Педагогикалық технологиялар институты



бет11/20
Дата11.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#110758
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
А. Құнанбаев шығармаларындағы рухани-имандылық идеяларының тәрбиелік негізі

Сабақтың барысы:

ІІ. Жаңа сабақ.

1.Қызығушылықтарын ояту.

- Балалар, тақтағда нені көріп тұрсыңдар?

- Қандай жыл мезгілдерін көріп тұрсыңдар?

- Қыс, жаз, күз, көктем

- Осы жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдер білесіңдер?

- Абайдың қыс, жаз, жазғытұры, күз өлеңдерін білеміз.

- Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не болмақ?

- Айбай жайлы, оның өлеңдері жайлы

- Оқушылар, біз бүгін сабағымызда Абай құнанбаевтың табиғат лирикасымен танысамыз.

- Сонымен бүгінгі сабағымыздың мақсаты не болмақ?

- Бүгінгі сабақта біз Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін мазмұныны ашу, олармен танысу.

- Дұрыс балалар.



  • Абай кім?



Абай Құнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыстауында дүниеге келген. Абай жасынан білімге құштар, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді көп оқыды.

Абай өз шығармаларында жастарды имандылыққа, өнер – білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді.Абай – ұлы ақын, ғұлама ойшыл, аудармашы, композитор. Абайдың шыққан тегімен таныстыру. Абай тегі – Кішік – Әйтек – Олжабай – Қайдос – Ырғызбай – Өскенбай – Құнанбай – Абай (Ибраһим)

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» ( Абай)

- Бұл сөзін қалай түсінесіңдер?

- Қазір Абай болмаса да, артынан із қалдырған, өлеңдерін қалдырған.

- Дұрыс, сондықтан бүгінгі Абайдың артынан қалған өлеңдерін өтеміз.

- Лирика дегеніміз не?

- Лирика дегеніміз - ақынның ішкі жан-дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз басының көңіл-күйі, күйініш-сүйініші. 

Лириканың 4 түрі бар.

 1. Философиялық

2. Саяси 

3. Махаббат

4. Табиғат

Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет