Педагогикалық психология


ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



бет11/21
Дата28.01.2018
өлшемі2,25 Mb.
#35423
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
1 дәріс тақырыбы: Педагогикалық психологияның ғылым ретіндегі жалпы түсінігі

Мақсаты: педагогика ғылымы туралы түсінікті қалыптастыру.

Тірек ұғымдар: педагогика, білім беру, теория, концепция, халық педагогикасы, обьект.

Жоспар

  1. Педагогика жайында жалпы түсінік.

  2. Педагогика ғылымының обьектісі және пәні.

  3. Педагогика - тәрбие жайындағы ғылым.

1. Педагогика өз атауын гректің «пайдагогос» (пайда-бала, гогос-жетектеймін) сөзінен алған. Ол баланы жетектеуші деген мағынаны берген еді. Ежелгі Грецияда бұл сөз өзінің тікелей мағынасында қолданылған болатын. Ең алғаш педагогтар деп қожайындардың баласын мектепке апарып-әкелетін құлдарды атаған. Кейін педагогтар деп балаларды үйрету, тәрбиелеу және оқытумен айналысатын адамдарды атады.

Әрбір адам тәжірибе негізінде белгілі бір педагогикалық білімдерді жинақтайды, түрлі педагогикалық құбылыстар арасында байланыстарды орнықтырады. Осылайша, алғашқы қауым адамдары балаларды тәрбиелеуде белгілі бір білімге ие болған. Ол ұрпақтан-ұрпаққа салт-дәстүр, ойын, ережелер түрінде жеткізіліп отырған. Бұл білім мақал-мәтелдерде, аңыз-әңгімелерде, ертегілерде сақталған, ол халық педегогикасының мазмұнын құрайды.

2. Ғылым – білім негіздері, негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы. Ғылым табиғат, қоғам, ой жүйесі туралы жаңа білімдерді жасауға бағытталады.

Ғылыми зерттеу – жаңа біліммен қаруландыру процесі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің түрі. Ғылыми зерттеудің үш деңгейі сараланады: эмпирикалық - ғылымда жаңа фактілер белгіленеді, теориялық – бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың дамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы заңдылықтар ұсынылып қалыптастырылады; әдістемелік-тәжірибелік зерттеулер негізінде құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптасады.

Педагогиканы зерттеуде ғалымдар үш тұжырымдама тұрғысынан қарайды.

Бірінші тұжырымдама өкілдерінің айтуынша, педегогика- адам жайындағы білімнің пән аралық саласы. Бірақ бұнда педагогика дербес теориялық ғылым ретінде танылмайды.

Келесі ғылымдар педагогиканың қолданбалы ғылым ретіндегі ролін анықтайды. Онда педегогиканың басты функциясы білім беру мен тәрбиелеу салаларында пайда болатын міндеттерді шешуде басқа ғылымдардан (психология, жаратылыстану, әлеуметтану және т.б.) алынған білімді сол жағдайларға бейімдеп қолдану болып табылады.

Бұл тұжырымдаманы жақтаушыларда педагогиканың өз пәнінің болуын, яғни жеке теориялық білімнің болуын жоққа шығарады. Педагогикадан басқа ғылымдар педагогикалық шындықты тұтастай және арнайы зерттеумен айналыспайды.

Үшінші тұжырымдама бойынша педагогика - жеке зерттеу обьектісі мен пәніне ие дербес ғылым.



Ғылымның обьектісі – бұл ғылым зерттейтін ақиқат шындықтың саласы.

Педегогика ғылымының обьектісі – білім беру (тәрбие). Сондықтан педагогиканың обьектісі ретінде адам индивидтің дамуын қамтамасыз ететін құбылыстарды білім беру деп атайды. Ол педагогика зерттейтін обьективті өмірдің бөлігі.

Білім беруді тек педагогика ғана емес, сонымен қатар философия, әлеуметтану, психология, экономика және т.б. зерттейді. Мысалы, экономист жұмысшылардың шынайы мүмкіншілік деңгейін зерттей отырып, оларды дайындауға қажетті шығынды есептейді. Әлеуметтанушы білім беру жүйесінің адамды әлеуметтік ортаға бейімделуге, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына көмектесуге дайындайтынын білгісі келсе, философ білім берудің жалпы өмірдегі мақсаты ,орны жайындағы мәселелерді қарастырады. Психолог білім берудің психологиялық жақтарын зерттейді. Саясаттанушы мемлекеттік білім саясатының тиімділігін анықтауға бағытталады.

Бұл ғылымдардың білім беруде, зерттеуде тигізер көмегі өте зор болғанмен , олардың біреуіде адам дамуымен өсуі, осы қарым-қатынасқа түсу процестерімен байланысты білім берудің мәндік аспектілерін қарастырмайды. Осы аспектілерді зерттеу білім берудің белгілі саласы-пәні ретінде танылады.

Педагогиканың пәні – арнайы әлеуметтік институттарда (жанұяда, білім беру, мәдени, тәрбиелеу орталықтары) ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Осы мағынада, педагогика-адам дамуының факторы және құралы болып табылатын педагогикалық процестің мәнін,заңдылықтарын, дамуын зерттейтін ғылым.

Осы негізде педагогика педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориясы мен технологиясын жасайды.



3. Педагогика ғылымына қазіргі кезеңге, жаңа техника, жаңа құрылыс, жаңа заман талабына сай өзгертуге болады жэне өзгерту керек деген пікір айтылып жүр. Бұл педагогиканы жаңа бағытта - адамды жан-жақты және жарасымды тәрбиелеу мақсатында - жаңа жолдар енгізу.

Педагогика ғылымы әуел бастан бала тәрбиесі деген ұғымды білдірсе, қазір ол бүкіл адамзат тәрбиесін өз міндетіне алып отыр. Тиімді тәсілдер, әдістер, танымдық жұмыстар қолданудың түпкі нәтижесі: адамға тәрбиенің мәнін, сәнін, мазмүнын түсіндіру және үйрету.

Қазіргі ізгілендіру және демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттерінің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істейтін жеке адам қажет. Ондай адамды орта және жоғары оқу орындары дайндайды. тұжырымдамаларының маңызы өте зор. Олардың бірі - Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы, екіншісі - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңес бекіткен "Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы".

Сонымен, халыққа білім беру жүйесіне еңбекті ғылыми ұйымдастыруды кеңінен енгізудің барынша мүмкіншілігі және қажеттілігі арта бермек.



Әдебиеттер.

1. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания.-М..;1977. 2. Ананьев Б.Г. О человеке как обьекте и субьекте воспитания.// Ананьев Б.Г.

Избр.психол труды: В 2т.-СПб., 1999.-т.2.

3. Гессен С.И. Основы педагогики: Введение в прикладную философию.-М.,1995
2 дәріс тақырыбы: Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде

Мақсаты: Педагогика ғылымының негізгі категориялары, алатын орны туралы түсінік қалыптастыру.

Тірек ұғымдар: педагогиканың категориялары, категориялық аппарат, ұғым, тәрбие, білім беру, оқыту, жүйе.

Жоспар

1. Педагогиканың ұғымдық аппараты.

2. Педагогика ғылымы мен практиканың байланысы.

3. Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны.

4. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.

1. Педагогика пәнін және оның зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық:

Педагогиканың болмыс ұғымдарына тәрбие, білім беру, оқыту жатады. Ұғымдар - объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы.

Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын көреміз. Педагогикада "мақсат", "құрал", "тәсіл", "даму" және қалыптасу" сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ олар барлық ғалымдарға ортақ ұғымдар. Біз оларға тоқталмай оқу, тәрбие тақырыптарына сәйкес қарастырамыз.

Педагогика ұғымдарының бірі - тәрбие. Тәрбие - қоғамның негізгі жеке адамды мақсатты жүйелі қалыптастыру принципі больш табылады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіңдірушілерде бар. Бұл жағдайда бала пассивті обьект түріңде қарастырылады. Ол субъекті бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс - әрекет жасау рөлін атқармайды.

Педагогика ғылымы тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырьш түсіңдіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, оңда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспас еді. "Тәрбие" термині әрдайым тар мағынада, "тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада "өмір тәрбиелейді" деп қолданьш келеді. Оның тәрбие жайындағы жалпы ұғымды анықтауда зор мәні бар.

Тар мағынада, тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине тәрбие жұмыстарымен бір ғана мұғалім және ата-аналар шұғылданып қоймайды. Тәрбие - көптің ісі. Сондықтан тәрбие мәселелерімен кәсіподақ ұйымдары қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық больш айналысады. Олай болса, тәрбиені кең мағынада табиғат және әлеуметтік органың, мектеп пен ата - аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсіну керек.

Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбиенің құрамды бөліктері -білім беру мен оқыту орындары бөлшектеніп, жеке мағына бере бастайды.

Білім беру ұғымын ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци. Білім беру - табиғат және қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінен жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Мысалы, орта ғасырларда санай және оқи білетін адамды білімі бар деп есептеген. Казіргі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру дәуірінде білім беру ғылыми - техникалық үдеудің құдіретті факторы больш отыр. Білім беру өте күрделі ұғым, педагогикалық ғылым тұрғысынан түсіңдірудің әр турлі мәні бар. Егер әңгіме білім берудің сатылары жөніңде айтылса, оңда бастауыш, тоғыз жылдық, орта және жоғары білім беру ұғымдары пайдаланылады. Ал білім беру мамандыққа байланысты сөз етілсе, оңда педагогикалық, ауылшаруашылық т.б. осы сияқты ғылымдар қолданылады. Ал, білім беру мамаңдыққа байланысты сөз егілсе, онда педагогикалық медициналық, ауыл шаруашылық т.б. осы сияқты ұғымдар қолданылады. Бұл ұғымдардың бір жағынан, бір - бірімен ұштасьш жататын табиғи байланысы болады. Халыққа білім беру негізі - жалпы орта білім. Жастардың орта және жоғары дәрежесі мамандыққа ие болу немесе өңдірісте нәтижелі еңбек етуі орта білім алуға байланысты.

Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері - соңдықтан да ол екі жақты біртекті процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міңдеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірге қолданады.

Педагогика тәрбие, білім беру ұғымдары бірыңғай және тұтас процесс болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады. Олай болса, оқытудың білім беру және тәрбилік мәні бар. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Мысалы, әдебиет сабағында шығарма кейіпкерлерінің патриоттық ерлігін мазмұңдау арқылы білім бере отырып, мұғалім оқушыларды қарсы өшпенділікке тәрбиелейді. Химия сабақтарыңда оқушылар химиялық заңдар, факторлар, теориялар жөніңде ғылымның негізі мен қаруланады. Халық шаруашылығының, маңызды салаларында химияны қолданумен танысады. Осыған орай, мұғалім оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарын қалыптастырады, халқына берілгеңдік рухына тәрбиелеуге көмектеседі.



2. Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуымен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді. Практика үшін педагогика ғылымы педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады.

3. Жүйе – элементтердің жиынтығы, олар белгілі бір тұтастық, бірлік құратын бір-бірімен қатынаста және байланыста болады.

Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, коррекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. дербес бөліне бастады.

Жалпы педагогика педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогикасы (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анатомиялық және жизиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшеліктерін зерттейді.

Кәсіби-техникалық, арнаулы орта, жоғары білім беру педагогикасы жұмысшы кадрларды кәсіби және әртүрлі деңгейде мамандарды даярлаудағы педагогикалық процестің заңдылықтарын зерттейді.

Коррекциялық педагогика (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия) дене дамуында кейбір ауытқушылықтар (есту, көру, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеумен айналысады.

Салыстырмалы педагогика әрбір елдегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді.

Салалық педагогика (жалпы, әскери, өндірістік,еңбекпен түзету, сауықтыру, педагогикалық, психологиялық ) түллі еңбек және өмір салаларында адамдарды тәрбиелеу, дамыту заңдылықтарын зерттейді.

Педагогика тарихы – адамзат тарихында педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.



4. Педагогика саласындағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытта болғандықтан педагогика гуманитарлық білімдер жүйесімен байланыста болады.

Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдер, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамыды.

Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын түбегейлі зерттейді. Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология психикалық процесті және адамның дербес ерекшіліктерін, демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейді. Педагогика мен психология ғылымдарының зерттейтін объектісі - адам. Педагогикалық нақты мәселерді зерттеп, жинақтауға әлеуметтану ғылымының маңызы зор. Әлеуметтану ғылымы әлеуметтік ортаның ықпалын, арасындағы әлеуметтік қатынасты қарастырады. Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Педагогиканың да, психологияның да табиғи ғылыми негізі физиология болып саналады. Ол негізгі нерв және психикалық процестері өтуінің педагогикалық мән-жайын неғұрылым терең зерттеу үшін негізі болып келеді. Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдаланады. Бұл күрделі машиналардағы, тірі организмдегі және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылықтарын зерттейді.

Әдебиеттер.

1. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания.-М..;1977. 2. Ананьев Б.Г. О человеке как обьекте и субьекте воспитания.// Ананьев Б.Г.

Избр.психол труды: В 2т.-СПб., 1999.-т.2.

3. Гессен С.И. Основы педагогики: Введение в прикладную философию.-М.,1995
3 дәріс тақырыбы: Педагогиканың әдіснамалық негіздері

Мақсаты: Педагогика ғылымының зерттеу әдіснамасы, әдістері туралы түсінік қалыптастыру.

Тірек ұғымдар: әдіснама, әдіснамалық негіз.

Жоспар

1. Педагогикалық зертеудің әдіснамасы.

2. Педагогиканың әдіснамалық негіздері.

1. Әдіснама (методология; грек. мethodos – зерттеу жолы, теория, ілім және ,,,, логия) – 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педпгогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші педагогиканың нәтижеге жетуі оның ғылыми-құрал жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; 3) дүниенің, қоғамның обьективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.

Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттелетін обьекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі; ғылыми әдістің негізгі мақсаты - обьективтік ақиқатты ашу. Әдіснаманың негізіне белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты. Теория - обьективтік шындықтың идеялық бейнесі.



Педагогика ғылымының әдіснамасы – қоғамның даму жағдайында үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық шындықты шынайы, дұрыс көрсететін білімді табудың ыңғайы мен тәсілдері туралы қағидалардың, педагогикалық теорияның негіздері және құрылымы, бастапқы қағидалары туралы білімдер жүйесі.

Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім. Бұл нақты философиялық жүйемен байланысты. Ғылым әдіснаманың негізін Гегель салған. Әдіснаманы меңгеру арқылы дүниетанымдық көзқарас, ұстаным қолданылды, ол кейін зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғышарттар негізінде жасалады.

Кез-келген әдіснама реттеуші, нормалаушы қызметін атқарады. Әдіснамалық білім дескриптивті (бейелеуші) және прескриптивті (нормалаушы) формаларда көрінеді.

Дескриптивті әдіснама – ғылыми білімнің құрылымы, ғылыми танымның заңдылықтары жайындағы ілім. Ол зерттеу процесінде бағыттаушы ретінде қолданылады. Прескриптивті әдіснама іс-әрекетті реттеуге бағытталған.

Әдіснамалық білім құрылымы 4 деңгейден тұрады:

1) Фиолсофиялық деңгейде ғылым танымның жалпы принциптері мен ғылымның ұғымдық аппараты жинақталған.

2) Жалпығылымилық деңгей – бірнеше ғылыми пәндерде қолданылатын теориялық концепциялар.

3) Нақты-ғылымилық деңгейінде арнайы ғылымда қолданылатын зерттеу әдістерінің принциптері мен іс-шаралардың жиынтығы көрсетілген;

4)Технологиялық – зерттеу әдістемесі мен техникасы.

Әдіснаманың барлық деңгейлері күрделі жүйені құрайды. Бұнда философиялық деңгей әдіснамалық білімнің мазмұнды негізі ретінде танылады.



Әдебиеттер.

1. Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований. - М.,1982.

2. Введение в научное исследование по педагогике/Под.ред. В.И. Журавлева., М.1998.

4 дәріс тақырыбы: Педагогиканың аксиологиялық негіздері



Тірек ұғымдар: аксиология, аксиологиялық әдіснама, құндылық.

Жоспар

1. Педагогиканың жаңа әдіснамасы

2. Аксиологиялық әдіснамаға сипаттама.

3. Педагогикалық құндылықтар жайындағы ұғым.



1. Білім берудің дамуы білім беру философиясының дамуы мен оның педагогикалық теория мен практикаға енгізілуіне тікелей бағынышты. Қазіргі европалық мектеп пен білім беру Я.А.Коменский, И.Г. Песталоцци, Ф.Фребель, И.Г.Гербарт, Ф.А. Дистервег, Дж. Дьюи және т.б. классиктер түйіндеген философиялық және педагогикалық идеялардың әсерінен қалыптасқан. Олардың идеялары ХІХ-ХХғғ. Дамыған білім берудің классикалық моделі негізінде жатыр.

ХХғ. І-ші жартысында Қазақстан, сол кездегі Кеңес Одағы педагогикасында бүгінгі күні өз мәні мен маңызын жойып алған иеялар негіз ретінде танылды. Олар қазір сынға алынған. Осы идеялар ішінде білімді адам идеялының түсіндірмесі де бар. Білімді – бұл білімді білетін және қолдана алатын адам. Білімділік парадигма білім берудің мазмұнын ғылым негіздері жайындағы білім дегенге саяды. Оқу пәндерін құру тәсілі бұнда білімді біртіндеп жинақтау. Оқытудың басты формасы – сынып сабақ жүйесі.

1960-шы жылдан бастап отандық мәдениетке (басқа адамның пікірін түсінуі, есепке алу қажеттілігі,тұлғаны, оның құқын құрметтеу) диолог, ынтымақтастық, біріккен іс-әрекет енгізілді. Осыған байланысты классикалық білім беру жүйесі қоғам мен өндіріс талаптарына сәйкес келмей қалды. Жаңа педагогика мен білім беру процесін қайта құру үшін философиялық педагогикалық идеяларға қажеттілік туындайды.

Қазіргі педагогика ғылымының басты бағыты – оның көзқарас негіздеріне бағытталуы, тұлға құндылығына қайта оралуы. Педагогика мен практиканың адамға, оны дамытуға, гуманистік дәстүрді қайта жаңғыртуға бағытталуы - өмірлік мақсат ретінде танылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін педагогиканың әдіснамасы болып табылатын білім берудің гуманистік философиясын дайындау қажет.

Осыған сәйкес, педагогиканың әдіснамасы – бұл білім беру философиясының гуманистік мәнін белгілейтін педагогикалық таным мен ақиқат шындықты өзгерту жайындағы теориялық қағидалардың жиынтығы.

2. Адам әрдайым болып жатқан құбылыстарды дүниетанымды бағалауға (саяси, құлықтық, эстетикалық және т.б.), міндет қоюға, шешімін іздеп, табуға, оны жүзеге асыруға мәжбүр. Адамның қоршаған ортаға (қоғамға, табиғатқа,өзіне) көз-қарасы екі жақты белгіленеді: практикалық және теориялық. Практикалық және теориялық көзқарастардың байланысын аксиологиялық (грек. Axia - құндылық және logos - ғылым), немесе құндылықты тұрғы жүзеге асырады, ол, бір жағынан құбылыстарды зерттесе, екінші жағынан қоғамды гуманизациялау (ізгілендіру) міндетін атқарады.

Аксиологиялық тұрғының мәні аксиологиялық принциптер жүйесі арқылы көрсетіледі:



  • Біртұтас гуманистік құндылықтар жүйесінде олардың мәдени және этникалық ерекшеліктерін сақтай отырып, философиялық көз-қарастардың теңдігі;

  • Дәстүр мен шығармашылықтың бірмәнділігі принципі, өткен ғылым мен тәжірибені зерттеу мен қолдану және рухани баюдың мүмкіншілігінің қажеттілігін тану принципі.

  • Адамдардың экзистенциалдық теңдігі, принципі, құндылықтар жайындағы жарыссөздерден әлеуметтік мәдени прагматизмге көшу принципі.

Осы әдіснамаға сәйкес, педагогиканың гуманистік мәнін анықтау міндеті қойылады.

3. Педагогикалық аксиологияның мәні педагогикалық қызметтің спецификасымен, оның әлеуметтік ролі мен тұлғаны қаруландырушы мүмкіншіліктерімен анықталады. Педагогикалық құндылықтар – педагогикалық қызметтің ерекшеліктері. Олар ғоғамдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қарым-қатынастар негізінде қалыптасады.

Педагогикалық қатынастар – педагогикалық қызметті реттеуші және танымдық – іс-әрекеттік жүйе ретінде танылатын нормалар. Олар тарихи тұрғыдан қалыптасып, педагогикалық ғылымда қоғамдық сананың формасы ретіндегі спецификалық бейнелер мен түсініктер түрінде есепке алынады. Педагогикалық құндылықтарды меңгеру педагогикалық қызметте жүзеге асырылады. Қатынастардың қалыптасуы педагогтың тұлғалық- кәсіби дамуының көрсеткіші болып саналады.

Өмір жағдайларының өзгеруіне, қоғам мен тұлға қажеттіліктерінің дамуына байланысты педагогикалық қатынастар да өзгереді. Педагогикалық қатынастардың көптігі олардың жіктеу және реттеу қажеттілігін тудырады. Олар өмір сүру деңгейіне сәйкес тұлғалық, топтық және әлеуметтік-педагогикалық қатынастарға ажыратылады.

Аксиологиялық «Мен» құндылықты бағдарлар жүйесі ретінде оның ішкі дүниесін құрайтын когнетивті және эмоционалды-еріктік компоненттерден тұрады.

Онда әлеуметтік–педагогикалық қатынастармен қатар кәсіби топтық қатынастар жинақталған. Олар педагогикалық қатынастар жүйесінің негізі болып табылады. Бұл жүйеге:


  • тұлғаның әлеуметтік және кәсіби ортада өзінің орнын бекітумен байланысты қатынастар (педагог еңбегінің қоғамдық маңызы, педагогикалық қызметтің абыройы, ортаның педагог мамандығын құрметтеуі және т.б.);

  • қарым-қатынас қажеттілігін өтейтін және оның аумағын кеңейтетін қатынастар (балалармен, әріптестермен, басшылармен қарым-қатынас орнатуы, балаларға махаббаты мен сүйіспеншілігі, рухани қатынастармен алмасуы және т.б.);

  • шығармашылық даралығын дамытуға бағыттайтын қатынастар (кәсіби-шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіншілігі, әлеуметтік мәдениетке енуі, сүйікті ісімен айналысуы, өзін-өзі әрдайым жетілдіруі және т.б.);

  • өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қатынастар (педагог еңбегінің шығармашылық, өзгермелі сипаты, педагогикалық мамандықтың романтикасы мен қызықтығы, балаларға көмек беру мүмкіндігі және т.б.);

  • прагматикалық қажеттіліктері қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қатынастар (мемлекеттік қызметке ие болу,еңбек ақысы,демалыс күндерінің ұзақтығы, қызметте өсу және т.б.).

Педагогикалық құндылықтар гуманистік табиғаты мен мәнімен ерекшеленеді.

Әдебиеттер.

1. Гинецинский В.И. Основы теоретической педагогики. - СПб, 1992.

2. Исаев И.Ф.,Ситникова М.И. Творческая самореализация учителя: Культурологический подход. - Белгород.,1999.

3. Лихачев Б.Т. Введение в теорию воспитательных ценностей.- Самара., 1998.

4.Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. - М., 2004.

5 дәріс тақырыбы: Әдістер жүйесі және ғылыми педагогикалық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет