Педагогикалық технологиялар институты



бет14/20
Дата11.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#110758
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
А. Құнанбаев шығармаларындағы рухани-имандылық идеяларының тәрбиелік негізі

ІІІ. Сабақты бекіту

1. Абай жасынан қандай болды?



2. Абай өмірі туралы жазған жазушы кім?

3. Абайдың неше қара сөзі бар?

4. Абайдың сүйген жары?

5. Абайдың әжесінің аты кім?

6. Абайдың анасының аты кім?

7. Абайдың әкесінің аты кім?



ІҮ. Рефлексия:

Сабақта не өттік? Не білдік? Не үйрендік?

Ү. Үйге тапсырма:

1 топ – Абайдың өздеріңе ұнаған бір өлеңін жаттау

2 топ – Жыл мезгілеріне байланысты мақал мәтел жинау

3 топ – «Мен ұнататын жыл мезгілі» тақырыбына шығарма жазу



ҮІ. Бағалау

Оқушыларды бағалау парағын қолдану арқылы білімдерін сай бағалап,мадақтау.




Р/С

Оқушының

аты - жөні

Үй тапсырмасын орындауы

Сабаққа қатысуы

Қосымша сұрақтарға жауап беруі

Бағалау

1
















2
















3
















4
















5
















4 сынып оқушыларына жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың ұраны - «Ғылым таппай мақтанба!...» Жалпы білім беретін мектептің төменгі сынып оқушыларына қойылатын талап негізінде жүргізіледі.

Тәрбие мақсаты: 1.«Абай - рухани көсеміміз» көрнекілік-тақырыптық таныстырулар. Қайнар көздері: Абай - ұранымыздың авторы. Абай ұрпағы ретінде оқушылардың бойында адамгершілік парыз сезімдерін қалыптастыру. Мысалы: а) Абайдың ұран-өленде және басқа да дидактикалық шығармаларында «Интернатта оқып жүр», «Әсемпаз болма әрнеге», «Сегіз аяқ» және т.б. көрсетілген асыл қасиеттерді уағыздау, ғылым табудың жолдарын үйрету; ә) Абайдың жыл мезгілдері туралы «Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз» өлеңдері арқылы оқушылардың бойында көркемдік-эстетикалық және табиғатты аялау сезімін қалыптастыру; 2. «Абай және Абайға дейінгі ғұламалар» (қазақ және өзге ұлт өкілдерімен байланыстыра) атты имандылық тәлім-тәрбие мазмұны: а) Абайға дейінгі көрнекті ғұламалардың (Қорқыт, Әл-Фараби, Асан қайғы және т.б.;) портреттері мен адам болуға байланысты басты-басты имандылық көзқарастарымен таныстыру; ә) «Үш би ұлағаты» (Төле, Қазыбек, Әйтске және т.б.;), оқушыларды шешендікке, зеректікке тәрбиелеу; б) «Атақты хандар» (Жәңгір, Әбілхайыр, Абылайхан және т.б.) портреттік және қысқаша тақырыптык таныстыру, әңгіме, тәрбие сағаттарын өткізу;

Аталған бағыттарға байланысты оқушылар «Адам деген атым бар» деген тақырыпта әңгіме өткізіп, шығарма жазады; Сондай-ак, атақты ғалым, өнер иелері, әр түрлі кәсіп иелерімен кездесу ұйымдастырады; Абай бұрыштарын, Абайға арналған (әдеби, музыкалық, пәндік) апталықтар, кештер ұйымдастырады. Мұғалім осы бағдарламамен жұмыс жасай отырып, сабақты өткізудің әртүрлі әдістемелік формаларымен тәсілдерін қолданады: рөлдік ойындар, диалог, шығармашылық күнделігін жүргізу, жәйттерді ойнау және талдау, талқылау, әдептілік әңгімелер, моралдық таңдау жасалатын жәйттер немесе арнайы таңдалған тақырыптарды талқылау және т.б. жыл бойына оқыту барысында 4 сынып үшін жалпы апталық жүктеме бойынша бір сағаттан өтуге ұсынылады.

Кесте 3 – «Рухани-имандылық тәрбиесі» тәрбие сағатының мазмұны




р\с

Сабақ тақырыптары

Сағат саны

1

«Жақсылық пен жамандық»

1

2

«Әсемпаз болма әрнеге»

1

3

«Ғылым таппай мақтанба!...»

1

4

«Анам мейірім шуағы»

1

5

«Мейірімділік пен зұлымдық»

1

6

«Адам деген атым бар»

1




Барлығы:

6

Мұғалім өз бетінше сабақ сағаттарын тақырыптарына байланысты бөлуіне, сонымен қатар оқушылардың тәрбиелілік деңгейі мен жеке дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, сондай-ақ өз материалдарына лайық жоспарлауына, өзгетуіне болады.

1 Сабақтың тақырыптық үлгі жоспары: «Жақсылық пен жамандық»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет