені меңгерумен қатар жаңа, жеке дара тәжірибе туындайтын тұлғаның өзін-өзі дамыту және өзін-өзі іске асыру процесі.

Әлеуметтенудің мәні адаптация, интеграция, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі іске асыру процестерінде көрінеді.

Әлеуметтену – үздіксіз процесс. Ол өмір бойы жалғасады. Ол бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Ғылымда әлеуметтену кезеңдерін ажыратуда еңбектену іс-әрекетіне сүйенеді.

1. еңбекке дейінгі кезең, дүниеге келгеннен еңбектену қызметіне дейінгі уақытты қамтиды. Бұның өзі екі кезеңнен тұрады: ерте әлеуметтену – дүниеге келгеннен мектепке барғанға дейін; жастық шақтағы әлеуметтену – мектепте, техникумда, жоғары оқу орнында және т.б. білім алуы.



2. еңбектену кезеңі, адамның жетілуін қамтиды. Оның уақыты нақты белгіленбеген, себебі бұнда адамның бүкіл еңбектену жолы енеді.

3. еңбектенуден кейінгі кезең, егде шақта еңбек әрекеті тоқтаған кезде жүреді.

Әлеуметтену процесі барысында тұлға түрлі рольдерді орындайды. Оларды әлеуметтік рольдер деп атайды. Рольдердің көмегімен тұлға өзін көрсетуге, ашылуға мүмкіндігі бар.

Әлеуметтену факторлары - әлеуметтену процесі өтуіне қажет жағдайларды туғызатын шарттар. А.В.Мудрик әлеуметтенудің негігі факторларын үш топқа біріктіреді:

макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет), олар планетаның барлық тұрғындарының немесе белгілі бір елде өмір сүретін адамдардың үлкен тобының әлеуметтенуіне әсер етеді;

мезофакторлар (мезо – орташа, аралық) – ұлттық сипаты (этнос - әлеуметтену факторы), олар өмір сүретін жердің орны мен типі (аймақ, қала, ауыл); бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникацияның аудиториясына байланысты анықталатын адамдардың үлкен тобының әлеуметтену жағдайлары;

микрофакторлар – нақты адамдарға тікелей әсер етушілер – жанұя, жостары, микроортасы, әлеуметтік тәрбие жүргізілетін ұйымдар – оқу, кәсіби, қоғамдық және т.б.

Әдебиет


  1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

  2. Котова И.Б., Шиянов Е.Н. Социализация и воспитание. – Ростов-на Дону. 1997.

10 дәріс тақырыбы: Бала - тәрбиенің субъектісі ретінде



Тірек ұғымдар: тәрбие, тәрбие субъектісі, даму, тұқымқуалаушылық.

Жоспар

1. Субьект және жеке адам тұлғасының қалыптасуы.

2. Жеке тұлғаның ерекшелігі.

3. Орта және тұқымқуалаушылық.



1. Субъект (лат. subjectum – бастауыш) – болмысты тану мен өзгертудің көзі ретіндегі индивид немесе топ; белсенділікті жеткізуші.

Тұтас жеке адамда қоғамдық тұлға ретінде жеке адамның биологиялық белгілері мен ерекшеліктері ұштасады. Бұл белгілер бір-бірінен ажырағысыз және жеке адамға пәрменді түрде ықпал етеді. Алайда жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары анықтауыш қасиеттер болып табылады. Бұлардың жеке адам дене бөлшектерін, мінез-құлық өзгешеліктерін тежеумен жою үшін, сондай-ақ оңды қасиеттерін жетілдіру үшін қажыр-қайрат табады.

Жеке адам болу үшін психикалық дамудың белгілі дәрежесіне жету және басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар біртұтас тұлға болуы тиіс.

Өмір бойы, сондай-ақ даму мен тәрбие нәтижесінде жеке адамның орнығып жетілуін қалыптасу дейді.



Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, қарама-қайшы процесс. Ол өзіне ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсат, ұйымдасқан тәрбиені қамтиді. Жеке адамның қалыптасуы туу сәтінен басталады, жеткіншек және жасөсіпірм шақта айрықша интенсивті жүреді де, ересек болған кезде өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.

Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуніңі процесі, жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.

Жеке адамның, әсіресе балалық және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады.

Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның , ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез – қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.



2. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - оның өзіне тән мінез-құлықындағы, іс-әрекетіндегі көқарасындағы ерекшелігімен дараланады.

Қоғамдық тұлғаларға ортақ бірыңғай этикалық талаптардың болуына қарамстан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс.

Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп, қабылдауы да әртүрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына баланысты оның өмірге көзқаорасы , белгілі құбыыстарға баға берунде өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.

Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемдік, қабілеті бірдей емес.

Тұлға - жеке адманың мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік-жігерінің іске асуы, яғни , өзі жөніндегі ойын, еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асырғандығының нәтижесі, көрінісі.

Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру: екіншіден, адамзаттық өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өз-өзін тәрибелуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы 3 компонент тығыз бірлікте қызмет етеді.

Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әртүрлі пікірлер мен теориялар әдебиетте орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон мен Аристотель адамның дамуын, алдын-алудың белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді.

2. Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі - префомистер. Префомизм - ХҮІІІ ғасырда биология саласында үстемдік еткен. Адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым преформистер ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағында сәбидің ағасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады.

Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диелектикалық рпоцесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен тұсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттрі даму процесінде қалыптасады, өйткені оның өсіп-жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Баланың дамуы мен оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта, орта тәрбие және т. б. жатады.



Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастың елестетуі. Баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет-келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін-өзі ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүешелерін, жүйке жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Тұқым қуалаушылық жайлы ғылымды генетика деп атайды. Тұқым қуалаушылықты таратушы клеткалар ядросының дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) мен белоктан тұратын хромосомдары болады. Хромосомдардың өте уақ бөлшектері гендер ұрпаққа ата-аналардың жыныс клеткалары арқылы беріледі.

Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.

Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтарында ерекшеліктер байқалады.

Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлықының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттер дамып қалыптасады.

Педагогика адам дамытуда әлеуметтік ортаның ықпалын мойындамайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және алдын-ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.



Әдебиет.

  1. Возрастная и педагогическая психология/Под ред. А.В.Петровского. – М., 1984.

  2. Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации и перевоспитания трудных подростков. – А., 1994.

  3. Ковалев С.В. Подготовка старшекласников к семейной жизни. – М., 1992.

11 дәріс тақырыбы: Тұлға дамуының кезеңдерге бөлінуі

Мақсаты: тәрбиенің тұлға дамуындағы ролі, әлеуметтену және даму туралы түсінік қалыптастыру.

Тірек ұғымдар: әлеуметтену, акселерация, жас ерекшелік.

Жоспар

1. Тәрбиенің бала дамуында ролі.

2. Акселерация, оның әлеуметтік және педагогикалық мәні.

3. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белігіл кезеңдерге бөлінуі.

1. Тәрбиенің бала дамуында ролі. Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жас және дербсе ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне дайық іске асырылады. Тәрбие арқылы адамдарың іс-әрекеттерін ұйымдастырады.

Д.Локк (1632 -1704) тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады деп сыңаржақ пікір айтты. Локк бойынша, бала өмірге келгенде оның жаны сүттей ақ, судан таза, сондықтан тәрбиеші баладан өзіне керек адамды таңдап, жасап алады дейді. Бұл жерде Локк тәрбиенің ролін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың адам болудағы ролін онша бағаламады.

В.Г.Белинский (1811 -1848) революционер-демократ баланың жаны таза тақтай емес, тақта да саплы, жазу да әдемі облу керек деді. Белинский тәрбиенің ролін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның да әсерін ескерген жөн деді.

Локк т. б. көзқарастары бойынша, тәрбие арқылы адамдарды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертіп, жөндеуге болады. деген жорамал ойға келді.

Тәрбие осылай бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да тәрбие баланы қалыптастырудағы негізгі күш.

2. Акселерация, оның әлеуметтік және педагогикалық мәні. Адамның өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады. Ал бұл заңдылық әр балада әр қалай болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін білу қажет.

Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6 -10жас), тоғыз жылдық (10 – 15жас), орта мектеп оқушылары (15 – 17 – 18жас) болып үшке бөлінеді. Баланың денесінің өсіп-жетілуінің негізгі көрсеткіштері баланың өсімталдығы, салмағынығ артуы, бұлшық еттерінің шынығуы, кеңейіп ұлғаюы, әр жас екзеңде түрлі өзгерсітерге түседі. Өсіп дамып келе жатқан баланың ағхасында болатын барлық өзгерістерді жүйке жүйесі мен секреция бездерінің қызметі реттеп отырады. Балаладың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған күрделі өзгерістердің бірі ағзаның жедел дамуы. Бұл құбылыстардың акселерация (лат. Жеделдеу) деп аталады. Акселерация құбылысы тұрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары қисыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Осындай тез өсетін ағзаға жүрек-тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да, өз міндеттерін атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу деңгейі артта қалады. Сондықтан ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің борышын, ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне білмейді. Осы мәселені ата-аналар, мұғалімер ескеріп отыруы қажет. Осыған байланысты кейбір мәселелерді мектеп жиһаздарына, сырт және аяқ киімдерінің үлгілері, дене шынықтыру және жаттықтыру коплекстерінің қайта қарау т. б. шешіледі. Акселерация ақыл-ой дамуына ықпал жасайтындығы байқалуда. Сонымен адамның дамуы, онымен бірге өзара байланысты бірнеше факторлар ықпал жасайтынкүрделі педагогикалық-психологиялық процесс болып табылады.



3. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белігіл кезеңдерге бөлінуі. Сана-сезімнің , дене күш қуаының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Адамдар өмірде көп сүрген сайын - бойлары өсіп, денелері дамып, ақыл-саналары дамып, білімдері нығая бастады. Балалардың жас ерекшелігін есепке ал, оқытумен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі.

Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің схемасында, яғни, туған баладан бастап, жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олар сатыдан тұрады:

1. Жаңа туған бала (1 – 2 ай)

2. Нәрестелік шақ (2 айдан 1 жылға дейін)

3. Ерте сәбилік шақ (1 – 3 жас аралығы)

4. Мектепке дейінгі балалық шақ (4 – 7 жас аралығы)

5. Бастауыш мектеп жасы (7 – 11 - 12 жас аралығы)

6. Жеткіншек шақ (11 – 12, 14 – 15 жас аралығы)

7. Жасөспірімдік шақ (15 – 17 жас аралығы)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Бала тәрбиесі жөніндегі ойшылдардың пікірлері.

2. Акселерация деген не?

3. Оның әлеуметтік және педагогикалық мәні неде?

4. Жас ерекшелігі дегеніміз не?

5. Жас ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

Әдебиет.


  1. Возрастная и педагогическая психология/Под ред. А.В.Петровского. – М., 1984.

  2. Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации и перевоспитания трудных подростков. – А., 1994.

  3. Ковалев С.В. Подготовка старшекласников к семейной жизни. – М., 1992.

  4. Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии. – М., 1972.

  5. Щербаков А.И. Психологические основы формирования личности. – М., 1967.

  6. Эльконин А.Б. Возрастные и индивидуальные особенности младших подростков. – М., 1974.

  7. Юсупов И.М. Психология взаимопонимания. – М., 1980.

12 дәріс сағаты: Мектепке дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері

Тірек ұғымдар: жеке тұлға, жас мөлшері, жеке ерекшеліктер.

Жоспар

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы.

  2. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері.


1. Адамның мектепке дейінгі кезінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез-құлқы ерекшеленеді.

Мектепке дейінгі балалық шақта жас баланың 4-7 жас аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасында болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезгендерін зердесіне хаттай жазып ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да өсіп отырады. Баланың 4 жастағы салмағы 15-16 кг, ал бойы 100 см болса, 5 жастағы салмағы 17-18 кг, бойы 106-107 см болады.



2. 4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Әжептәуір санамақтарды игеріп, аз және көп сандарды айдың, күннің, жылдың мезгілдерін айыратын халге жетеді. бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. баланың мектепке 6-7 жасында баруы негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсіндіріледі. Дендері сау болып дүниеге келеген балалар қашан да алғыр, зерек, ұғымтал болып келеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап, қабылдауға бейімделеді. жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайды.

Мектепке дейінгі тәрбие – жалпы педагогиканың бір саласы. Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту туралы және оның негізгі заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бұл кезеңде баланың дамуы тез, үдемелі болғандықтан, әлсіз де нәзік, кінәшіл болып келеді. Бала осы шақта сөйлеуді меңгереді.

Бұл кездегі бала тәрбие мен қоғамның, ортаның ықпалын қабылдағыш, тез әсерленгіш, ми қатпарлары шартты байланыстардың шапшаң құрылуына қабілетті болады да, тұрақтанады, орталық жүйке жүйесі икемді болып келеді. Адамдардың тіршілігі, айнал табиғат туралы алғашқы түсініктері дамиды.

Мектепке дейінгі тәрбиенің жалпы міндеті – дене, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбиенің тұтастығын қамтамасыз ету. Осы кезде игерген баланың рухани байлығы өмір бойына із қалдырып, оның дұрыс дамуына негіз болады.

Баланың ішкі әсерленуіне тұқымқуалаушылық жолымен ауысқан әр балаға тән табиғи қасиеттері жүйке жүйесінің даму дәрежесімен, типі, темпераменті мен дене даму ерекшелегіне ықпал етеді. Баланың дұрыс дамуына тиімді тәрбиелік басшылық пен жағдай қажет. Оған дұрыс жасалған күн тәртібін сақтау, ағзаны нәрлі тамақпен қамтамсыз ету, олардың іс-әркетін ұйымдастыру, оқыту, үйрету, тәрбиелеу енеді. Бала әрекетінің негізгі түрі ойын болып табылады. Ойын үстінде баланың ой-өрісі кеңейеді, ақыл-ойы дамиды, мінез белгілері мен адамгершілік қасиеттері қалыптаса бастайды. Еңбек әркеті де ұйымдастырылуы тиіс: өз бетімен тамақтануы, киінуі, ойыншықтарын орнына қоюы, үй шаруашылығына көмек беруі. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде балабақшаның маңызы үлкен.

Әдебиет


  1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

  2. Возрастная и педагогическая психология/Под ред. А.В.Петровского. – М., 1984.

  3. Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации и перевоспитания трудных подростков. – А., 1994.

13 дәріс тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы балаларды дамыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет