5 тақырып. «Мейірімділік пен зұлымдық».
Міндеттері:
1. Мейірімділік пен зұлымдықтың пайда боуын білу.
2. Адамдағы мейірімділік пен зұлымдық табиғатын білу.
3. Мейірімділік пен зұлымдыққа қатысты адам мінезінің мотивтерін қарастыру.
Сабақ жоспары:
1. Мейірімділік пен зұлымдық табиғаты. Мейірімділік пен зұлымдық арақатынасы.
2. Мейірімділік пен зұлымдық қашан пайда болды?
3. Әрбір адам – мейірімді және зұлым бастамалардың иегері: қай бастама жеңіске жетеді?
4. Адамның мейірімді және зұлым әрекеттерге бару себептері.
Бiз рухани-имандылық,адамгершiлiк тәрбие беру мақсатында әзiрленiп, дайындалған әдiстемелiк қосымша материалдарды, сыныптан тыс жұмыстардың үлгi жоспарларын жоғарыда аталған эксперименттiк сынып жетекшiлерiне қолдануға бердiк. Мұғалiмдер дайындалған тәрбие бағдарламасы мен сыныптан тыс жұмыстардың жоспарларын өз тәжiрибесiнде қолданды. Жоспарланған әрбір сабақ барысында Абай тағылымын басшылыққа ала отырып, негізгі мақсат: оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету. Соның негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі жасау.
Өзін-өзі тануларына, өзін-өзі, бір-бірін тәрбиелеуге ықпал ету, тәлімдік мүмкіндік туғызу.
-Оқушыларды Абай шығармашылығымен, соның ішінде Толық адам туралы
ұстанымдарымен таныстыру.
- Абай әлеміне бойлау, оқу, талдау.
-Толық Адамның негізгі қасиеттерін диагностика арқылы саралау.
Достарыңызбен бөлісу: |