Педагогикалық психология



бет19/21
Дата28.01.2018
өлшемі2,25 Mb.
#35423
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Әңгіме (беседа) тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір алысуға екі жақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Әңгіме мақсаты - оқушыларда адамгершілік түсініктерін тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және нақтылап орнықтыру, адамгершілік көзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру.

Әңгіменің нәтижелігі бірнеше маңызды шарттарға байланысты:



  • Әңгіменің проблемалы болғаны маңызды. Тәрбиеші шәкірттерін үйреншікті емес сұрақтар қоюға ынталандырады, сол сұраққа жауапты оқушылардың өздерінің табуына көмектеседі.

  • Әңгіме алдын-ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған даяр сценарий бойынша өтпеуі тиіс. Оқушыларға өз ойларын баяндауға мүмкіндік беру қажет, оларды басқалар ойларын сыйлауға, оған дұрыс көзқарас нышанымен қарауға үйрету керек.

  • Әңгімені дәріске айналдыруға болмайды.

  • Әңгіме құралдары тәрбиеленушілердің эмоционалды тәжірибесіне жақын болғаны абзал.

  • Әңгіме кезінде барлық көзқарастар мен пікірлерді анықтап, оларды салыстыра білудің маңызы зор.

  • Әңгімеге дұрыс жетекшілік - тәрбиелеушінің оңды шешімге өз бетімен келуіне арқау.

Пікірталас - бұл жоғары сынып оқушыларының пайымдауын (пікір айтуын), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша оқушы өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді.Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа мұғалім де, оқушылар да дайындалады. Оның тақырыбы және сұрақтары күні бұрын хабарландырылады.

Пікірталас оқушыларды қателіктер мен жалған көзқарастармен күресуге үйретеді. Пікірталастың құндылығы сонда, ол оқушылардың ойлану сезімін оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді. Пікірталастың соңында басқарушы оқушылардың жауабын жинақтайды, талдайды, баға береді, қорытады.

Өнеге - өте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс мына заңдылыққа негізделеді: көру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді. Сонымен бірге кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты ғалымдарды, саяси майталмандарды т.б. өнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие. Өнегенің психологиялық негізі - еліктеу. Оның арқасында адамдар әлеуметтік және адамгершілік тәжірибе жинақтайды.

Айта кету керек, тәрбиешінің өз өнегесін, тәрбиеленушілерге қатынасын, іскерлік қасиеттерін, жеке басының қадірін мысал етуі тәрбиенің дұрыс жүргізілуіне әсерін тигізеді. Тәрбиеші өз тұлғасымен, қадір-қасиетімен жүйелі және бірізді әрекет жасаса, өзін өнеге етудің оңды әсері ұлғая түседі.



3. Тұлғаның тәрбиелілігін тек қана сөзі емес, сонымен бірге істеген ісі, қылығы сипаттайды. Тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік жағдаят, тапсырма.

Талап - мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар. Ынталандыру функциясы - бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу - басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.

Қойылу формасына қарай талаптар мынадай болып бөлінеді: 1) тікелей талап (жеке, нақты, дәл, түсінікті); 2) қосымша (кеңес, өтініш, сенім, қолдау т.б.); 3) талап - кеңес; 4) ойын түріндегі талап; 5) сенім арқылы талап; 6) талап-өтініш; 7) талап-ишара; 8) талап-қуаттау; 9) позитивті (жағымды) және негативті (жағымсыз, мысалы қорқыту).

Қоғамдық пікір - бұл ұжымдық талаптың бейнелеуі, ал талап - нақты міндет, оны іс-әрекеті процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі - бұл қоғамдық пікір, ұжымының еркі және күші. Ұжым тәрбие субъектісі, педагогтың тірегі.

Үйрету, жаттықтыру - бұл мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т.б.

Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайылық (инабаттылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру әдісі.

Жаттықтыру әдісі - бұл әр түрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің ұжымының мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез-келген тәрбиелік шараларды мезгілінде бастау оқушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Оқушылардың өндірістік бригадалары, шефке алу жұмыстары оқушыларды борыштық сезімге, жауапкершілікке жаттықтырады.

Үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау көрсету, машықтандыру, тапсырма.

Жаттығу нәтижесінің ұтымды болуы мына жағдайларға байланысты: 1) жаттығулар жүйесі; 2) оның мазмұнына; 3) жаттығулардың мүмкіндікке сай болуына; 4) көлеміне; 5) қайталау жиілілігіне; 6) бақылау мен түзетуге; 7) тәрбиеленушінің өзіндік ерекшелігіне; 8) топтық, жеке және ұжымдық жаттығулардың үйлесімділігіне; 9) жаттығудың мотивтік негізіне және ынталандыру істеріне.

Тәрбиелеуші ситуация жеке адамның жағымды әрекеттерінің және қылықтарының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер және тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып, мектеп біріншілігіне жарыс ұйымдастыру топқа, ұжымға және оқушыға (мектепті көгалдандыру, сыныпты, дем алатын орындарды дайындау, яғни безендіру т.б.) тапсырма беру тәрбиелеуші ситуацияда іске асырылады.

Өз еркімен таңдау ситуациясының тәрбиелік мәні өте зор. Мысалы, екінші адамға тұрып орын беру немесе үндемей қалу, шынын айту, немесе жалған сөйлеу т.б. Мұндай ситуацияларда балалар көп ойланады, толғанады.

Әдебиет.


  1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

  2. Бабанский Ю. Педагогика. М., 1988.

  3. Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. А., 1987.

  4. Ильина Т. Педагогика. М., 1984.

27 дәріс тақырыбы: Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ынталандыру



Тірек ұғымдар: өзін-өзі тәрбиелеу.

Жоспар

  1. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің мәні.

  2. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру.

1. Қалыптасып келе жатырған оқушы тұлғасы тәрбие субьектісіне айналады. Ол педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады. Өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады.Бұл өзгерістер қоршаған ортамен өзара қатынас барысында жүреді.

Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Мысалы, оқушы дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі мен мінез-құлқындағы кемшіліктері мен іс-әрекетіндегі сәтсіздіктеріне сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.

Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуының шын деңгейін есепке алмай жалпылама жүргізілген тәрбие жұмысының салалары тәрбие міндеттерін шешуде кемшіліктердің орнын толтырады.

Педагогикалық талаптарды мойындауға мәжбүр болған оқушы тек сырт көзге ғана тәртібін жөндеген түр білдіреді де, өзінің теріс қасиеттерін жасыра түседі.

Жасөспірімдік шақтағы бала өзбетіндікке ұмтылуын байқатады. Ол тәрбиенің пәрменсіз обьектісі болғысы келмейді, өз мінез-құлқын өзі анықтайтындай әрекет иесі, тәрбиенің субьектісі болуға ұмтылады. Егер тәрбиешілер осыны еске алмай, оның құқығын шектесе, оқушының педагогикалық талаптарға қарсылығын тудырады.

Қыздар мен бозбалалар өзін-өзі тәрбиелеуге саналы түрде ұмтылады. Тәтібі мен мінез-құлқының пісіп жетілу шағында берік сенім мен адамгершілік мұраттары қалыптасады.

Дүниетанымның қалыптасуы, өз абыройын, кемшіліктерін ұғыну өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын мазмұнды, жан-жақты , шындыққа жуық құруға мүмкіндік береді. Жастар өз еркін тәрбиелеуге ерекше зейін аударады. Бұған өзінің өзбетіндігіне табиғи ұмтылысы ықпал етеді. Қыздар мен бозбалалар білім мен күш-қуаты өздерін ересектермен теңбіз деп есептеуге алып келеді. Олар барлық нәрсені жоғары сезіммен қабылдап, сәл нәрсені өз дербестігіне құрметсіздік деп қарайды. Жоғары сынып оқушыларына өз білімдерін байыту, өздерінің ақыл-ой қабілеттерін дамыту ұмтылысы тән. Қыздар мен бозбалалар мораль мәселелеріне ынтамен қызығады, мінез-құлық мұраттарына ұмтылып, өз тұлғаларының рухани сапаларын дамытады.

2. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшеліктерін есепке алу керек. Өзін-өзі тәрбиелеу нышандары тіпті кіші мектеп жасындағы оқушылар бойынан байқалады. Мысалы, бастауыш сыныпта оқушылар күшті, батыл болғысы келеді, немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап, жақсы боламын дейді. Бұл олардың өзін өзгертуге деген алғашқы ынтасы.

Оқушылардың өздерін өздері тәрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында мұғалім ең алдымен төмендегідей өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыруы керек: оқушылардың өздерін өздері тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; өзіне-өзі ықпал ету құралдарын (өзін-өзі талдау, өзіндік міндеттеме, өзіндік бұйыру, өзіндік есеп беру т.б.) меңгеруге көмек беру; өзін-өзі тәрбиелеудегі қоғамдық құнды іс-әрекеттерді тудырып отыру.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін қалыптастыру үшін оларды адамдар өміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәні, өзінің тұлғалық сапаларын дамытудағы өз жігерінің ролі жөнінде хабардар етіп отыру қажет. Оқушылар, әсіресе жасөспірімдер өзін-өзі тәрбиелеу тәжірибесі, өз тұлғасында сапалық қасиеттерді қалыптастыру жолдары мен тәсілдері туралы хабарларды қызыға қабылдайды. Осылардың арқасында өмірдің күрделі міндеттерін іскерлікпен, мақсатты, сырттан басқарусыз, дұрыс шешу білігіне ие болады, өз бетімен өзіндік қажырлы еңбңгімен ғана жетуге болатынын ұғынады.

Өзін-өзі тәрбиелеудің тұлғаға бағытталған ережелері болуы керек. Әрине, өзін-өзі тәрбиелеудің өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгейімен анықталады. Біз тек дарынды педагог К.Д.Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу ережесімен танысайық.



  • Асқан сабырлылық, ең болмағанда сырт көзге.

  • Сөзде және қылықтарда турашылдық.

  • Әрекетті жан-жақты ойластыру.

  • Батылдық.

  • Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау.

  • Санасыз бос уақыт өткізбеу, ретсіз емес көңілдегі іспен айналысу.

  • Әуесқойлық, құмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйініске шығындану.

  • Әр кеште өз қылықтары жөнінде есеп беру.

  • Болғанды, бүгінгі болатынды айтып еш мақтанбау.

Бұл ережелердің әр жолына түрлі мағына беріп, байыта беруге болады.

Өзін-өзі тәрбиелеудің міндеттемесі оқушыны өз тұлғалық сапаларын өзі талдауына мәжбүр етеді. Бұған итермелейтін аға ұрпақтың өнегелі өмірі, іс-әрекеті, қарым-қатынасы болады. Мұғалім оқушыға өзінің орынды немесе орынсыз сапалары мен кемшіліктерін түсінуге көмектесуі міндетті, яғни өзінің кім екенін өзі ұғынуға көмек беруі қажет. Бұған мұғалімнің оқушының жүріс-тұрыс тәртібі мен мінез-құлық қылықтарына баға беруі, оны басқалармен салыстыруы әсер етеді. Мұғалім тұлғалық сапалар мен қылықтардың арасындағы байланыстың сырын оқушыға ашып береді.

Өз тұлғасын ұғынудың өзі кейде оқушыны өзін-өзі тәрбиелуге жетелей бермейді. Өз кемшіліктерінің немқұрайды пайымдаушысы болып қала береді. Оларды түзетуге тырыспайды. Бұл жағдайда түсіндіру ұжым тарапынан сынау арқылы, өз кемшіліктерін түсініп күйзеліске келтіру арқылы сезіміне қозғау салу қажет.

Өзіндік міндеттеменің орындалуына, өз кемшіліктерін түзетуге оқушының бүкіл еркін жұмылдыруға өзіндік бұйыру көмектеседі. Оқушыларға сөз түрінде берілген: “қажет”, “жетеді”, “орындау крек”, “шыдау керек”, “тұр”, “өзіме бұйырамын” және басқа өзіндік бұйыру еркін жұмылдыруға және қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Өзіндік бұйырумен орынды қылықтарды орындаудың сапалы жаттығулары өзін-өзі тыңдаудың берік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Өзіндік бұйырумен таңертең белгілі уақытта тұруға, күнделікті жұмыс ырғағын орындауға, тәртіп сақтауға және т.б. орындауға болады.

Өзін-өзі тәрбиелеуде алдын-ала дайындық негізгі іс-әрекеті, қарым-қатынасы жөнінде ұжымда өзіндік есеп беру де қолданылады.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне педагогикалық басшылық оралымды, икемді болу керек және олардың өзін-өзі тәрбиелеу құралдарын меңгеру барысындағы түрі өзгеріп отыруы керек. Алғашқы кезде мұғалімдер арнайы ұйымдастырылған іс-шараларына, өзін-өзі тәрбиелеудің ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекеттерге сүйенеді. Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеудің құралдарын меңгере түсу барысында бұл шаралар бәсеңси түседі. Әрине, бұл оқушыларды бетімен қоя беру деген емес. Онан әрі де ұжымда бірлескен іс-әрекет, қоғамдық пікір ықпалы, бетпе-бет пікірлесу арқылы көмектесіп отырған жөн.



Әдебиет.

  1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

  2. Құрманалина Ш.Х., т.б. Педагогика. А., 2004.

  3. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. А., 1998.

28 дәріс тақырыбы: Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі ретінде



Мақсаты: ұжым және оның тәрбиелік ықпалы туралы түсінік қалыптастыру.

Тірек ұғымдар: ұжым, перспектива.

Жоспар

  1. Ұжым және оның қасиеттері.

  2. Ұжымның даму ерекшеліктері және деңгейлері, олардың бір-бірімен сабақтастығы.

  3. Ұжымға педагогикалық жетекшілік.

  4. Оқушылардың өзін-өзі басқаруының функциялары және дамуы.




  1. Латынның «коллективус» деген сөзі адамдар тобы, бірлестік, топ дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым – бұл адамдар тобы екені анықталады.

Ұжым қандайда бір әлеуметтік-экономикалық формацияның туындысы емес, ол адамдар индивидтерінің нормальдық жиынтығының құбылысы болып саналады, іскерлік пен жолдастықтың өзара әрекетінің, әр түрлі мәселелерді нәтижелі шешудің жалпыға бірдей формасы ретінде адамзат өркениетінің құнды әлеуметтік жетістігі болып табылады.

Б.Т.Лихачевтің пікірінше, ұжым адамзаттың бірлесіп өмір сүруінің объективті формасы ретінде, қоғамдық құбылыс ретінде өркениеттік мәнге ие, жалпы және мәңгі категория.

Қазіргі жағдайда, балаларда ұжымшылдықты тәрбиелеудің қажеттігі бар, ал екінші жағынан – демократизация, гуманизация, жекешелендіру, кәсіпкерлік, тұлғаның құқығы мен еркіндігінің сапасы, жеке меншік адамда индивидуализмді дамытуды талап етеді. Осыған орай Б.Т.Лихачев қазіргі жағдайда ұжымшыл-индивидуалды тәрбиелеу керек деп есептейді. Осындай міндет қойғанда бірыңғай ұжымда әрбір баланы саралап, әрі сонымен қатар ұжымшылдыққа тәрбиелеуге мүмкіншілік пайда болады. Бір жағынан ашықтық, ұжымшылдық, екінші жағынан өзімен-өзі, жекелікті сақтау, адамгершілік индивидуализм жолымен өзін-өзі орынықтыру арқылы бала тұлғаға айналады.

Мектеп ұжымы құрылымының негізгі де тұрақты бөлігі – басты іс-әрекеті оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы. Осы сыныптық ұжымда оқушылар арасындағы тұлғааралық байланыс пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол мектеп ұжымдарының басқа да түрлеріне негіз қалайды.

Мектеп, сынып ұжымындағы ерекшеліктерге орай мынадай қорытындыға келуге болады: оқушылар ұжымы – бұл жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттарымен, іс-әрекеттерімен, іс-әрекетті ұйымдастырумен, жалпы сайлау органдары бар, теңдік жағдайында ортақ мүдде бірлігімен ұжымдасқан оқушылар тобы.

Адамдардың тобы ұжым болу үшін өзіндік маңызды белгілері болу керек:



  • Жалпы әлеуметтік мәнді мақсат.

  • Жалпы бірлікті іс-әрекет.

  • Кері жауапты тәуелділік қатынастары – ұжым мүшелері арасында өзіндік ерекше қарым-қатынас.

  • Жалпы сайланған, таңдалған басқарушы орган. Ұжым аталған қасиеттерінен басқа да маңызды ерекшеліктерімен бөлектенеді. Бұл ұжымның ішкі хал-ахуалын, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіретін сипаттама. Жақсы ұйымдас-қан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған: 1) Тұлға ұжымға бағынады (конформизм); 2) Тұлға мен ұжым бір-бірімен үйлесімді қатынаста (гармония) болады; 3) Тұлға ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік.)

Топ ұжымға айналу үшін сапалы өзгерістердің оңай емес жолынан өтуге тиісті.



2. А.С.Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың егжей-тегжейлі технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс – ұжымның өмір сүру формасы; тоқтау – оның жойылу формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкерлі тәуел-ділік, перспективалық, бірлікті әрекет).

Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда А.С.Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.

Бірінші саты – ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы). Бұл кезеңде ұжым педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады. Ұжымның ұйымдастырушысы – педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.

Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не пайдалы, не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді көмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына педагог көп көңіл бөлуі керек. Екінші кезең ұжым құрылымының тұрақтауымен сипатталады. Бұл сатыда ұжым бүтінделген жүйе ретінде көрінеді, онда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу механизмдері іске қосыла бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі-бір қылықтар нормаларын талап ете бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе береді.

Бұл сатыдағы педагогтың басты мақсаты – осы ұжымның алға қойған міндеттерін шешу мүмкіндіктерін мейлінше көп пайдалану.

Тәжірибе жүзінде әр ұжым – дара оқушының жеке дамуын мақсатты бағыттайтын тәрбие субъектісі ретінде танылуы тиіс.

Ұжымның бұл сатыда дамуы кейбір қарама-қайшылықтарды жеңумен байланысты, атап айтқанда:


  • ұжым мен жеке оқушылар арасындағы;

  • жалпы және жеке перспективалар арасындағы;

  • әр қилы ерекшеліктері бар оқушылар топтары арасындағы т.б.

Сондықтан ұжым дамуында секірістер, тоқыраулар, өзгерістер мен ауысулар болмауы мүмкін емес.

Үшінші және одан кейінгі сатылар ұжымның кемелденуі. Алдыңғы даму сатыларында қол жеткізген қасиеттер киелі тұлғалық ерекшеліктерді топтастырады: жолдастарына қарағанда өзіне жоғары талап қоюы, көзқарастарының, әдеттерінің, әрекет-қылықтарының тұрақтануы. Егер ұжым осы сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілікті тұлға қалыптастыру үстінде деген сөз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі – үшінші сатыдағы ұжымның ең негізі белгісі.

Барлық даму сатыларында ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді қалыптастырады. Дәстүрлер – тәрбиеленушілерді эмоционалды қабылдайтын әдет-ғұрып, ниет арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формалары. Дәстүр жүріп-тұру нормаларының бекуіне көмектесіп, ұжымдық мәселелерді бірлікті шешу қабілеттерін дамытады, өмірді қызықты етеді.

Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы (ынтасы) – ертеңгі қуаныш. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат – қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш.

Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі кездеседі, олар: жақын, орташа және алыс перспективалар.

Жақын перспектива – ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.

Орташа перспектива – уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.

Алыс перспектива – ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.

Мұндай перспективада тұлға мен ортаның қажеттері міндетті түрде үйлеседі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға етене енуі керек. Оны уақыттың кез-келген сәтін ұжымның айқын да қызықты мақсаты болатындай, сонымен өмір сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай етіп құру қажет. Перспективаны таңдағанда жұмыстың нәтижелі бітуін ескеру әбден қажет.

Кейде педагогтың оқушыға әсері кейбір себептерге байланысты кем нәтижелі болып қалады. Оған жанындағы оқушылар арқылы әсер ету өте жақсы жеміс береді. Бұдан қатар әрекет (параллельное действие) принципі іске қосылады. Оның негізінде оқушыға тікелей емес, ұжым арқылы әсер ету талабы жатыр.

А.С.Макаренко ұжымаралық қатынасқа көп көңіл бөлді. Қалыптасқан ұжымның ерекше белгілері ретінде ол мыналарды ескерді: 1) үнемі сергектік, іс-әрекетке дайындық; 2) өзіндік қадірін сезіну; 3) мүшелерінің достық бірлігі; 4) әр мүшенің өз қауіпсіздігін сезінуі; 5) іс-қимыл, әрекет белсенділігі; 6) дер кезінде ұстамдылыққа әдеттенуі, көңіл шарпулары мен тілдесудегі өзіне шек қоя білуі.

3. Ұжым үнемі өзгеріп отырады, себебі оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ ұжымның даму үрдісі кездейсоқ емес, оған педагогтар жетекшілік етеді. Ұжымға жетекшілік етудің нәтижелігі, оның даму заңдылығын қандай мөлшерде зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың әсер ету тәсілдеріне байланысты.

Мұндай әсердің маңызды шарты – үздіксіз болып келетін, ұжымға әсер ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мұндай интеграцияға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:



  • Ұжымға болар педагогикалық әсерлерді бірлікті (комплексті) пайдалану;

  • Күнделікті өмірде ұжым мүшелерінің бір-біріне үнемі және жан-жақты көмегі;

  • Ұжым өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдайлар тудыру;

  • Оқушылардың өзін-өзі басқару ісін кеңейту;

  • Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын біріктіру.

Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде келесі маңызды ережелерді сақтау керек:

  • Педагогикалық жетекшілікті оқушының өз қызығушылығына, ынтасына, тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру;

  • Ұжым – динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі өзгеріп, дамып отырады және кемелденеді. Сол үшін педагогикалық жетекшілер қарым-қатынас және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруы міндетті.

  • Сынып жетекшісі ұжым тәрбиесінде мұғалімдер тобына, сынып ұйымына сүйеніп, отбасыларымен үнемі байланыста бола отырып, жоғары жетістіктерді көздеуі лазым.

  • Формализм – тәрбиенің қас жауы;

  • Жетекшіліктің жақсы көрсеткіші – сынып өміріндегі маңызды мәселелерге ортақ ұжымдық пікірдің болуы;

  • Ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын дұрыс қадағалау негізінде тәрбиені дамыту;

  • Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлігін ескере жүргізу:

    • Жекеше қарым-қатынас жасау;

    • Бірлескен іс-әрекет қатынастарын дамыту;

    • Әлеуметтік мәні бар ұжым іс-әрекетіне байланысты қатынас жасау;

      • Ұжым мүшелерінің атқарып жүрген рөлдері мен олардың шын мәніндегі мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану;

      • Ұжымдағы қатынастың өтіп жатқан жағдайына белсене араласу;

      • Уақытша ұжымдар құру, нашар оқушыларды жоғары мүмкіндіктерге жеткізе алатын ұжымға ауыстыру;

      • Ұжымдағы оқушыларды жаңаша қатынасқа кірістіретін ұжымдық іс-әрекет түрлерімен олардың қалпын өзгертуді әр кез естен шығармау.

4. Ұжым жетілген сайын өзін-өзі басқару да жетіле түседі.

Өзін-өзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруда балалардың өз бетінділігін дамытуға негізделген ұжымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыру. Жеке тұлғаға қатысты өзін-өзі басқару төмендегідей функцияларды орындайды:

адаптациялық (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді);

интегративтік (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, балалар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады);

прогностикалық (диагностика және рефлексия негізінде ршыни перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі);

басқарушылық мәдениетті меңгеру (өзі және ұжым үшін маңызды шешімдерді қабылдауда өз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).

Балалар ұжымындағы өзін-өзі басқару іс-әрекетті анықтаудан басталады: басқарушылық құрылымды жасауда, міндеттерді бөлуде. Ұжымның жалпы жиналысы (оқушылар комитеті, кеңес, штаб т.б.) өзін-өзі басқару органдарын сайлайды және олардың міндеттерін анықтайды. Белгілі бір тапсырманы алғаннан кейін әрбір бала өз міндеттерін және ол жұмысты орындау жолдарын білуі тиіс. өзін-өзі басқару балалардың бостандық пен жауапкершіліктің қатынасын сезінуін талап етеді.

И.П.Иванов іс-әрекетті өз бетімен ұйымдастыру әдістемесін жасады: құрылған кеңестер көмегімен жұмыстарды дайындау, инициативалық топтың жұмысы, көсбасшылардың ауысуы, микроұжымдар арасындағы тапсырмалардың ауысып келіп отыруы. Бұл әдістерді кез-келген балалар ұжымында қолдануға болады. Педагог ұжым ішінде өзін-өзі басқаруды дамытпайынша, онда жеке тұлғаны дамыту мүмкін емес екендігін үнемі есінде сақтауы тиіс.



Әдебиет.

  1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

  2. Бабанский Ю. Педагогика. М., 1988.

  3. Ильина Т. Педагогика. М., 1984.

29 дәріс тақырыбы: Мектеп пен отбасының өзара әрекеті



Мақсаты: Отбасының тәрбиелік ықпалы туралы түсінік қалыптастыру.

Тірек ұғымдар: отбасы, отбасы педагогикасы,

Жоспар

  1. Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе ретінде.

  2. Отбасы тәрбиесінің мүмкіншіліктері, әдіс-тәсілдері.

  3. Мектеп пен отбасының өзара әрекетінің формалары.

1. Отбасы педагогикасы - педагогика ғылымының саласы, ол институционалдық белгісіне қарай, яғни әлеуметтік институт - жас ұрпақты оқытумен және тәрбиелеумен айналысатын отбасы бойынша бөлінген. Бұл отбасындағы тәрбие туралы ғылым. Ол отбасы тәрбиесі жағдайларының ерекшеліктерін, олардың қолынан келетін мүмкіншіліктерін зерттейді, ата-аналар үшін балаларды тәрбиелеуге байланысты ғылыми негізделген ұсыныстарды жасайды.

Отбасы тәрбиесінің объектісі - тәрбиелік институт ретіндегі отбасының дамуының жағдайы және негізгі үрдістері болып табылады. Отбасы тәрбиесінің пәні - отбасындағы тәрбиенің мәні, механизмдері, осы процестің баланың тұлғасының құрылуына әсері.

Отбасындағы тәрбиені үйдегі тәрбие деп те атайды. Қазіргі жағдайда үй тәрбиесі қоғамдық тәрбиемен толықтырылады.

Отбасы тәрбиесінің міндеттері:

- отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін жасау;

- отбасы тәрбиесінің тәжірибесін зерттеу;

- отбасы тәрбиесінің практикасына ғылыми жетістіктерді енгізу;

- ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттырудың жолдарын зерттеу;

- отбасы және қоғамдық тәрбиенің, ата-аналар мен кәсіптік педагогтардың өзара әрекетінің технологиясының тиімді арақатынасын негіздеу.

Отбасы тәрбиесін зерттеу үшін бірін-бірі толықтыратын әдістер кешенін қолданады:

- әдеби көздерді зерттеу, бақылау, әңгіме, «педагогикалық консилиум», тәуелсіз мінездемелер әдісі, шығарма әдісі, тәжірибені зерттеу және жалпылау, балалардың іс-әрекетінің нәтижесін зерттеу, құжаттарды зерттеу, тәжірибелік жұмыс жүргізу т.б.

- социологиялық әдістер: социологиялық сұраулар, интервью және анкеталау, тестілеу, социометрия.

- психологиялық әдістер: балалардың суреттері арқылы отбасын зерттеудің әдістемесі, ойындарын және т.б. іс-әрекеттерін бақылау.

- математикалық әдістер: шкалалау, ранжирлеу, орташа шамасын есептеу т.б.

- отбасы дүниесі көркемдік-образдық формада көрінісін табуда: әдебиетте, музыкада, суреттерде, халық шығармашылығы еңбектерінде.

Отбасы тәрбиесінің көздері:

Халық педагогикасы. Отбасы тәрбиесінің алғашқы идеялары ғасырдан ғасырға, отбасынан отбасыға дәстүр, салт, халық ауыз әдебиеті т.б. арқылы берілді.

Дін. Отбасылық халық педагогикасы дінмен өзара әрекеттесіп, тәрбиенің мақсаты, функциясы және құралдары туралы діни көзқарастармен дамыды.

Ауыз әдебиетінің мұралары. Отбасы - ауыз әдебиетіндегі мұраның басты тақырыптарының бірі.

Бұрынғының педагогикалық көзқарастарын талдау.

Отбасы тәрбиесінің практикасы.

Арнаулы экспериментальдық зерттеулер.

Философия, психология, анатомия, физиология, генетика т.б. ғылымдарының отбасы туралы мәліметтері.

2. Отбасы - туысқандық байланыста болатын (күйеуі, әйелі, ата-анасы, әжесі т.б.), бірлесіп, әлеуметтік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Мынадай функциялар жүзеге асырылады: репродуктивтік, яғни балалардың тууы; шаруашылық-экономикалық; тәрбиелеушілік; адамгершілік-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету; отбасылық ішкі қарым-қатынасты ұйымдастыру; бос уақытты өткізуді ұйымдастыру.

Отбасындағы тәрбие - қажетті нәтижеге жету мақсатындағы ата-аналар мен отбасының басқа да мүшелерінің балаларға әсер етуінің жалпы аталуы.

Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасы өмірі тұлғаның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасының әсерінің мүмкіншіліктері:

- отбасында басқа ешбір жерде қалыптаса алмайтын сапалар қалыптасады;

- отбасы тұлғаның әлеуметтенуін жүзеге асырады, отбасынан қоғам мүшелері шығады: қандай отбасы - сондай қоғам;

- отбасы дәстүрлердің сабақтастығын жүзеге асырады;

- отбасының маңызды әлеуметтік функциясы азаматты, патриотты, қоғамның заңын орындайтын мүшесін тәрбиелеу болады;

- баланың мамандық таңдауында отбасының мәнді әсері болады.

Отбасы тәрбиесінің мазмұны демократиялық қоғамның басты мақсатымен анықталады, яғни жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Отбасы денелік және психикалық жағынан сау, адамгершілік, интеллектуалдық, дамыған, болашақ еңбектік, қоғамдық және отбасылық өмірге даяр тұлғаны қалыптастыруға міндетті. Отбасы тәрбиесінің мазмұнының құрамдас компоненттері: денелік (салауатты өмір салты, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, спортпен айналысу, организмді шынықтыру), адамгершілік (мәңгі адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу - сүйіспеншілік, адалдық, борыш, әділеттілік т.б.), интеллектуалдық (оқушылардың біліммен сусындауына, оқуға деген сұраныс-ты тәрбиелеуге ата-аналардың қатысуы), эстетикалық (балалардың талантын және дарындылығын, өмірдегі әсемдік туралы білімдерін дамыту), еңбек /болашақ еңбекқор адамның негізін қалыптастырады/ тәрбиесі. Олар экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білім берумен толықтырылады.

Отбасында балаларды тәрбиелеудің әдістері - бұл ата-аналардың балалардың санасына және мінез-құлығына мақсатты бағытталған педагогикалық әсердің тәсілдері. Олардың өздерінің ерекшеліктері бар: нақты қылықтарға негізделген және тұлғаға үйлестірілген, сәйкестендірілген балаға жекелік әсер; әдістерді таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне байланысты (тәрбиелеу мақсатын түсінуі, ата-аналар рөліне, отбасындағы қатынастар стиліне т.б.).

Отбасы тәрбиесінің әдістері: сендіру (түсіндіру, ақыл-кеңес, иландыру); жеке өнеге; мадақтау (мақтау, сыйлық, балалар үшін қызықты перспектива); жазалау (достықтан бас тарту, рақаттылыққа рұқсат бермеу, денелік жазалау). Кейбір отбасыларында педагогтың кеңесі бойынша тәрбиелеушілік ситуациялар қолданылады.

Отбасында тәрбиелік міндеттерді шешуде әртүрлі құралдар баршылық: сөз, ата-ана беделі, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүр, қоғамдық пікір, отбасының рухани және моральдық ахуалы, күн тәртібі, әдебиет, спорт, мейрамдар, символ, атрибуттар, т.б.

Қазіргі қоғамда барған сайын отбасы дағдарысы көріне түсуде және одан шығудың жолы әлі де бұлыңғыр. Дағдарыстың бір көрінісі - отбасы өзінің басты функциясы, яғни бала тәрбиелеуді нашар жүзеге асыруда.

Дағдарыстың себептері: елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы, қоғамдық өмірде мәдениетінің төмендігі, отбасында әйелге көп жүктеменің түсуі, ажырасудың жоғары пайызы, ұрпақ арасындағы тартыстың асқынуы, отбасы мен мектептің байланысының нашарлауы т.б.

Отбасының тәрбиелік әсерін арттырудың жолдары: отбасындағы қатынасты гуманизациялау, мектеп, діни ұйымдардың және отбасының бірлескен қызметі, гуманитарлық фондылармен, қоғамдармен жұмысын үйлестіру т.б.

3. Мұғалімнің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бұрын отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқтаған орынды.

Бірінші ереже: Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс. Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік, көсемдік сөз саптауы, өкпе, реніш, ыңғайсыздыққа негіз болады. ”Міндетті”, ”қажетті” деген үзілді-кесілді сөздерден соң ата-ананың кеңес сұрауға деген ынтасы жоғалады. Ата-аналардың көпшілігі өз міндеттерін жап-жақсы түсінеді, бірақ тәрбие практикасында өз білгенін көңілдегідей қолдана алмауы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керек екендігін білу де маңызды. Мұғалім мен ата-ананың арасындағы бірден-бір дұрыс норма –ол бірін-бірі құрметтеу. Осындай жағдайда бала тәрбиесін қадағалау, тәжірибе алмасу, ақыл кеңес, бірлесе шешім қабыладау сияқты екі жақты да қанағаттандыратын формаға ауысады. Бұндай қатынастың маңыздылығы сол - мұғалім мен ата-аналарды жеке жауапкершілік, азаматтық парыз, өзіне деген талапшылдық дамып нығаятын болады.

Ата-аналардың жұмыс орнына “Үлгерім экраны”, ”Ашық журнал” сияқты тәрбие құралдарын ілу нәтиже бермейді. ”Қара тізімге”ілінген әкелер мен аналар ондай форманың тиімсіздігін айтады. Өйткені, сол арқылы олардың балаға көңілі толмауы оны жазалауға, мектепке деген теріс көзқарастың қалыптасуына алып барады. Көп жағдайда осы негізде әке мен шешенің ара қатынасы бұзылады. Осының бәрі түптің-түбінде баланың мұғалімді, мектепті жек көруіне ұласады. Мұғалім,сынып жетекшісі осы жағдайды ескеріп, жұмыс әдістері мен түрлерін таңдағанда баланың көз алдында ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуды басшылыққа алуы тиіс.

Екінші ереже: Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік белсенділігін арттыру. Ата-аналар психологиялық жағынан мектептің барлық бастамалары мен талаптарын қолдануға дайын. Тіпті педагогикалық дайындығы, жоғарғы білімі жоқ ата-аналардың өзі бала тәрбиесіне терең түсінікпен және жауапкершілікпен қарайды.

Үшінші ереже: Отбасының өміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық әдеп. Сынып жетекшісі - ресми тұлға. Ол өз қызметі аясында көп жағдайда қаласа да, қаламаса да отбасының өзгелерден “жасыратын” құпия сырларына куә болуы мүмкін. Жақсы сынып жетекшісі отбасы үшін бөтен емес, қайта ата-аналар одан көмек күтіп сенім сыр айтады, ақылдасады. Сондықтан отбасы қандей болса да, ата-аналар қандай тәрбиеші болса да мұғалім барынша әдепті болуы тиіс.Ол отбасы туралы барлық білімін ата-аналардың тәрбие ісіне көмектесуге, ізгі ниетті орнықтыруға жұмсауы керек.

Төртінші ереже: Тәрбие мәселелерін шешуге өмірге құштар, көтеріңкі көңіл күйді басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымды қасиеттеріне, отбасы тәрбиесінің күшті жақтарына сүйену. Тәрбиеленушінің мінезін қалыптастыру қиындықсыз, қайшылықсыз және оқыс оқиғасыз іске аспайды. Егер осының бәрі даму заңдылығы түрінде қабылданса (бала мінезінің тұрақсыздығы, соқтықпалы сипаты т.б) онда қиындық, қайшылық және күтпеген нәтиже педагогты әбіржітпеуі тиіс. Қалыптасқан педагогикалық міндеттерді шешудің ондаған тәсілдері болғанымен, солардың біреуі ғана нақты жағдайға толық нәтиже беруі мүмкін. Сондықтан педагогика ғылымына дайын рецент беретін анықтама емес, тұлғаға тиімді ықпал жасайтын жалпы заңдылықтар туралы ғылым деп қарау қажет.

Ата-аналармен, оқушы отбасымен байланыс орнату мұғалімнің ең басты міндеті. Ондай байланыс орнатудың бір формасы оқушы отбасында болу. Бұл форма мұғалімдер мен ата-аналарға жақсы таныс болғандықтан оның екі кезеңіне тоқталайық.

Отбасында болу, шақыру арқылы іске асқаны жөн. Статистикалық мәліметтер бойынша балалардың 80 пайыздан астамы әкесі де, шешесі де жұмыс істейтін отбасыларында тәрбиеленеді. Демек, кез-келген уақыт мұғалім үшін қолайлы бола бермейді. Мұғалімнің кенеттен үйге ата-аналарды жұмыстан қалдыруы мүмкін. Шақыру бойынша отбасында болу ата-ананы да, мұғалімді де қолайсыздықтан құтқарады.

Отбасында болуға мұғалім дайындалуы тиіс. Ол дайындық шәкіртінің ең жағымды, қызықты құндылықтарын айқындауы тиіс. Дегенмен, ол құндылықтардың өзі мұғалім санасында қорытылып, психологиялық педагогикалықтұрғыдан сенімді шығуы керек.

Отбасымен, ата-аналармен байланыс орнату отбасы тәрбиесін насихаттауға ықпал жасайды. Бұл мәселелерде ата-аналар мен мұғалімдерге “Семья и школа”, “Воспитание школьников”, “Бастауыш мектеп”, “Ақжелкен” жураналдары мен “Ұлан” газеті сияқты басылымдарда жарияланған материалдар көмек жасайды. Дей тұрғанмен сынып жетекшісінің жанды сөзін ата-аналар құлақ қойып тыңдайды. Оның өз атына айтылған мақтау сөздерімен бірге тәрбие міндеттерін шешу туралы ақыл-кеңестерін тыңдау ата-аналарға қуаныш сыйлайды.

Ата-аналар мен сынып жетекшісінің байланыс жасауының бір түрі ата-аналардың педагогикалық тапсырмаларды орындауы болмақ. Ондай педагогикалық тапсырмалардың бірнеше түрін атауға болады.

Тапсырманың бірінші түрі – белсенді тәрбиелік позиция, балалармен тікелей жұмыс жасаудан туындайды. Олар: қызығушылықтар бойынша құрылған үйірмелерге жетекшілік жасау, дербес қамқорлыққа алу, тәлімгерлік және т.б.

Тапсырманың келесі түрі – мұғалімге, тәрбиешіге ұйымдастырушылық көмек көрсетуден туындайды. Олар: саяхат ұйымдастыруға ықпал жасау, қызықты адамдармен кездесулер ұйымдастыру, сынып кітапханасын жабдықтау, кітапқұмар клубын ұйымдастыру.

Ендігі тапсырмалар мектептің материалдық базасын дамыту және нығайтуға қатысудан туындайды. Олар – кабинетті безендіру, құралдар, приборлар дайындау, мектепті көгалдандыру, жөндеу жұмыстарын қатысу.

Бұл аталғандар қоғамдық жұмыстар мен тапсырмалардың бір бөлігі ғана. Қоғамдық жұмысқа тартуда ата-аналардың немен айналысқысы келетіндігін анықтау үшін сынып жиналысында олардың өз ұсыныстарын жазбаша беруін өтінуден бастаған дұрыс.

Мектеп шағын ауданда отбасылық және қоғамдық тәрбиені ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың балаларды тәрбиелеудегі іс-әрекетін үйлестіру мынадай ұйымдастырушылық формада жүзеге асады:



  • мектептің педагогикалық ұжымының, ата-аналар комитетінің, тұрғын орны бойынша қоғамдық кеңестің, клубтардың, кітапханалардың, стадиондардың, полиция және денсаулық сақтау ұйымдарының тәрбиелік жұмыстарының жоспарын үйлестіру және тәрбиелік процеске қатысушылардың әрбіреуінің функ-цияларының анық болуы.

  • мектептің күшімен ата-аналарды және жұртшылықты педагогикалық біліммен қаруландыру.

  • тәрбиелік жұмыстың барысын және нәтижесін мұқият зерттеу және бірлесіп талқылау.

Мектеп ата-аналармен әр түрлі аталатын ата-аналар бірлестігімен, яғни ата-аналар комитеті, кеңестер, конгресстер, ассоциациялар, комиссиялар, клубтар т.б.

Мектеп ата-аналармен байланысты көбіне сынып жетекшілерінің күшімен жүргізеді.

Ата-аналар бірлестіктерінің басты міндеті - ата-аналарға педагогикалық білім беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Мұғалімнің ата-аналармен жүргізетін жұмыс жүйесінде психологиялық-педагогикалық ағартудың түрлері:

педагогикалық біліктілік университеті. «Университет» бағдарламасы сынып оқушылары мен ата-аналардың құрамын ескеріп құрылады.

Дәріс. Тақырыптары: балалардың жас ерекшелік психологиясы, отбасындағы жыныстық тәрбие т.б.

Конференция. Тақырыптары: Бала өміріндегі ойын, отбасындағы адамгершілік тәрбиесі т.б.

Практикум - бұл ата-аналардың бала тәрбиесіндегі педагогикалық жағдайларды тиімді шешу жолындағы өзіндік жаттығулары.

Ашық сабақтар. Ата-аналарды оқу жылында 3-4 рет ашық сабаққа қатысуына мүмкіндік туғызу керек.

Педагогикалық пікірталас.

Ролдік ойындар.

Тақырыптық жеке кеңестер.

Оқушының үйіне бару.

Хат арқылы байланыс.

Ата-аналар жиналысы.

Әдебиет.


  1. Айтмамбетова Б., Бозжанова к., т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. А., 1985.

  2. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. А, 1999.

  3. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

  4. Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. А., 1996.

30 дәріс тақырыбы: Тәрбиелік жүйелер



Мақсаты: Тәрбие жүйесі және оның даму кезеңдері туралы түсінік қалыптастыру.

Тірек ұғымдар: жүйе, тәрбие жүйесі.

Жоспар

  1. Тәрбиелік жүйелер ұғымы.

  2. Тәрбие жүйелерінің даму кезеңдері.

  3. Мектеп – тәрбие жұмысының орталығы.

1. Қазіргі заманғы және бұрынғы педагог-практиктер мен ғалымдардың көпшілігі (Ш.А.Амонашвили, И.П.Иванов, В.А.Караковский, Л.Кольберг, Н.Д.Никадров, Л.И.Новикова, В.А.Сластенин, В.А.Сухомлинский, Р.Штейнер т.б.) тәрбие – ерекше сфера, сондықтан ол оқыту мен білім беруге қосымша ретінде қарастырылмайды деген қорытындыға келді. Оқыту міндеттері тәрбие сферасына шықпай тиімді шешілуі мүмкін емес. Өз кезегінде тәрбиеге білім берудің құрамды бөлігі ретінде қарау оның ролін түсіреді және шындыққа сәйкес келмейді. Тәрбие жұмысының тиімділігін көтеруді тәрбие жүйелерімен (ТЖ) байланыстырады.

Кез-келген жүйе - өзара байланысты және белгілі біртұтастылықты құрайтын элементтердің жиынтығы. “тәрбие жүйесі” ұғымы “жеке тұлға”, “даму”, “қатынас”, “біртұтастылық”, “құрылым”, “өзара байланыс”, “компонент”, “нәтижелілік” ұғымдарымен байланысты.

Тәрбие жүйелерінің күрделі түрлеріне қызметі белгілі тәрбиелік мақсатқа жетуге тәуелді, мақсатқа бағытталған жүйелер және қызметі кезінде құрылымы мен мазмұнын өзгерте алатын өзіндік ұйымдастырылған жүйелер жатады.

Тәрбие жүйесі - өзін-өзі реттейтін, басқарылатын күрделі әлеуметтік психолого-педагогикалық құрылым. Ол бүкіл педагогикалық үрдісті қамтиды, оқу сабақтарын, балалардың сабақтан тыс уақытарын, әртүрлі іс-әрекет және қарым-қатынастарды интеграциялайды.

Тәрбиелік жүйелер әртүрлі болады. Олар түрлі типті мектептерде, мәдениет, қосымша білім беру мекемелерінде, балалар ұйымдары мен бірлестіктерінде т.б. құрылуы мүмкін.

Тәрбие жүйесінің құрылуының негізі модель ретінде мақсат, міндеттері, принциптері, негізгі идеялары, педагогикалық теориялары, позитивті тәжірибелері кіретін теориялық тұжырымдамаларда. Негізгі мақсаттар ретінде шығармашыл, белсенді жеке тұлға дамуы және өзін-өзі дамыту, жас ұрпақты қоғам өміріне араластыру көрініс табады.

Кез-келген тәрбие жүйесі тек оны құрайтын компоненттермен ғана емес, сонымен бірге өзара қарым-қатынаста біртұтастылық көрсететін социуммен өзара тығыз бірлікте.

Тәрбие жүйесі ең алдымен макро және микроортамен байланысты. Мұнда микроортаға мектеп кіретін орта (мөлтек аудан, тұрғылықты мекен), макроортаға жалпы қоғам кіреді.

Тәрбиелік жүйелер динамикалық құбылыс. Сондықтан оны табыст құру және басқару үшін оның дамуының механизмдерін және ерекшеліктерін білу керек.



2. Тәжірибе тәрбиелік жүйелер өздерінің дамуында үш кезеңнен өтетінін көрсетіп отыр.

Бірінші кезең – жүйенің қалыптасуы. Бұл кезеңде прогностикалық стадияны бөліп көрсетуге болады. Мұнда болашақ тәрбие жүйесінің теориялық тұжырымдамасы жасалды, құрылымы модельденеді, оның компоненттері арасында байланыс орнатылады. Бірінші кезеңнің басты мақсаты - жаңа педагогикалық ойлауды қалыптастыру, ойы біртұтас ұжымды қалыптастыру. Мұнда жүйе компоненттері бөлек жұмыс жасайды, олардың арасындағы байланыс әлі де берік емес, педагогикалық ізденіс үстінде, қарым-қатынас стилі қалыптасады, технология жетіледі, дәстүр туындайды. ТЖ-нің қалыптасуында негізгі әдістер талап ету, сендіру. Қоршаған ортамен қарым-қатынасы стихиялы болып келеді.

Екінші кезең – жүйені өңдеу. Бұл кезеңде ұжымның, өзара басқару және өзін-өзі басқару органдарының дамуы жүреді, дәстүрлер бекиді, тиімді педагогикалық технологияларды өңдеу жүзеге асады.

Үшінші кезең – жүйенің толық қалыптасуы. Бұл кезеңде ұжым – бір мақсатқа, іс-әрекетке біріктірілген ересектер мен балалардың достастығы. Барлық зейін гуманды, рухани, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу, мәдениет деңгейін көтеру, қарым-қатынас пен жетекшіліктің демократиялық стилін дамыту.

Сонымен, тәрбие жүйесінің дамуы мен қалыптасуын белгілі бір технологиялар, әдістемелер құрайды. Дәлірек айтсақ, бастапқы идеялар, негізгі мақсаттарды және міндеттерді анықтау, олардың негізінде теориялық тұжырымдамаларды дайындау, құрамды жүйелерді нақтылау, вариативті педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді анықтау және қолдану, бұл үшін қажетті шарттарды жобалау.

Қазіргі уақытта бір-біріне ұқсамайтын, орны, жұмыс жасау уақыттары, моделі, белгілі ілімге негізделген, енгізілу жолдары т.б. бойынша әртүрлі тәрбиелік жүйелер өте көп. Мысалы, Гуманистік тәрбие жүйесі, “Жетістік педагогикасы”, мәдениеттер диалогы мектебі, ауыл мектебінің тәрбие жүйесі, “Адал қоғамдастық”, “Вальдорф мектебі” т.б.

3. Мектеп тәрбиеге қатысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру ролін атқарады. Ол ішкі тәрбие үрдісін басқарып қана қоймайды, сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорныдарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы.

Мектеп іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, эстетикалық және дене тәрбиесі) мақсаттары және міндеттері жүзеге асырылады.

Мектеп басшылығының жүргізетін тәрбие жұмыстары көптеп саналады. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс жұмыстары. Осы жұмыстардың барлығына мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше. Олардың ынтымақтасып істейтін жұмыстарының негізгі бағыттары: педагогикалық ұжым, ата-аналар комитеті тәрбие жұмысының жоспарын жасап, оны басшылыққа алады.



Әдебиет.

  1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

  2. Бабанский Ю. Педагогика. М., 1988.

  3. Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. А., 1987.

  4. Ильина Т. Педагогика. М., 1984.

ГЛОССАРИЙ


Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

2

3

Психика

психика

psyche

Психология

психология

psychology

Общая психология

Жалпы психология

general psychology

Индивид

Индивид

individual

Личность

Тұлға

personality

Индивидуальность

Даралық

individual

Психические процессы

Психикалық процесстері

psychic processes

Способности

Қабілет

abilities

Потребность

Қажеттілік

need

Деятельность

Іс-әрекет

activity

Психологическая служба

Психологиялық қызмет

psychological service

Психологическая помощь

Психологиялық көмек

psychological help

Сознание

Сана

consciousness

Фрейдизм

Фрейдизм

Freid

Гештальтпсихология

Гештальтпсихология

gestalt psychology

Бихевиоризм

Бихевиоризм

behaviorism

Аналитическая психология

Аналитикалық психология

Analytical psychology

Индивидуальная психология

Индивидуалды психология

individual psychology

Психодиагностика

Психологиялық диагностика

psychological diagnostics

Методы исследования

Зерттеу әдістері

methods of the study

Анкетирование

Анкета әдісі

questionnaire

Наблюдение

Бақылау

observation

Эксперимент

Эксперимент

experiment

Тестирование

Сынақ

testing

Адаптация

Бейімделу

adaptation

Атрибуция каузальная

Каузалды атрибуция

Cauzal atribution

Черты личности

Тұлға сапарлары

Line to personalities

Профессиональная ориентация

Кәсібі бағытталуы

Professional orientation

Профессиография

Профессиография

Professiograf

Профессиональная консультация

Кәсібі кеңес

Professional consultation

Психика - қоршаған ортаны бейнелендіру қасиеті.

Психология – бұл психикалық құбылыстардың пайда болуын, даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Жалпы психология- адамның психикалық іс-әрекетінің әлдеқайда жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Индивид- биологиялық түрдің тұқым қуалайтын жалпы гендердің иесі.

Тұлға - адамның қоғамдық мінез-құлық және сана формаларынигеру нәтижесінде қалыптасатын адамның әлеуметтік –психологиялық мәні.

Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.

Қабілеттер - әртүрлі іс-әрекет түрлерін орындауда сәттілікті қамтасыз ететін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі.

Қажеттілік - шындықтағы заттармен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты ерекшеліктерінің бір көрінісі.

Іс-әрекет – адамда қажеттіліктердің нәтижесінде пайда болатын алға қойылған мақсатқа жетудегі адамның қоршаған ортамен белсенді өзара әрекеті.

Психологиялық қызмет – әртүрлі іс-әрекет түрлерінде психологиялық экспертиза , диагностика , кеңес беруде кешенді міндеттерді шешуде психологияны қолданудың практикалық жүйесі.

Психологиялық көмек- адамға, топқа, ұйымға психологиялық көмек көрсетуде адамдардың әлеуметтік-психологиялық компетенттілігін арттыруға бағдарланған психологияны практикалық қолданудың саласы.

Фрейдизм- тұлғаның дамуы мен құрылымын санаға иррационалды, антогонистік психикалық факторлармен түсіндіретін бағыт. Бұл бағыттың негізін З.Фрейд салған.

Гештальтпсихология- психиканы бүтін құрылым көзқарасымен зерттеуді ұсынған ХХғ. Германияда пайда болған бағыт.

Бихевиоризм- сананы ғылыми зерттеу пәні ретінде жоққа шығаратын жәнепсихиканы мінез-құлықтың әртүрлі формаларына әкелетін қоршаған орта стимулдарына организмнің реакциялар жиынтығы деп түсінілген ХХғасырдағы америка психологиясындағы бағыт.

Аналитикалық психология – адамның бейсанаға мінез-құлқын реттеуіне шешуші мән беретін К.Юнг көзқарастарының жиынтығы.

Индивидуалдық психология – баланың тұлғасының құрылымы «өмір стилі» ретінде қалыптасатын А.Адлердің бағыты.

Психодиагностика – тұлғаның индивидуалдық- психологиялық ерекшеліктерін анықтаумен өлшеуге әдістерді өндейтін психологияның саласы.

Зерттеу әдістері – тұлғаның психологиялық көріністерін зерттеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Анкеттеу – вербалды коммуникация негізінде бірінші әлеуметтік- психологиялық ақпарат алу әдісі.

Бақылау - психикалық құбылыстарды жүйелі, мақсатты қабылдаудан тұратын эмпирикалық зерттеу әдісі.

Эксперимент - зерттелініп жатырған объектінің мінез-құлқындағы өзгерістерді тіркеу және манипуляцияны жүзеге асыратын зерттеушінің сол ситуацияға белсенді кірісуін білдіретін ғылыми тану әдісі.

Тестілеу – белгілі мәндік шкаласы бар стандартталған сұрақтармен тапсырмаларды қолданатын диагностика әдісі.

Адаптация - қоршаған ортажағдайына организмнің қызметі мен құрылысының және оның органдарымен жасушаларының бейімделуі.

Әлеуметтік адаптация - индивидтің қоршаған орта жағдайына белсенді бейімделуіндегі тұрақты процесс.

Каузалды атрибуция - субъектінің басқа адамдардың мінез-құлқын және себептерін тұлғаралық қабылдаудағы интерпретациясы.

Мінез бітістері - индивидтің әртүрлі ситуацияда қайталанатын тұрақты мінез – құлық ерекшеліктері

Кәсіби бағдар – адамның қабілет , тілектеріне сәйкес еңбекке кірісу процесін оптимизациялауға бағытталған песихолого-педагогикалық және медициналық шаралар жиынтығы.

Профессиография – мамандықтың адамның мүмкіндіктерінің психолого –денелік , психолгиялық , тұлғалық сапаларының қоятын талаптарын зерттеу технологиясы.

Профессионалды кеңес беру - мамандық таңдауда практикалық көмек мақсатында жастарға сол мамандық туралы ұйымдасқан ақпарат беру.

Негізгі әдебиет тізімі

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет