2.5 тақырып Мұғалімнің сөйлеу техникасы
Сөйлеу техникасының маңызы. Мұғалім тілінің тиімділігінің жағдайлары. Дұрыс тыныс алу, дауысты қоя білу, мұқамдап сөйлеу дағдыларын дамыту. Тіл кемістіктері, оларды жою жолдары. Сөйлеу мәдениеті.
3 бөлім Педагогикалық өзара ықпалдасу шеберлігі
3.1 тақырып Педагогикалық қарым – қатынас және оның қызметі
Педагогикалық қарым – қатынас ұғымы. Педагогикалық қарым – қатынас қызметі: жеке тұлғаны тану, ақпарат алмасу, іс - әрекетті ұйымдастыру, рөлдермен алмасу, бірге тебірену, өзін өзі орнықтыру. Педагогикалық қарым – қатынас құрылымы Мұғалім қарым- қатынасының стильдері.
3.2 тақырып Педагогикалық қарым – қатынас шеберлігі
Педагогтың коммуникативтік қабілеті. Қарым – қатынастың негізігі функциялары, құрылымы, деңгейлері. Қарым – қатынастың стильдері және моделдері. Педагог қарым – қатынасының даралық стилі және оның жеке тұлғаны оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға ықпалы. Мұғалімнің коммуникативтік қабілетін бағалау әдістемесі. Педагогикалық қарым – қатынасты меңгеру тәсілдері.
3.3 тақырып Мұғалімнің әр жастағы оқушылармен қарым- қатынасының ерекшеліктері
Педагогтың бірлескен қарым – қатынас үрдісінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеруі. Әр жастағы балалармен қарым – қатынастағы педагогтың позициясы. Өзара түсіністікке жетудің тәсілдері.
3.4 тақырып Педагогикалық қарым – қатынас мәдениеті
Педагогикалық қарым – қатынас мәдениетінің негізгі бөліктері және оны қалыптастыру тәсілдері. Педагогикалық такт мұғалімнің кәсіби мәдениетінің көрінісі ретінде. Жалпы этикалық ұстанымдар және іскерлік қарым – қатынастың сипаты (қарым қатынастың ресми және бейресми түрлері).
Практикалық сабақ. Педагогикалық қарым – қатынас шеберлігі.
Қарым–қатынасты талдау іскерлігін қалыптастыруға арналған жаттығулар. Рөлдік ойындар.
3.5 тақырып Жеке ықпал шеберлігінің негіздері
Коммуникативтік ықпал жүйесіндегі сендіру мен иландыру. Сендіруге қойылатын жалпы психологиялық - педагогикалық талаптар. Мұғалімнің сендіру амалдарының тиімділігне әсер ететін жағдайлар. Жалған сенімдерді қайта құру, оның тәсілдері. Педагогикалық иландыру және оның тиімділігіне әсер ететін жағдайлар. Сендіру мен иландырудың өзара байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |