4. Әлеуметтену, жоғарыда айтылғандай көптеген жағдайлардың өзара әрекеттесу нәтижесінде пайда болатын әртүрлі оқиғаларда жүзеге асады. Адамға осы жағдайлардың ықпал етуінің жиынтығы одан белгілі бір қылықты және белсенділікті талап етеді. Әлеуметтену факторлары деп - әлеуметтену үрдісінің жүру үшін шарттар жасалатын жағдайларды айтады. Қаншама жағдай және оларды бірігулерінің нұсқауы болса, соншама әлеуметтену факторлары болады.
Отандық және батыстық ғылымда әлеуметтену факторларын жіктеудің көп түрлері бар. Бірақ та біз, педагогика үшін А.В.Мудрик ұсынған жіктеудің жүйесін еске түсіреміз. Ол әлеуметтену факторларының негізгілерін бөліп, оларды 3 топқа біріктірген:
макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет) барлық планета тұрғындарының және адамдардың өте үлкен тобының әлеуметтенуіне ықпал етеді.
мезофакторлар (гр.сөзі мезос-орташа, аралық) ұлттық белгілері бойынша орны және тұрғындық типі бойынша регион, аймақ, ауыл, дала бөлінетін топ адамдары.
микрофакторлар (жанұя, құрдастары, ғылым, кәсіптік және қоғамдық ұйымдар) тікелей нақты адамдарға ықпал етеді.
Балалардың ата-аналары, жақындары, көршілер, мұғалімдер агенттерге жатады. Жасөспірімдік және жастық шақта агенттердің құрамына дос қызы не досы, жұмыстағы әріптестері кіреді. Ал үлкейген кезде оларға өздерінің балалары, олардың жанұялары қосылады. Әлеуметтік топ неғұрлым ұйымдастырылған болса, соғұрлым оның жеке тұлғаға әлеуметтену ықпалын жасау еркіндігі жоғары. Соңғы жылдары ғалымдар әлеуметтенудің макрофакторына, соның ішінде табиғи-географиялық жағдайларға үлкен мән береді. Себебі олар жеке тұлғаның қалыптасуына тікелей және жанама тәсілімен ықпал етеді.Әлеуметтену факторлары бір уақытта биологиялық фонмен толықтырылса, онда ол жеке тұлғаның қалыптасу факторы да болып табылады. Кейбір ғалымдар пікірінше, орта оқыту мен тәрбиелеу тек өзіндік дамудың шарттары ретінде танылады. Олар дәлелдеме ретінде егіздердің дамуындағы салыстырмалы зерттеу мәліметтеріне сүйенеді. Отандық педагогика жеке тұлға қалыптасуындағы биологиялық факторлардың ықпалын жоққа шығармайды, бірақ бихевиористер сияқты, оған шешуші рөлді бермейді. Осылайша, табиғи ерекшеліктер қажетті алғышарттар болып табылады, бірақ жеке тұлға дамуында қозғаушы күштер емес. Ми-биологиялық қалыптасу ретінде сана көрінуінің алғы шарты, бірақ сана-адамның қоғамдық болмыс жемісі. Неғұрлым білім беру күрделенсе, соғұрлым адамның табиғи ерекшелігіне тәуелді. Жеке тұлға дамуында әлеуметтік факторлардың рөлін тым жоғары бағаламау керек. Кезінде Аристотель: “жан табиғаттың жазылмаған кітабы, тәжірибе оның беттеріне өз жазуларын түсіреді” деп жазған. Д.Локк пікірінше, адам жазылмаған тақта сияқты таза болып дүниеге келеді, тәрбие соған байланысты дамиды. Адамның дамуы ортамен анықталады (Гельвеций,Дидро,Оуен). Адамды өзгерту үшін, оның ортасын өзгерту керек, адам ортаға ықпал ете алады. Тұлғаның дамуы, өзгеруі жеке тұлғаның дамуы, оның қызметінде жүзеге асады. Адам жинақталған тәжірибені қаншалықты меңгеруіне байланысты дамиды. Бұл жағдай педагогика үшін өте маңызды, оқыту мен тәрбиелеу табиғи нышандардың ықпалы, жеке тұлға дамуының факторына айналады. Бірдей жағдайда жеке тұлға дамуының тереңдігі мен кеңдігі негізінен оның өзіндік талпынысқа, әртүрлі қызмет түрлеріндегі қабілеттілікке байланысты.
Әдебиет.
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
Бабанский Ю. Педагогика. М., 1988.
Ильина Т. Педагогика. М., 1984.
Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. А., 1998.
№19 дәріс тақырыбы: Тәрбиелеу мақсаты педагогикалық мәселе ретінде
Тірек ұғымдар: тұлға, тұлға типі, даму факторлары, орта, тәрбие, тұқымқуалаушылық.
Жоспар
Тұлға және тұлғаны жан-жақты гармониялық дамыту тәрбиенің жалпы мақсаты.
Тұлғаның дамуының факторлары
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту міндеттері.
1. Тұлға - бұл психологиялық ұғым, ол арқылы ғалымдар адамның барынша маңызды және орнықты психологиялық белгілерін анықтайды, сөйтіп оның қылықтарын түсінуге болады. Тұлға дегенімізде адамның қылығы бірінші кезекте соған байланысты екенін есепке аламыз. Тұлға арқылы адамның даралығы анықталынады. Бұл мінездің басым белгілері, мінез-құлықтың анықтаушы мотивтері, оқытудың және тәрбиелеудің нәтижесінде адамның өмірінде ие болатын басқа да көптеген әр түрлі сипаттағы және сападағы дүниелері. Бұған қоса адамның әдеттері, оның өзіне, басқа адамдарға деген қатынасы, сезімдері, өз өмірінде өзіне алатын әлеуметтік ролдері.
Әрбір адамда жекелік қасиеттердің белгілі бір арақатынасы баршылық. Бұл мағынада әрбір адам тұлға ғана болып қоймай, сонымен бірге жеке тұлға да болады, себебі ондағы қасиеттердің дамығандық деңгейі немесе олардың жиынтығы басқа адамдардан оны айрықшаландырып тұрады. Даралық бір адамды екінші адамнан өзгеше қылып, айырып тұрады.
Тұлғаның жеке ерекшелігінің барынша жиі кездесетін арақатынасы онын типін анықтайды. Тұлғаның типі генетикалық-физиологиялық және әлеуметтік-психологиялық факторлардың жиынтығымен құрылады және адамдарды типологиялық бөлудің негізіне нені алуына байланысты болады. Егерде осындай негізге адамның темпераменті алынса, онда адамдарды сангвиникке, холерикке, меланхоликке және флегматикке бөледі. Егерде адамның мінезіне сүйенсек онда мейірімді және ашулы, еңбекқор және жалқау, достық және қастық, қанағатшыл және тойымсыз т.б. типтерді бөліп шығаруға болады.
Тұлғаның типтерін көбінесе мінезді негізге алып анықтайды.
Тұлғаның типологиясын анықтаудың базасы ретінде адамның өзіне, қоршаған адамдарға, әлеуметтік шындыққа, табиғатқа деген қатынасы да алынады.
Адам дүниеге тұлға болып келмейді, өзінің өмірі барысында тұлғаға айналады.
Тұлғаның дамуы кең мағынада - бұл бір күйден екінші күйге ауысу процесі. Адамда бүкіл өмірінің барысында сандық және сапалық өзгерістер болып жатады. Қоршаған дүниені, шындықты үлкендердің көмегімен жүзеге іс-әрекет арқылы меңгеретін бала үшін оқыту және тәрбиелеу үрдісі тұлғаның дамуының жетекші күші болады.
2. Педагогикалық теорияның және әдістеменің қиын мәселесі болып тұрған нәрсе ол тұлғаның арнайы ортада дамуы болып табылады. Оның әртүрлі астарлары бар, сондықтан оны жас ерекшелік физиологиясы, анатомия, әлеуметтану, даму психологиясы сияқты әртүрлі ғылымдар қарастырады.
Шетел педагогикасында және психологиясында тұлға дамуының 3 басты жолы бар деп есептелінеді. Олар: биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік.
Биологиялық даму жолының өкілдері З.Фрейдтің тәжірбиесін ұстанып, тұлға табиғи нәрсе, оның бүкіл іс-әрекеті, қажеттіліктері оған табиғаттан берілген деп есептелінеді. Адам қоғамға тәуелді бола отырып, өзінің табиғи қажеттіліктерін басып отырады. Оны білдірмеу үшін адам «маска киеді», өзінің қажеттіліктері өтелмегені үшін, бір іс-әрекетпен айналысады. Қоғамда болып тұратын құбылыстар (митинг, революция, көтеріліс) жай адамдарға тән, өйткені оларда туғанынан біреуге басымдық көрсетуге, қаталдыққа деген құмарлық болады деп есептелінеді. Бірақ шындығында адамдар өз өмірінің қажеттілігіне қарсы шығып жанпидалыққа да барады. Әлеуметтік даму жолын ұстанушылар болса, адам дүниеге келгенде биологиялық нәрсе болып , өмір үрдісінде әлеуметтік топтардың әсерінен әлеуметтенеді. Тұлға дамуы төмен болған сайын, биологиялық инстинктері көрініп қалып отырады.
Биоәлеуметтік даму жолын ұстанушылар психологиялық үрдістерді биологиялық табиғатқа жатқызады да, ал адамның қызығушылықтары, өз-өзін дамытуы, өз-өзіне мақсат қоя білуін әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырады. Тұлғаны былай бөлу оның іс- әрекетін түсіндіріп бере алмайды. Ал отандық ғылым тұлғаны бөліп-жармай тұтас нәрсе ретінде
қарастырады, биологиялық және әлеуметтік даму бір-бірінен бөлінбейді деп есептейді. Тұлғаның табиғи дамуындағы ауытқушылықтар іс-әрекетіне де өмір сүру дағдысына да әсер етеді. Бірақ басты ролъді қызығушылығы, мақсаты, мұраты, мотивтері атқарады, өйткені бұлар тұлғаның физикалық жетіспеушіліктерін жоюға немесе мінезінің ұнамсыз жақтарын жоюға көмектеседі.
Тұлғаның рухани байлығы, оның көзқарастары, сұраныстары және қызығушылықтары, бағытталғандығы және әр түрлі қабілеттері көбіне көп балалық және жасөспірімдік жылдары қандай жағдайда қалыптасып жатқанына тәуелді. Дүниеге келген бала бірқатар факторлардың (қозғаушы күш, себеп, мәнді жағдай) әсерімен біртіндеп тұлғаға айналады. Адамның дамуына әсер ететін үш фактор бар: тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие. Оларды екі үлкен топқа біріктіруге болады: биологиялық және әлеуметтік факторлар.
Тұқым қуалаушылық - бұл генге салынған қасиеттердің ата-аналардан балаларға берілуі.
Тұқым қуалаушылықтың бағдарламасы өзіне тұрақты және өзгермелі бөліктерді енгізеді. Тұрақты бөлімі адамның адам болып дүниеге келуін, адамзаттың өкілі болуын қамтамасыз етеді. Өзгермелі бөлігі - бұл адамның ата-аналармен туыстастыратыны. Бас мидың үлкен жарты шарының қыртысының функционалдық ерекшелігінің маңызды үлкен мәні бар: созымды (пластичность),жүйкелік процестерінің қозғалғыштығы. Олар жүйке қызметінің типін басым дәрежеде анықтайды. академик И.П.Павлов жүйке процестерінің ағысы күшінің тәуелдігіне қарай, олардың тепе-теңдігіне (уравновешенность) және қозғалғыштығына қарай адамдар сыртқы ортаның әсеріне әр түрлі реакция жасайтынын анықтаған. Жүйке жүйесінің типі баланың табиғи ерекшеліктерінен, өмірде және тәрбиелеу үрдісінде ол өзіне алған әсерден құрылады. Баланың жасы кіші болған сайын оның қылығында жүйке жүйесінің типі анық көрінеді. Жүйелі тәрбиенің нәтижесінде бала өз мінез-құлығын басқаруға, оны қоршаған адамдардың талабымен үйлестіру қабілетіне ие болады. Зерттеулер типологиялық ерекшеліктердің адамның қасиеттерін қалыптастыруға әсер еткенімен, оларды толық анықтамайтынын көрсетті.
Баланың дамуына екінші бір маңызды фактор - ортаның үлкен әсері бар. “Орта” ұғымын кең және тар мағынада қарастырады. Орта кең мағынада - бұл бала өсіп жатқан климаттық, табиғи жағдайлары. Бұған мемлекеттің қоғамдық құрылысы, оның бала дамуына жасап жатқан жағдайлары, халықтың мәдениеті және тұрмысы, салт-дәстүрлері жатады. Осындай түсініктегі орта баланың әлеуметтенуінің сәттілігіне және бағытталуына көп әсер етеді.
Орта тар мағынада - бұл тікелей заттық қоршауы. Қазіргі педагогикада “дамытушылық орта” деген ұғым бар, яғни ол балаға жағымды әсер ететіндей құрылған. Педагогикада ортаны тәрбиелеудің факторы ретінде есепке алғанда адамдық қоршауды, онда қабылданған өзара қатынастың және іс-әрекеттің нормаларын еске алады. Көшенің орта ретінде жағымсыз әсерін, ондағы теріс мысалдардың бала тәрбиесіндегі зияны педагогикалық әдебиетте кеңінен жазылуда.
Тұлғаның дамуының факторы ретінде орта үлкен мәнге ие, себебі ол балаға әлеуметтік құбылыстарды жан-жағынан көруге мүмкіндік береді. Оның әсері көбіне стихиялы сипатта болады, педагогикалық басқаруға көне бермейді, сондықтан мұндай жағдай тұлғаның қалыптасуына өз салқынын тигізбей қоймайды. Дейтұрғанмен, баланы ортадан бөліп алуға тағы болмайды. Орта адамның қалыптасуына өмір бойы тұрақты түрде әсер етеді. Әңгіме осы әсердің қабылдау дәрежесінде болып отыр.
Тұлғаның құрылуына әсер ететін үшінші фактор - бұл тәрбие. Жоғарыда айтылған факторларға қарағанда оның әсері мақсатты бағытталған, саналы сипатта болады. Тәрбиенің тұлғаның дамуының факторы ретіндегі ерекшелігі, оның халықтың, қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарына әрдайым сәйкес болатындығында. Бұдан шығатын қорытынды: тәрбие туралы әңгіме болғанда оның жағымды әсері болатыны қаперге алынады. Балаға деген жалқы әсер сезінетіндей оң нәтиже бермейді, сондықтан тәрбие тұлғаға жүйелі әсерді қамтамасыз етуге тиісті.
3. Жеке тұлғаны дамуын қалыптастыру дегеніміз:
отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға даярлығын , бейбітшілік, халықтардың достығымен ыңтымағы үшін тәрбиелеу.
ғылым, мәдениет, техника салаларындағы білімдер жүйесін және өңдірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу.
адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау, адамдық жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу.
еңбек етуге даяр болуы, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу.
музыкаға, өнерге, әдебиетке, ынтасын үнемі кеңейтуге, табиғатты сүюге және қорғай білуге тәрбиелеу.
деңсаулығы мықты және дене құрлысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту міндеттерін жүзеге асыру үшін оған әлеуметтікте, белгілі-бір материалдық жағдайлар жасау қажет. Ол үшін:
1. Халыққа білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп , дамытып отыру;
2. Оқу - тәрбие беретін мекемелердің материалдық – техникалық базасын үнемі жақсартып отыру;
3. Күңдізгі және сырттай оқу орындарының жүйесі арқылы, өздігінен білім алу жолымен де жастардың білім алуы үшін кең мүмкіңдіктер беру;
4. Мәдени – ағарту мекемелерінің жүйесін қүру: клубтар, мәдениет, сарайлары кітапханалар т.б. ұжымды ұйымдастыру;
5. Жастардың деңсаулығына қамқорлық жасау, олардың жаппай дене тәрбиесімен күн сайын айналасуын насихаттау;
6. Халықтың әл-ауқатын, тұрмыс–жағдайын, материалдық ахуалын жақсарту;
7. Тәрбие үрдісіңде халықтық педагогиканы кеңінен пайдалану. Аға ұрпақтың тәжірибесін меңгерту;
8. Жастардың бос уақытың, демалысын тиімді ұйымдастыру керек.
Әдебиет.
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
Бабанский Ю. Педагогика. М., 1988.
№20 дәріс тақырыбы: Тұлғаның даму үрдісіндегі іс-әрекет. Авторитарлық және гуманистік тәрбие
Тірек ұғымдар: тұлға теориясы, белсенділік, іс-әрекет, гуманистік тәрбие, авторитарлық тәрбие.
Жоспар
Тұлғаның дамуының теориялары
Тұлғаның даму үрдісіндегі белсенділік және іс-әрекет.
Авторитарлық және гуманистік тәрбие. Гуманистік тәрбиедегі жеке тұлға.
1. Тұлғаның дамуына байланысты бірнеше теориялық тұрғылар баршылық. З.Фрейдтың (1856-1939) жасаған адамның бүкіл өмірін қамтитын тұлғаның психоаналитикалық теориясын психодинамикалық типке жатқызуға болады. Оны индивидтің ішкі психологиялық қасиеттерін, ең алдымен оның сұраныстарын және мотивтерін түсіндіруге, суреттеуге қолданады. З.Фрейдтің пікірінше, адамның ішкі дүниесінде болып жатқан және оны тұлға ретінде сипаттайтынды адам аз ғана бөлігін өзекті ұғынады. Адам өзінің қылықтарының аз ғана бөлігін дұрыс түсінеді және түсіндіре алады. Оның тәжірибесінің және тұлғасының негізгі бөлімі сана аясынан тыс жатыр, тек қана психоанализде жасалған арнайы процедуралар арқылы оған енуге болады.
Б.Скиннер және т.б. әлеуметтік оқып, үйрену теориясы арқылы тұлғаның дамуын түсіндіруге тырысты. Бұл теорияда тұлғаның негізгі психологиялық сипаттамасы - бұл қылық (поступок) немесе қылықтардың жиынтығы. Адамдардың мінез-құлқына, олардың әлеуметтік іс-әрекетіне басқа адамдар мәнді әсер етеді, яғни олар адамның мінез-құлқын құптайды немесе айыптайды. Осы теория бойынша ересектер мен балалардың мінез-құлқындағы жекелік айырмашылықтар әртүрлі адамдар мен өзара әрекеттің және өзара қатынастың, әр түрлі өмірлік жағдайда ұзақ болудың тәжірибесінің нәтижесі. Адамның мінез-құлықтың жаңа формаларына ие болудың негізгі механизмі, яғни оның тұлға ретінде дамуы - бұл өзінің оқуы, үйренуі (научения), басқаларды бақылау арқылы оқып, үйренуі, викарлық оқып, үйрену және еліктеуі.
Гештальтпсихологияның (немістің gestalt - бейне, тұтастық форма, құрылым деген сөзінен алынған) өкілдерінің (М.Вертгеймер (1880-1944), В.Келер (1887-1967) т.б.) пікірінше, психиканың негізінде сананың жекелеген элементтері жатпай, керісінше тұтастық фигуралар - гештальтаттар жатады, олардың қасиеттері оның бөліктерінің қасиеттерінің қосындысы болмайды. Жетекші психикалық процесс - бұл тәрбие. Ғалымдар мынаны дәлелдеуге тырысты: баланың дүниені қабылдауына қарай олардың мінез-құлқы, қылықтары және жағдаятты (ситуация) түсінуі тәуелді болады. Психикалық дамуының үрдісі - бұл гештальттардың өсуі және саралануы (дифференциация). Психикалық дамудың өзінің үрдісі екі тәуелсіз және параллель үрдістерге бөлінеді - кемеліне жету және оқыту.
Атақты психолог Ж.Пиаже (1896-1980) - генетикалық психологияның жарқын өкілі. Ол өз теориясын психологиялық дамудың негізі интеллектіні дамыту қажет деген идеядан құрды. Психикалық дамудың кезеңдері - бұл интеллектінің даму кезеңдері, олар арқылы барған сайын сәйкесті (адекватты) жағдайдың схемасын қалыптастыруда бала біртіндеп өтеді. Бұл схеманың негізіне логикалық ойлау жатады. Ж.Пиаженің айтуынша, даму үрдісінде ағзаның қоршаған ортаға бейімделуі жүріп жатады. Солай бола тұра бейімделу - пассивті үрдіс болмай, ағзаның ортамен белсенді өзара әрекеті. Бұл белсенділік дамудың қажетті шарты болып табылады, себебі схема туғаннан адамға даяр күйінде берілмейді, ол қоршаған дүниеде де жоқ. Схема адамның ортамен белсенді өзара әрекеті арқылы ғана жасалады.
Тұлғаның гуманистік теориясының жақтаушыларын (К.Роджерс, Г.Олпорт және т.б.) ең алдымен адамның өз өміріндегі шынайы оқиғаларды қалай қабылдайтыны, түсінетіні және түсіндіретіні қызықтырады. Тұлғаны және оқиғаларды суреттеу, түсіндіру жүзеге асырылғанда қазіргі өмірлік тәжірибеге негізінен шоғырланған, өткендегі немесе болашақтағы есепке алынбайды, “өмір мәні”, “өмірлік мақсат”, “құндылықтар” т.б. осы сипаттағы терминдерде беріледі. Санаға ие болған тірі организм болғандықтан, ол өзі үшін өмірдің мәнін, оның ролін және құндылықтарын анықтайды, өзі жоғары сарапшы және басты төреші болады. Жеке өмірлік тәжірибесінің нәтижесінде құрылатын “Мен” образы, өз кезегінде сол адамның дүниені, басқа адамдарды қабылдауын, өз мінез-құлығына, қылығына деген бағалауларын анықтауға септігін тигізеді.
Ресейлік зерттеушілердің (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Л.И. Божович, Д.Б.Эльконин және т.б.) пікірінше, баланың танымдық аясының және оның тұлғасының дамуы онтогенезде бірін бірі бірізділікпен ауыстыратын әр түрлі жетекші іс-әрекеттердің арнасында жүреді. Баланың тұлғасының қалыптасуының бастамасы болатын ең бірінші іс-әрекеттің түрі анасымен, басқа қоршаған адамдармен болатын нәрестенің тікелей-эмоциональдық қарым-қатынасы болады. Кейін қарым-қатынастың формалары ролдік ойындарда, бірлескен оқу және еңбек іс-әрекетінде дами түседі, сөйтіп өзінің даму барысында тұлғаның өзгеруіне жаңа сүйену нүктелерін береді. Басқа жетекші іс-әрекеттердің тобында (спорттық, көркемөнер, қоғамдық) баланың танымдық аясы және сәйкесті қабілеттері дамуда болады. Сөйтіп, туғаннан орта мектепті бітіргенге дейін бір жағынан, заттық бағыттағы жетекші іс-әрекеттер бірізділікпен мерзімділікпен бірін бірі ауыстырады, екінші жағынан қарым-қатынас формалары тұлғаның танымдық процестерін және тұлғаның өзін дамуды қамтамасыз етеді.
2. Белсенділік - тірі ағзаның бүкілжалпылық сипаттамасы, олардың өзіндік динамикасы өзгертудің қайнар көзі ретінде немесе олардың ортамен өмірлік мәнді байланыстарды қолдап отыру. Ағзаның өмірлік іс-әрекеті ортамен тек тепе-теңдікте болмай, сонымен бірге ортаны белсенді еңсеру. Белсенділік ортада оқиғалардың мүмкіндік болжамды дамуын және ағзаның ондағы орнына сәйкес құрылады.
Белсенділік іс-әрекетпен ара-қатынаста жүреді, оның құрылуының, жүзеге асырылуының және түрі өзгеруінің динамикалық шарты ретінде байқалады, оның өзіндік қозғалысының қасиеті ретінде. Оны сипаттайтындар: еріксіздік - субъектіде бар мақсатпен шартталғандығы; жағдайдан жоғары, тәуелсіз тұратындығы - берілген мақсаттың шеңберінен шыға алатындығы; қабылданған мақсатқа қатынасты іс-әрекеттің орнықтылығы.
Белсенділік дүниені танып білуде көрінісін табады. Адам өзі оқи бастамаса оны еш нәрсеге үйретуге болмайды. Танымдық белсенділік басынан-ақ өмірді қамтамасыз ететін сипатта болады, себебі ол арқылы бала өзіне жаңа дүниеде бағыт-бағдар алады.
Эмоциональдық белсенділік - тұлғаның белсенділігінің маңызды қыры. Бала көп нәрсені өте ұзақ мерзім кезінде санадан көрі эмоция деңгейінде танып біледі. Ол әсерге жауап ретінде эмоционалдық белсенділікпен өз күйі туралы қоршаған адамдарға белгі береді. Осы белсенділік арқылы бала заттар мен іс-әрекеттің тәсілдерін меңгереді.
Белсенділік тірі ағзаның қасиеті ретінде дамудың қажетті шарты және алдыңғы себеп сапасында болып отыр.
Адамның дамуында іс-әрекеттің тұлғаға әсері ерекше екендігін атап өткен жөн. Адам әрекеті негізінде және соның арқасында тұлғаның дамуы мен оның қоғамда әр түрлі ролдерді атқаруы жүзеге асады. Тек әрекетте ғана индивид тұлға ретінде орнығады, онсыз ол “өзіндік зат” болып қалар еді. Адам өзі туралы қаншама ойларға беріліп, кез-келген қиялдар тудыруы мүмкін, ал өзінің нақты болмысында тек іс арқылы аңғарылады. Бекерден-бекер Конфуций адамдар сөздерін тыңдап қоймай, олардың істерін де көре білген, сол сияқты Аристотель де былай деп жазған: “Жеңіс сыйлықтарын тек жарысқа қатысқандар ғана алады”.
Іс-әрекет - субъектінің белсенділігі ретінде дүниені өзгертуге, материалдық немесе рухани мәдениеттің белгілі бір объектіленген өнімін жасауға немесе туғызуға бағытталған.
Адамның іс-әрекеті алғашқыда практикалық, материалдық іс-әрекет ретінде болды. Кейін одан теориялық іс-әрекет бөлініп шықты. Әрбір іс-әрекет әдетте бірқатар актіден тұрады: қандайда бір ұмтылысқа немесе мотивке негізделген, белгілі бір мақсатка бағытталған әрекет немесе қылықтар.
Субъектінің іс-әрекеті әрдайым қандайда бір сұраныспен байланысты. Субъектінің неге болса да қажеттігінің көрінісі болып, сұраныс оның іздеушілік белсенділігін туғызады.
Адамның іс-әрекеті - оның дамуының қажетті шарты, оның үрдісінде өмірлік тәжірибеге ие болады, қоршаған шындық танылады, білім меңгеріледі, іскерліктер мен дағдылар жасалынады. Іс-әрекетте психикалық процестер дамиды, тұлғаның ақыл-ой, эмоционалдық және еріктік сапалары, оның қабілеттері және мінезі қалыптасады.
Бала ерте жастан-ақ іс-әрекеттің әр түрлі формаларына араласады. Мектепке дейінгі жастық шақта баланын негізгі іс-әрекеті ойын болады. Ойынмен қатар оның өмірінде еңбектік іс-әрекет те маңызды орынға ие бола бастайды. Баланың мектепке келуімен оның негізгі іс-әрекеті оқу болып табылады. Мектепте оқу кезеңінде еңбек іс-әрекеті барған сайын үлкен мәнге ие бола бастайды.
Бала көптеген қасиеттерді және сапаларды спорттық, көркемөнер және басқа да іс-әрекеттің түрлерінде ие болады. Іс-әрекеттің сипатын өзгертіп отыру, тәрбиелеу үрдісінде оның мазмұнын, формаларын, ұйымдастырылуын байыту, іс-әрекетті бас-қаруға оқушылардың өздерін тарту - оқушыларды тәрбиелеудің заңдылықтарының бірі.
Балаларды дамытуда іс-әрекеттің әсері көбіне мотивтерге тәуелді, сондықтан балалардың іс-әрекетінде жекелік және қоғамдық мәнді мотивтерді ұштастыруға тырысу қажет.
3. Ежелгі уақыттан біздің күнге дейін тәрбиеге байланысты екі қарама-қарсы көзқарас бар (балаларды қорқынышта және бағынуда тәрбиелеу; балаларды мейірімділікпен және сүйіспеншілікпен тәрбиелеу).
Халықтың өмір сүру жағдайына тәуелді және мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына қарай тәрбиелеу дәстүрлері құрылады. Тыныш, бейбіт, ауқатты өмір сүріп жатқан қоғамдардағы тәрбиеде гуманистік үрдіс басым. Ал тұрақты түрде күреске толы қоғамдарда үлкеннің беделіне және кішісінің бағынуына негізделген көбіне қатаң тәрбие жүзеге асырылуда. Сөйтіп, педагогикалық ойдың дамуында 2 негізгі бағыт бар: авторитарлық және гуманистік.
Авторитарлық (лат. билік, ықпал) - 1. диктатуралық, билікке сөзсіз бағынуға негізделген; 2. өктем, өзінің билігін, беделін орнатуға ұмтылушы.
Авторитарлық тәрбие (АТ ) дегеніміз біріншіден тәрбиеленушілердің тәрбиелеушілерге сөзсіз бағынуын қамтитын және беделді соқыр мойындауына негізделген тәрбие, екіншіден, тәрбиешінің еркіне шүбәсіз бағынуды қамтитын концепция. А.Т. оқушылардың бастамашылығын және дербестігін басқандықтан, олардың белсенділігін, жекелігін дамуды тежейді, тәрбиеленуші мен тәрбие-леушінің арасында тартыстың пайда болуына соқтырады.
Авторитарлық тәрбиенің негізін салушы неміс педагогы И.Ф.Гербарт (1776-1841) болды. Оның пікірінше оқу үрдісі кең өрістегенге дейін балаларда өз іс-әрекеттеріне түсінбейтін “тағылық тәрізді тентектік” кезең болады, бұл кезде оны тәрбиелемей, бағындырып басқару керек. Ол балаларға бұйрық және тыйым салу әдістерін қолдануды, белгіленген ережелерді бұзған балалар үшін мектепте штраф кітабы құрылады, мұны үйде де қолдануды ұсынады. И.Ф.Гербарттың әсерімен тыйым салу және жазалау жүйесін қамтитын тәрбиелеу практикасы құрылды: балаларға түскі тамақ берілмеді, бұрышқа қойды, карцерде ұстады, штраф кітабына жазды.
Гуманистік педагогика (ГП) - тәрбиелеудің қазіргі теориясы мен практикасындағы бағыт. Ол АҚШ-та ХХ ғ. 60 жылдарында гуманистік психологияның идеяларын педагогикалық жүзеге асыру ретінде пайда болды. Г.П. философиялық-идеологиялық бағытталғандығы педоцентризм, жаңа адамды тәрбиелеу және “прогрессивизм” идеяларына жақын. Г.П. зейінінің орталығында - бірегей тұтастық тұлға болады. Ол өзінің мүмкіншілігін барынша жүзеге асыруға ұмтылады, жаңа тәжірибені қабылдауға ашық, әр түрлі өмірлік жағдайларда саналы және жауапкершілікті таңдауға қабілетті болады.
Гуманизм (лат. адамгершілікті) - өркениетті дамудың талабы, мұның өзі әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жетуіне байланысты болып отыр, әрі бұл қатынастарда алдымен әлемнің тұтқасы ретінде адам аса айшықтана көрінеді. Г. - бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық үрдістің барлық дәрежесінде ең бастысы адамның өзі болуы тиіс. Сондықтан тұлғаны тәрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының негізгі мақсаты болуы тиіс. Гуманистік педагогика құндылық бағытталғандығына қарай мәдени білім алу сұранысын қанағаттандыруды, әрбір жеке адамға тән қолы жететіндей білім алудың дәрежесін, сапасын, бағытталғандығын таңдауды, оны алудың тәсілін, сипатын және нормасын қамтамасыз етеді. Оқыту үрдісін оқушыға ден қойып бағыттайды.
Гуманистік педагогика тәрбиеленушіге адами қатынасты талап етеді; оның құқы мен еркіндігін, оқушының пікірін, тұрғысын, өзімен өзі болуды; сыйлауды; денелік және оқушының абыройын түсіретін жазалауды қолданудан бас тарту.
Гуманистік педагогикалық жүйелерді жасаушылар - М.Монтессори (еркін табиғатқа сәйкесті тәрбие идеясы), Р.Штайнер (вальдорф педагогикасы, әрбір баланың даму ерекшелігін есепке алатын), С.Френе (балалардың жастық психологиясын және қызығушылығын есепке алу, олардың интеллектуалдық және эмоционалдық белсенділігін мақсатты бағытталған түрде ынталандыру).
Әдебиет.
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
Бабанский Ю. Педагогика. М., 1988.
Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. А., 1987.
№21 дәріс тақырыбы: Тәрбиенің жалпы заңдылықтары
Достарыңызбен бөлісу: |