Тірек ұғымдар: заң, заңдылық, тәрбие заңдылығы.
Жоспар
1. Заң және заңдылық туралы түсінік.
2. Тәрбие процесінің заңдылықтарына сипаттама.
1. Заң – шынайы дүниенің жалпы, қажетті, мәнді, салыстырмалы тұрақты және қайталанатын байланыстарды көрсетуі, ал олар өз кезегінде тиісті жағдай болғанда дамудың сипатын, бағытын және нәтижесін анықтайды. Заң мен заңдылық арасында өзгешелік бар. Негізінен олар бір типті, бір дәрежедегі ұғымдар, себебі оларда шындықтың ішкі байланыстары және дамуы көрсетіледі. Сонымен бірге заң заңдылықтың белгілі бір жағы іспетті. Ал заңдылық сол шындықтың аясындағы заңдардың ісінің жиынтық нәтижесі сияқты. Заңдылық қажетті үрдіс болып, онда заңдардың тұтастай жиынтығы іс атқарады.
Заңдылық – қандай да бір үрдістің кезеңінде немесе қоғамдық өмірдің кез келген аясындағы объективті түрде бар, қайталанатын, мәнді байланыстағы құбылыстар. Тәрбие заңдылықтары нақты жағдайда заңдардың әрекетінің көрінісі ретінде қарастырылады, яғни тәрбие үрдісінің компоненттерінің құрамдас бөліктерінің арасындағы объективті, мәнді, тұрақты, қайталанатын байланыстары.
2. Тәрбие заңдылықтары: тәрбиенің қоғамдық мұқтаждық пен талаптарға үйлесімділігі; тәрбие, оқыту, білім беру және жеке дамуы процесстерінің өзара тәуелділігі; жеке адам қарым-қатынасы мен тәрбиесіндегі іс-әрекеттің анықтаушы ролі; тұтас тәрбие процесіндегі мақсат, мазмұн, әдістер мен тәрбие формаларының бір-біріне тәуелділігі т.б.
Тәрбие процесінің негізіне қоғамдық өмірдің объективтік сұраныстарын, адамның әлеуметтік мәнін және табиғи жаратылысын көрсететін заңдылықтар жатады. Жалпы заңдылықтар осы үрдістің маңызды, барынша ірі компоненттерінің байланыстарын көрсетеді. Ал жүйе ішіндегі компоненттердің (бірліктерінің) байланысын анықтайтын заңдылық жеке (нақты) заңдылық деп аталады. Тәрбие үрдісі жалпы педагогикалық үрдістің бөлігі ретінде осы үрдістің заңдылықтарына бағынады.
Тәрбиелеу тәжірибесі үшін тәрбие үрдісінің кейбір бірліктерінің тәрбие сапасына ықпал жасайтын заңды қатынастар пәрменділігімен байланыстыру қажет.
Тәрбиелеу пәрменділігі мыналарға байланысты:
1) қалыптасқан тәрбиелік қатынастарға;
2) әрекеттерді ұйымдастыру мен оған қойылған мақсаттардың бір-біріне үйлесуіне;
3) тәрбиелік әсердің әлеуметтік тәжірибесі мен сипатының (бағыттылығы, мазмұны) тәрбиеленушілерге ықпал етуіне;
4) объективті және субъективті факторлар әрекетінің байланысына;
5) тәрбиелеудің және өзіндік тәрбиенің қарқындылығына;
6) педагогикалық өзара әрекеттегі тәрбие процесіне қатысушылардың белсенділігіне;
7) тәрбиемен ұштасушы дамыту және оқыту процестерінің пәрменділігіне;
8) тәрбиелік ықпалдың сапасына;
9) тәрбиелеушінің «ішкі жан дүниесіне» әсер ету қарқындылығына;
10) тәрбиеленушілердегі сөздік және сезімдік процестердің даму деңгейі мен педагогикалық әсер етудің үйлесуіне;
11)тәрбиеленушілердің өзара бір-бірімен қарым-қатынасының қарқындылығы мен сапасына байланысты болады.
Әдебиет.
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
Бабанский Ю. Педагогика. М., 1988.
Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. А., 1987.
№22 дәріс тақырыбы: Тәрбиенің жалпы принциптері
Тірек ұғымдар: принцип, қағида, тәрбие принциптері.
Жоспар
1. Тәрбие принципі туралы түсінік.
Тәрбиенің принциптері немесе оның басты қағидалары.
1. Латын тіліндегі principium деген сөзі «негіз», «бастапқы» дегенді білдіреді.
Әңгіме принцип жайлы болғанда, белгілі бір теориялық негізгі, бастау боларлық жағдайлары, басшылық ететін идеялары негізгі мінез-құлық ережелері, әрекеттері меңзеледі.
Тәрбие принциптерінің объективті негіздері бар. Оларды адам ойының еркін конструкциясы ретінде, жеке адамдардың еріккен қиялының жемісі ретінде қарастыруға болмайды. Онда тәрбие үрдісінде тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы заңды байланыстар мен қарым-қатынастар көрінеді.
2. Тәрбие үрдісінің принциптері (тәрбие принциптері) — бұл тәрбие үрдісінің мазмұнына, әдістеріне оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері. Олар тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшелігін танытады. Педагогикалық үрдістің жалпы принциптерінен нақты тәрбие принциптерінің өзгешелігі – тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендігінде жатыр. Осы принциптерге қойылатын талаптарды сипаттайық.
Міндеттілік. Тәрбие принциптері – бұл кеңес, нұсқау емес, олар толық және міндетті түрде тәжірибеге ұласуды талап етеді. Принциптерді дөрекі түрде әркез бұзу және ондағы міндеттерді орындамау тәрбиелеу үрдісінің пәрменділігін кемітіп қана қоймай, сонымен бірге ол принциптердің негізін, түп-тамырын ыдыратады. Егер тәрбиеші принцип міндеттерін бұзса, онда ол тәрбие үрдісі жетекшілігінен аластатылады. Тіпті, мысалы, егер педагог гуманистік принциптерді, жеке басты қадірлеу принциптерін қасақана әрі дөрекі бұзса, онда ол заңды жауапкершілікке тартылуы қажет.
Кешенділік. Принциптер кешен, бөлінбеген талаптар түрінде тәрбие үрдісінің барлық кезеңдерінде бірігімді қолданылуы тиіс. Принциптер тармақталмай, фронтальды әрі барлығы бірдей іске асып отырады.
Бірмәнділік. Тәрбие принциптері жалпыға бірдей ортақ ережелер ретінде бірмәнді болып келеді, олардың арасында біреуін бірінші кезекте орындау керекті немесе ертеңге қалдыра салуға болатын сияқты негізгі немесе қосалқы принциптері болмайды. Барлық принциптерді теңдей мәнді деп бағалау тәрбиелеу үрдісінің жемісті болуының кепілі.
Сонымен бірге тәрбие принциптері – дайын нұсқау емес, тіпті олар ұстану арқылы жоғары нәтижеге автоматты түрде жеткізе салатын әмбебап (универсал) ережелер де емес. Олар тәрбиеге қажет арнайы білімдерді, тұлға тәжірибесін, шеберлігін алмастыра алмайды. Тәрбие принциптерінің талаптары баршаға бірдей болса да, олардың практика жүзінде іске асырылуы тұлғалық шарттарға байланысты болады.
Тәрбие үрдісі сүйенетін принциптер белгілі жүйені құрайды. Тәрбие жүйелерінің түрлері бұрын да, қазір де көптеп саналады. Әлбетте, олардағы принциптердің сипаты, жекелей міндеттері, тіпті кейбір принциптердің өздері өзгеріске түседі. Қазіргі тәрбиелеу жүйесі мынадай принциптерді ұстанады:
- тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы;
- тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы;
- тәрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу;
- тәрбие гуманизациясы;
- тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау;
- тәрбиелік ықпалдардың бірлігі.
Тәрбие гуманизациясы мынаны талап етеді:
- тәрбиеленушінің тұлғасына гумандық қатынасты;
- тәрбиеленушіге әлі келетін және ақылға сыйымды тұжырымдалған талаптарды қою;
- тәрбиеленушінің тұрғысына сыйлаушылықпен қарау;
- адамның өзімен өзі болу құқығын сыйлау;
- денелік және оқушының абыройына тиетін жазалаулардан бас тарту;
- тәрбиеленушіге оны тәрбиелеудің нақты мақсаттарын санасына жеткізу.
Әдебиет.
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
Бабанский Ю. Педагогика. М., 1988.
Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. А., 1987.
№23 дәріс тақырыбы: Тұлғаның базалық мәдениетін тәрбиелеу
Тірек ұғымдар: тұлғаның базалық мәдениеті, тәрбие істері, этикалық тәрбие істері, эстетикалық тәрбие істері, дене шынықтыру тәрбие істері.
Жоспар
1. Тұлғаның базалық мәдениетін тәрбиелеу және тәрбие істері туралы түсінік.
2. Этикалық немесе адамгершілік тәрбие істері.
3. Эстетикалық және дене шынықтыру тәрбие істері.
1. Тұлғаның базалық мәдениеті - бұл өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті болып табылады, яғни, экономикалық мәдениет пен еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық, және құқықтық мәдениет, адамгершілік пен экологиялық мәдениет, көркемөнер және дене мәдениеті, отбасы қатынастар мәдениеті.
Тәрбиелік істер (ТІ) мақсаттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді: этикалық, әлеуметтік багдарлы (ӘБ), эстетикалық, танымдық, спорт және дене тәрбиесі, экология, еңбек және т.б. Қоғамдық маңызы бар қасиеттерді тәрбиелеу мақсатындағы ТІ-ін ӘБ деп атайды. Бұл бағыттағы ТІ-дің негізгі мақсаты - оқушыларда элеуметгік қатынастар жүйесін қалыптастыру: қоғамға, мемлекеттік басқару және құқық мекемелеріне.
Саналы тәртіпті үйретудің негізгі жолы — ТІ-ін үйымдастыру.
Бұл жүмыстың мақсаты — оқушылардың мінез-құлық ережесін, күн тәртібі талаптарын сақтауын, өмірлік іс-өрекеттер тәртібін орындауға үйрету. Сол үшін өрбір оқу орнында мінез-құлық ережелері белгіленеді. Ал бұл ережелер бір жағынан — қоғамдық мораль принциптерін танытса, екінші жағынан — сол оқу орнының жүмыс ерекшелігін білдіреді.
Қажет болған жерде ереже өзгереді. Ереже сипаты: 1) төрбиеленушінің өмір жағдайына сай әрі үйлесімді, оның мүмкіншіліхтері мен қабілетгеріне сәйкес болуы керек; 2) дәл белгіленген мерзімде барлық іс-әрекетгің бірге орындалуын міндетгейтін болуы қажет; 3) нақты; 4) шынайы орындалатын әрекеттерді қамтуы шарт.
ТІ табысты болуына арқау тәртіптілік бағытындағы жалпы талаптар: 1) әрбір жаңа іс бүрынғыға негізделе отырып, сапалы тәртіп дайындығы үрдісін жоғары деңгейде жалғастыруы міндетті; 2) олар жалпы принциптерге сәйкес, бірақ стандартқа қатып қалмай, орын және уақыт жағдайларын ескеруі шарт; 3) тұлға тәрбие бөлшектеліп емес, біртұтас жүретіндіктен, тәрбие істері де белгіленген нақты, жинақы жүйеде орыңдалуы қажет.
Егер тәртіптілік сапасы үнемі өзгеріп жатса, онда педагог мінез ауысуларының қайда, қашан басталғанын зерттеп үйренуі керек. Педагог шеберлігі ТІ белгілі кезеңце жаңа сапаға бағыттай алуынан көрінеді.
ТІ-ін дұрыс үйымдастыруға кедергі жасайтын себептер:
1) Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының нашар құрылуы.
2) Тәрбие жүмысының бір жақтылығы, яғни тәртіптілік басқа сапалардан бөлініп қалады немесе оларды кезекпен дамыту ұстанымы белең алады.
3) Тәрбие жұмыстарында науқаншылдықтың жеңіп, бірізділіктің болмауы.
4)Тәрбиешінің оқушылармен қатынасындағы мәдениеттің кемдігі.
5) Формализм, педагогтың тек әсіре көрсеткішке көңіл бөлуі.
6) Тәртіпке шақыру жолдарын пайдаланудағы қателік: орынсыз төмен не асыра бағалау.
7) ТІ-де әрекеттердің келісімді жүйелі болмауы, басты проблема тасада қалып, елеусіздеріне үміт арту.
Әлеуметгік бағдарлы тәрбие істері оқушьшардың өмір позициясын қалыптастыруда қажетгі жағдайлар жасайды. Олар арасында берілген тапсырмалар ойын түрінде емес, нағыз жауапты жұмыс сипатында бала тарапынан қабылдануы тиіс.
2. Адамгершілік тәрбиесі - бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, мінез-құлығына адамгершілік сапаларды қалыптастыру мақсатында мақсатты бағытталған және жүйелі әсері.
Келесі анықтама бойынша, адамгершілік тәрбиесі - оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыруға және оларға өздерінің бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиелеушілердің арнаулы мақсат көздеген іс-әрекеті.
Адамгершілік тәрбиенің мақсатының ерекшелігі үстемдік қоғамдық қатынастармен және рухани құндылықтармен анықталынады. Тәрбиелеу мақсаты - адамгершілік орнықты, тұтастық тұлғаны қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері:
адамгершілік сананы қалыптастыру: адамгершілік ұғымдар, мұратын, этикалық құндылықтарды және нормаларды, моральдық себептендіруді, этикалық бағалауды;
адамгершілік сезімдерді дамыту: гуманизм, ар, абырой, борыш, жауапкершілік, жолдастық, ұжымшылдық, ұят, адамдарға сыйлаушылық т.б.;
қабылданған этикалық нормаларға және дәстүрлерге сәйкесті мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру, адамгерішілік әдетке (шындықты айту, жамандық істемеу т.б.) дағдыландыру.
Адамгершілік тәрбиенің ұстанымдары (принциптері): тәрбиенің қоғамдық бағытталғандығы, тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы, тәрбиеде жағымдыға арқа сүйеу, тәрбие гуманизациясы, тәрбиелік ықпалдардың бірлігі, сана мен мінез-құлық бірлігі, мектеп, отбасы және жұртшылықтың педагогикалық талаптарының бірлігі.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны:
- адамда қоғаммен байланыстылығын, оған тәуелділігін, өз мінез-құлқын қоғамның қызығушылығымен сәйкестендіру қажеттігі санасын қалыптастыру;
- адамгершілік мұраттармен, қоғамның талаптарымен таныстыру, олардың орынды қойылуын және ақылға сыйымдылығын дәлелдеу;
- адамгершілік білімдерді адамгершілік сенімдерге айналдыру, осы сенімдердің жүйесін құру;
- орнықты адамгершілік сезімдерді, адамгершілік сапаларды және жоғары мәдениетті мінез-құлықты қалыптастыру;
- адамгершілік әдеттерді қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиенің формалары:
- көпшілік: мейрамдар, кештер, ертеңгіліктер, пікірталастар, фестивальдар, жорықтар, жиналыстар т.б.
- топтық: еңбек бірлестіктері, клубтар, пән үйірмелері, қоғамдық бірлестіктердің жұмысы, ғылыми қоғамдар, қызығушылық бойынша бірлестіктер т.б.
- жекелік: өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары, жеке ғылыми-танымдық, шығармашылық іс-әрекеті, адамгершілік мазмұндағы тапсырмалар т.б.
Адамгершілік тәрбиенің әдістері: адамгершілік санасын қалыптастыру әдістері (әңгіме, дәріс, пікірталас, үлгі);
- адамгершілік қоғамдық мінез-құлық әрекетін және тәжірибені қалыптастыруды ұйымдастырушы әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттығу, тәрбиелеушілік ситуациялар туғызу, тапсырма;
- адамгершілік іс-әрекет пен мінез-құлық стимулының әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау.
Адамгершілік тәрбиесінің үрдісінің ерекшелігі:
- оның мазмұнымен шартталған - қоғамдық моральмен, қоғамдық адамгершілік сананың нормаларын индивидуалдық санаға және әрбір оқушының мінез-құлқына ендіру қажеттігімен;
- оның мақсаттарының, мазмұнының, адамгершілік тәрбиленгенділігінің көрінісі, ұйымдастыруының және диагностикасының ерекшелігі;
- ақыл-ой, еңбек, азаматтық, эстетикалық, денелік, құқықтық тәрбиелеу үрдістеріне енгізілгендігінде.
Адамгершілік тәрбиені жүзеге асыру жолдары:
- оқу үрдісінің мүмкіншілігін пайдалану, әсіресе гуманитарлық пәндердің;
- мәдениет, денсаулық сақтау, құқық ұйымдарының т.б. мекемелердің тәрбиелік мүмкіншілігін пайдаланып, сыныптан, мектептен тыс жұмыста адамгершілік білім беру;
- ұжымдық өмірде, бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынаста адамгершілік тәжірибесін және қоғамдық мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру;
- отбасы тәрбиесі, отбасының және қоғамдық тәрбие мекемелерінің өзара байланысын қамтамасыз ету.
Тәрбиелік істерінің этикалық бағыттағы құрылымына педагог адам моралі туралы мәліметтер ендіреді. Мораль - адам санасының формасы және адамзат мәдениетінің бөлігі. Мораль принциптерін, нормасы мен мәнін түсінуден тәрбиеленушілер өздерінің және басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалауға үйренеді. Адамгершілік жағынан тұрақталған тұлға моральдық нормалардың шындығына сенімді болады, оларды орындау қажеттілігін мойындайды. Бірақ, адамгершілік нормаларды білу, түсіну наным-сенімдер бекуін өзінше қамтамасыз ете алмайды, тек олардың қалыптасуына қажетті алғышарттар ғана болып есептейді.
Этикалық тәрбие істерінің ең басты мақсаты - адамгершілік мінез-құлықтарды қалыптастыру, тәрбиелік істер күнделікті өмір жағдайындағы адамгершілік іс-әрекет бірлігінен құралады. Өз қылықтарымен адам айналамен байланысып, ондағы жағдайлармен қарым-қатынас бейнелейді. Адамгершілік әдет-қылық тудыру үшін соған сәйкес жағдай жасау керек. Жоғары адамгершілік іс-әрекет қажеттігін қалыптастыру - этикалы тәрбие істерінің маңызды бөлігі.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажетгігін сезіндіру; адамгершшік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру; түрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру; адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.
Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды. Осыдан әрбір оқушыға төмендегі проблемалардың маңыздылығын түсіндіру лазым: 1) адамға ең қымбат - өмір; 2) балалар - өмір жалғасы; 3) тәртіптілікпен байланысқан еркіндік; 4) отансүйгіштік (патриотизм); 5) ұлтжандылық; 6) интернационализм; 7) борыш, ар, намыс, ождан, тәртіп сақтау, кішіпейілдік және т.б.
Тұлғаның адамгершілік қажетгігін қалыптастыру — оның түйсік жүйесіне моральдық нормалар мен прин-циптерді қабыдцату процесі.
Адамгершілікті қажетгіктің көмегімен ізгілік мораль негізі - еркін тандау мүмкіндігі туады. Адамның еркін тандау мүмкіндігін дамытудан этикалы ТІ функциясы орындалады. Әдет-қылықтар жүйесі адамгершілік әдетгерді қалыптастырады. Әдеттерден адамгершілік қылықтарды қалау түрақты қажеттілікке айналады. Әдеттер қарапайым (қарым-қатынас ережесі, жүріп-түру мәдениеті, тәртіп) және күрделі болады (еңбекке дайындық және оны қажетсіну).
ТІ-ні орындау мақсатында мектеп тәэйфйбесінде тексерілген келесі ережелерді негізге алған жөн:
1. Адамгершілік тәрбие үдісі адам үшін "күреске" айналмауы тиіс. Тәрбие "күрес" емес, күңцелікгі күрделі жүмыстан түратын үзақ маңдай тер ісі.
2. Түлғаның ізгілікті қасиеттері өмір қажетінсіз қалыптаспайды.
3. Түлғаны жақсылық жасауға ынталандыратын жағдайлар туындату қажет.
4. Бірнеше әдетті қатар бір мезетте дамытуға болмайды, оқушының жаңа нормалар мен ережелерді қабылдауға дайындығын ескерген жөн: жаман қылықтары болса, одан арылуы тиіс, олардың жақсы не келеңсіз екенін түсіндіру қажет.
5. Жоғары адамгершілік қасиет қарапайым, жәй-нәрселерге негізделеді. Гуманизм, сыйластық, қылық мәдениеті дағдыларын дамытпай, адамды мейірімділікке тәрбиелеуге болмайды: сыпайылылық, есіркеушілік, сөйлеу мәнері, мейір белгілері.
6. Үжымдық, азаматтық тәртіпті түсіну сияқты адамгершілік қасиетгерді тәрбиелеу үшін арнайы әдеттерді ұғыну керек: басқаларға қамқорлық, адамды түсіну, өзінің эгоистік сезімін тежеу, ұжым талабын орындау, қауым алдындағы міндеттер, өз ісі мен сөзіне жауап беру т.б.
7. Мораль арқылы жаман әдеттерді айыра білу: өте қатты сөйлеу, басқалар сөзін бөлу және тындамау, тырнақ тістелеу, қол сілтеу т.б.
3. Эстетикалық (әсем) істер - арнайы бағыттағы тәрбие жұмыстарының жалпы атауы, мақсаты - өмірге эстетикалық қатынас баулу: еңбекке, қоғамдық іске, табиғатқа, өнерге, өз қылығына деген қатынасты таныту. Бұл тәрбиенің басты міндеті — эстетикалық түсінік, баға, талқы, қажеттік, тандау жөне қабілет дамыту.
Эстетикалық тәрбие тұлғада әсемдік сезімін дамытады. Адам әсемдікті сезінуден, өз өмірін сұлулық заңымен құруға үмтылады. Эстетикалық тәрбие адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиесімен тығыз байланысты. Табиғатқа, әдебиетке, театрға, музыкаға, поэзияға, көркем сурет және т.б. өнерге деген сүйіспеншілік адамның жан-жақты саналы дамуына әсер етеді. Адамгершілік қалыптасуда эстетикалық тәрбиенің маңызы зор. Әсемдік рахаты әр адамды жақсылыққа, үжымшылдыққа, адал еңбекке жетелейді.
Дене тәрбиесі сүлулықтың көп элементтеріне арқау: дене дамуының үйлесімі, жүріс-тұрысы, адам мінезі, ойлау мәнері т.б.
Әсемдік ТІ-не байланысты оқушылар эстетика теориясы білімдерін меңгеруі тиіс. "Эстетика" термині гректің "эстезис" - сезімталдық деген сөзінен шыққан. Бұл сөзді алғаш рет неміс өнертану ғалымы Баумгартен ғылыми атау ретінде енгізді. 1750 ж. оның "Эстетика" деген еңбегі жарық көрді. Сол кезден бастап эстетика ғылым саласына айналды. Ал эстетика үғымының өзі ертеректе туған. Оның бастауы ежелгі заманға кетеді. Өркениет өрісінде адам өзін қоршаған ортада сүлулық іздеп, сезінуге үйренеді. Бұл қабілет эстетикалық сезім деп атауын алды. Ол еңбек үрдісіне орай дамиды және кемелденеді. Адам табиғатты жаңалау, өзгерту арқылы өз табиғатын, әлеуметтік қарым-қатынасын қалыптастырып отырады.
Эстетика категориясының ең негізгісі - әдемілік, әсемдік категориясы. Әсемдік — бұл өмірдің өзі, бұл табиғат және адам қарым-қатынасы мен оның еңбегінің жемісі.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - эстетикалық талғамды және өмір шындығына (еңбекке, қоғамдық іске, табиғатқа, өнерге, өз қылығына) эстетикалық қатынасты қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
- эстетикалық сананы қалыптастыру, яғни отандық және дүниежүзілік мәдениет, эстетика негіздері бойынша білімдер жинағы, өнерде, халық көркемөнер шығармашылығында, табиғатта, адамда шынайы әсемдікті айырып, түсіне білу қабілеті;
- эстетикалық сезім, талғамды қалыптастыру, көркем - шығармашылық іс-әрекетке қабілетін және мотивациясын (сұранысын; қызығушылығын т.б.) дамыту;
- көркем-шығармашылық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру, дарынды балаларды қолдау, тұрған ортасын, еңбегін, оқуын эстетикалық нормаға және құндылықтарға сай ұйымдастыру тәжірибесін (іскерліктер мен дағдылар) жасау.
Эстетикалық тәрбиенің жалпы принциптерімен бірге ерекше принциптері де бар:
- эстетикалық тәрбиенің және көркемөнер білімінің бәріне қатыстылығы және міндеттілігі;
- эстетикалық тәрбиенің бүкіл істеріне кешенді (комплексті) тұрғы;
- балалардың көркемөнер және жалпы психикалық дамуының бірлігі;
- балалардың көркемөнер-шығармашылық іс-әрекеті және өнерпаздығы;
- балалардың бүкіл өмірінің эстетикалық талаптарына сай болуы;
- балалардың жастық психологиялық-педагогикалық ерекшелігін есепке алу;
Эстетикалық тәрбиенің мазмұны:
- қоршаған дүниені эстетикалық қабылдауды, әсемдікті бағалау және жасау қабілетін дамыту;
- эстетикалық сезім мен эмоцияларды дамыту;
- өнер, мәдениет, табиғат объектілері аясында оқушыларға эстетикалық білім беру;
- оқушылардың эстетикалық нышандарын, қабілетін және ынталарын дамытуға бағытталған жекелік эстетикалық тәрбие;
- эстетикалық қатынастарды, қабылдауды, сезімдерді, талғамды және мұраттарын қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбиенің формалары: конкурстар, викторина, мектеп мекемелері, үйірмелер, шығармашылық топтар, ұжымдық жаңа формасы - «ұшқын» концерті, қуыршақ театры, әдеби-шығарма конкурсы, ұнамды сабақ эстафетасы, гигиеналық мәдениет, тазалық пен тәртіпті тек оқу орындарында ғана емес, сол аймақта сақтау қажеттігімен байланыстыру т.б.
Эстетикалық тәрбиеде тәрбиелеудің жалпы әдістерін кеңінен пайдаланады.
Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру жолдары:
- оқыту үдісінде: тілдер, әдебиет, тарих, саз, бейнелеу өнері, дүниежүзілік және отандық көркемөнер мәдениет сабақтары;
- оқудан тыс тәрбиелік жұмыстың әр түрлі формалары мен түрлері;
- жалпы және қосымша білім беру, мектептен тыс тәрбиелеу және оқыту,мәдениет және т.б. мекемелерінде көркем-шығармашылық іс-әрекетке баулу.
Өркениет өрісінде адам өзін қоршаған ортада сұлулық іздеп, сезінуге үйренеді. Бұл қабілет эстетикалық сезім деп атауын алды. Эстетика категориясының ең негізгісі - әдемілік, әсемдік категориясы. Әсемдік - бұл өмірдің өзі, бұл табиғат және адам қарым-қатынасы мен оның еңбегінің жемісі.
ТІ үдісінде эстетикалық білім дамыту шаралары — бұл конкурс, викторина, мектеп мерекелері, үйірмелер, шығармашылық топтар т.б. Оқушылар оларда қысқаша мәлімет алып қана қоймай, эстетика ғылымын толықтай түсінуге бастау алады. Эстетика сабақтары оқушыларға эстетикалық таным заңдары мен заңцылықтарынан, өнердің жалпы принциптерінен ақпараттар береді.
ТІ-ін үйымдастырғанда эстетикалық қабылдаудың психикалық заңдылықтарын ескеру керек, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, эстетикалық форма мен мағына жағдайларының қиын да күрделі сәттерін пайымдауға бағыттап барған жөн.
Эстетикалық қабылдаудың маңызды тұсы - шындықты бейнелеумен бірге жүретін адамның көңіл шарпулары. Жоғары көркем өнер шығармаларын қабылдай отырып, оқушы қуаныш пен тебіреніс, қорқу мен үміт сезінеді. Бұл сезімдер балаларды әсемдік заңымен өмір сүруге бағыттайды.
Эстетикалық тәрбиенің көптүрлі құралдары көркемдік жүмыстарда көрінеді. ТІ-нің эстетикалық бағьптағы құралдары сан-алуан: табиғат, еңбек, адам қатынасы, өнер және т.б. тәрбиелеу көздері - қоршаған орта, оқу-үйрету еңбегі, өнер әлемі, музыка, суреткер шығармасы т.б.
Қазіргі педагогика ТІ әртүрлі бағытта үйымдастыру және өткізуде үлкен тәжірибе жинады.
Дене тәрбиесі - оқушылардың белсенді танымдық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-әрекетін жан-жақты ұйымдастыру үрдісі болады. Ол арқылы дене тәрбиесі және спортпен айналысуға сұранысы нығайтылады, олардың психологиялық, физиологиялық негіздерін ұғындырады, денсаулығын және денелік күштерін дамытады, санитарлық-гигиеналық дағдыларды және салауатты өмір сүруді орнықтырады.
Дене мәдениеті - мәдениеттің құрамдас бөлігі, рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы болатын әлеуметтік іс-әрекеттің аясы. Ол адамның денелік дамуын, оның денсаулығын нығайту және қозғалу белсенділігін жетілдіру мақсатында құрылады және пайдаланылады.
Дене шынықтыру - қоғам адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында жасап, пайдаланатын, адамның үйлесімді дамуына ықпал ететін рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік қызмет саласы.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- өз денсаулығын нығайту, салауатты өмір сүруге, дене тәрбиесімен және спортпен айналысуға сұранысты, қызығушылықты, эмоционалдық-құндылық қатынасты дамыту;
- адам ағзасының қызметінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, психикалық қасиеттері және үрдістері, гигиена негіздері, қауіпсіз өмір сүруді қамтамасыз етудің шаралары туралы білім жүйесін қалыптастыру;
- еріктік және спорттық-денелік белгілерді (күш, шапшаңдық, ептілікті және т.б.), денелік және психикалық тренинг тәсілдерін дамыту.
Дене тәрбиесінің мазмұны:
- адамнның ағзасын жетілдіру: қозғалыстық және сүйектік-бұлшықтық жүйені, жүйке жүйесін дамыту, мускулатураны сақтау және нығайту;
- дене мәдениеті және жеке гигиена сұрақтары бойынша білім беру;
- денелік өзін-өзі тәрбиелеудің механизмін қалыптастыру;
- нақты спорттық және шеберлікті жан-жақты дамыту;
- денелік жағынан дарынды балалармен ынтасын және қызығушылықтарын ескеріп жеке жұмыс жүргізу.
Дене тәрбиесін жүзеге асырудың жолдары:
- дене шынықтыру сабақтары;
- оқу күніндегі сауықтыру-гигиеналық шаралар (сабаққа дейінгі гимнастика, дене шынықтыру минуттары және кідірістері, үзілісті ұйымдастырып өткізу);
- сыныптан және мектептен тыс дене тәрбиесін ұйымдастыру;
- отбасындағы дене тәрбиесі.
Сабақ - дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Сыныптан тыс жаппай спорт жұмыстарында шәкірттер сабақта алған теориялық білімдерін жалғастырады және толықтырады. Мектепте спорт секциялары жұмыс істейді, спорттың түрлерінен жаппай жарыстар өткізіледі т.б.
Мектептен тыс жаппай спорт жұмыстары оқушылардың тұрған жерлерінде, балалар және жасөспірімдердің спорт мектептерінде, балалардың туристік станцияларында, мәдениет парктарының балалар секторларында, спорттық базаларда (стадион, жүзу бассейндері, мұз айдыны т.б.), ерікті спорт қоғамдарында, қала және қаладан тыс лагерьлерде өткізіледі.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Сонымен мектепте дене тәрбиесі жұмыстарының сыныптан тыс барлық түрлері оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ал оқыту үрдісінде әр сыныпқа арналған оқыту бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.
ТІ дене шынықтыру бағытындағы мақсаты дене саулығы және тән сұлулығы тәрбиесі міндеттерінен туындайды. Олар:
1) Дене шынықтыру, оқушыларды салауаттылыққа дағдыландыру, дүрыс өсуіне көмекгесу;
2) Спорт — дене төрбиесі білімдерін меңгерту;
3) Қозғалыс дағдылары мен біліктерін дамыту;
4) Қозғалыс сапасын дамыту (күш, ептілік т.б.);
5) Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу (ерлік, тұрақтьлық, тәртіп, ұжымшылдық);
6) Эстетикалық қасиеттерді қалыптастыру (дене түзулігі, жүріс-түрыс мәдениеті);.
7) Дене шынықтыру мен спортпен үнемі айналысуды әдетке айналдыру;
8) Гигиеналық дағды мен ептілікті қалыптастыру.
Дене тәрбиесі бағытындағы ТІ жан-жақтылыга алға қойылған міндеттерді адамгершілік, ой-сана, эстетика, еңбек тәрбие түрлерімен бірге шешуге көмектеседі.
Бұл бағытгағы ТІ-нің көп тараған түрі - сабақ алдында мектептегі еңбек күнін бастайтын дене машықтары.
ТІ дене тәрбиесі бағытындағы дене шынықтыру сәттері, шаршағанда сергітуші бұл бірнеше жаттығулар да маңызды келеді.
ТІ-ге "қозғалысты үзілісі" оқушылардьщ күнделікті сабақ арасында таза ауамен тыныс алуына жәрдемдеседі.
Әдебиет.
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 2000.
Құрманалина Ш.Х., т.б. Педагогика. А., 2004.
№24 дәріс тақырыбы: Тәрбиелеу үрдісіне қатысушылардың өзара әрекеті
Достарыңызбен бөлісу: |