Педагогикалық технологиялар институты


Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі



бет9/20
Дата11.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#110758
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
А. Құнанбаев шығармаларындағы рухани-имандылық идеяларының тәрбиелік негізі

2.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі
Біздің анықтауымызша, Абайдың жас ұрпаққа ұсынар имандылық тәрбие идеяларының шыңы, иманды адам болудың ең биік сатысы - «иманигүл» ұғымы болып табылады. Мұны Абай өзі дәл осылай деп атап айтпаса да, оның мұрасындағы имандылық ой-пікірлерін жинақтай келе, біз осындай ойға келдік. Біздің зерттеуімізше, иманды болудың жоғарыда аталған шарттары мен сатыларынан сүрінбей өткен иманды адамның тұтынатын негізгі қағидаты - «иманигүл» болуы тиіс. Немесе, оның тағы бір атауы -Абайша «толық адам» делінеді. Қазір білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Әлемдік білім кеңестігіне кіру үшін оның алғы шарттары жасалуда. Білім мазмұнын жаңалау, құзырлылыққа бағытталған, ұлттық құндылықтар негізінде білім, тәрбие бере отырып, тұлға қалыптастыру, дарын көзін ашу сынды келелі мәселелер сөз жоқ, ұстаз-тәрбиеші жұмысын да жаңа арнаға бұруда. Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу - әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Бұл жерде сөз өнерінің атқарған орны ерекше болған. Ұлтымыздың осы бір жақсы әдет-салты бүгінгі тәрбие үрдісінде тиімді екені даусыз мәселе. Адамзат ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй, алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» - дейді. «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірінде қазір көп айтылып жүрген гуманды педагогика ұстанымдары жатыр. Осы жерде жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен, оларды адамды сүюге баулудан басталуы керек деген тұжырым шығады. Абай мұрасы, тағылымының өміршеңдігін бүгінгі тәрбие үрдісінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер арқылы дәлелдеуге болады. Білім мен тәрбиені тұлғаға қарай бағыттай беру мәселесі алдыда тұрған кезеңде Абайға бұрыласың. «Толық Адам қандай болу керек?» деген сұрақ ақынға маза бермейді. Мысалы, «Әуелі бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боларсың елден бөлек»- деп, ой тастайды.

Ары қарай ақын: Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді. Ұлы

гуманист адамды сүю туралы айта отырып, «Адамзаттың бәрін сүй» деп ақыл айта отырып, «Адамзатты сүю – хақтың жолы, ғаділеттің жолы» деген анықтама береді. Ақын адамды әкенің емес, адамның баласы болуға үгіттейді. «Әкенің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» - деп, ғибрат тастайды. Абай адамдықтың басты қасиеті-адамгершілік екенін баса жырлайды. Адамшылықтың алды – «махаббат, ғаделет, сезім» дейді. Адамшылықтың тәрбие арқылы келетініне көз жеткізеді. Өмірін Абайды зерттеуге арнаған М. Әуезов былай дейді: «Абай сөзінің негізін адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ой-толғау еңбектерінің қорытындысы тағы да адамгершілік тәрбие екенін танытады. Адамды қор қылатын ең залалды жаманшылықтарды санап өтеді. Олар үш нәрсе: «надандық, еріншектік, залымдық». Ақын адамдар арасындағы береке – бірлік, достық ынымақтастыққа ерекше көңіл бөледі [52,217].

Абай тағылымы арқылы жүргізілетін тәрбие өзі үзбей жырлаған «Адам» айналасынан бастау алуы керек. «Адам кім?», «Мен-адаммын», «Абай және Адам», деген тақырыптар жас өскіннің адамға деген құрметі, сыйламы, түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді. Алдына бала келген күннен – ақ, ойлы ұстаз білім мен тәрбие үрдісін олардың өзін Адам ретінде түсінуі мен оған деген мақтан сезімін қалыптастырудан бастағаны жөн. Ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.

Абай мұрасы – Адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудың қайнары. Абай мұрасын оқыту туралы жазылған авторлық бағдарламалар, жинақталған іс тәжирибелер баршылық. Ал тәрбие жұмысына негізделген бағдарламалар жоқтың қасы. Әсіресе Абайдың Толық Адам туралы тағылымы негізінде тәрбие үрдісін жүргізу өте тың мәселе. Оны жүзеге асыру мақсатында жасалған бағдарламалардың қажеттілігі маңызды аса өзекті деп санаймыз.

Мұнда біз көздеген басты мақсат - Абайды төл педагогикамыздың рухани атасына айналдырып, оның белсенді ізбасарларын дайындау. Бұл ойымызды жүзеге асыру үшін ең алдымен, төмендегідей ұсыныс-пікірлерімізді енгізуді қажет деп ойлаймыз.

Біріншіден, Абай тұлғасы рухани көсем ретінде танылып, Абай тәрбиесі әрбір отбасына, әрбір балабақшаға, әрбір жалпы орта және жоғарғы мектепке жүйелі түрде енуі тиіс. Бұл бағыттарда:

-еліміздегі 1- қыркүйек «Білім күнін», «Абайтану» сабақтарын өткізуден бастау;

-«Отандық тұлға» ретінде қазақ және өзге тілді мектептерде Абай ойларын ұсынғалы отырған бағдарламада көзделген реттермен негізгі және қосымша оқулықтарға көбірек енгізу;

Екіншіден, Абайдың рухани тұлғасының символы ретінде оның портреттік тұлғасы ұлтымыздың хакім ұстазы ретінде насихатталып, оқу-тәрбие жұмысның барлық саласында ынталандыру шараларын Абай есімімен байланыстыру; Онда: «Абай бәйгесін» ұйымдастыру;

Қорыта айтсақ, жоғарыда атап көрсеткен заман талабына орай, міндеттерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастыру біз көздеген негізгі мақсаттың бірі. Бұл орайда, өзіміз зерттеп отырған Абайдың асыл мұрасын басшылыққа алып, соның негізінде жасалған қосымша сабақ жоспарларының нұсқасын дайындадық.

Осыған орай, бұл бағдарлама атауы да Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбиесінің ең өзегі, шыңы болып табылатын «Иманигүл» және біз енгізген ізбасар атауы «Зерек» ұғымдарымен тығыз байланысты әрі иманды, әрі зерек ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Иманизерек», «иман» ұғымын Абай кең мағынада да қолданғандықтан біз де сол мағынада қолданып отырмыз, ал ол ұрпақ тұтынар ұран Абайдың асыл ойларынан алынып отыр. Олардың айрықша белгісі Абайдың суреті бар төсбелгі.

Біз эксперименттік жұмысымыздың барысында оқушылардың рухани танымдық, имандылық ұғымдары туралы білім білік деңгейін анықтау үшін алдымен сабақ үстіндегі оқыту іс-әрекет барысын бақылау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, тест әдістерін пайдаландық.

Зерттеу жұмысына нысана ретінде Ақтау қаласы № 14 орта мектебінің 4-сынып оқушылары алынды. 4а эксперименттік сыныпта 23 оқушы, 4б бақылау сыныпта 23 оқушы, барлығы 46 оқушы қатыстырылды.

Зерттеу тақырыбымыздың мақсат, міндеттеріне орай саралаған материалдарымызды талдай келе, эксперимент жұмысымыздың көрсеткіш денгейлерін белгіледік:

Жоғары деңгей: Адамгершілік, имандылық, рухани байлық ұғымдарын түсінеді, өз бетінше мәтінге талдау жасайды. Абай шығармашылығына танымдық, қызығушылығы жоғары, білгісі келіп сұрақты көп қояды, қосымша жаттығулармен шығармашылық жұмыстарды жетік орындайды. Өзінше тұжырым жасай алады.

Орта деңгей: Адамгершілік, имандылық, рухани ұғымдарын дұрыс түсінбейді. Абай шығармашылығына танымдық, қызығушылығы орташа.

Берілген тапсырманы өз бетінше дұрыс орындай алмайды. Қабілеті бел-сенділігі, танымдық, қызығушылығы орташа. Сұрақ қоюы, шығармашылық жұмыстарды орындауы бәсең.

Төменгi деңгей: Адамгершілік, имандылық, рухани ұғымдарын дұрыс түсінбейді. Абай шығармашылығына танымдық, қызығушылығы орташа.

Берілген тапсырманы өз бетінше орындай алмайды. Қабілеті бел-сенділігі, танымдық, қызығушылығы төмен. Сұрақ қоюы, шығармашылық жұмыстарды орындай алмайды.

Зерттеу жүргізілген 4а, 4б сыныптарындағы оқушылардың білім сапасы мен үлгерім көрсеткіштерінің салыстырмалы динамикасының бастапқы кезеңін 2- кетеден сан және пайыз есебімен көруге болады.

Кесте 2 – Оқушылардың рухани-имандылық таным деңгейлерін анықтау жұмысының көрсеткіші.


Деңгейлер

Оқушы саны

Эксперименттік сынып 24 оқушы. %

Оқушы саны

Бақылау сынып 23 оқушы. %


Төмен

9

37.5 %

9

39.2 %

Орташа

12

50 %

10

43.4 %

Жоғары

3

12.5 %

4

17.3 %

ДИАГРАММА - 1



Т – төменгі деңгей. О – ортаңғы деңгей. Ж – жоғары деңгей


экспиримент топтарының сызбасы.



бақылау топтарының сызбасы.

Біз жоғарыда белгілеген деңгейлер мен әдіс-тәсілдерді басшылыққа ала отырып педагогикалық-тәжірибелік анықтау кезеңіміздің жұмысын жүргіздік.

Жалпы, екі сынып оқушыларының сан жағынан да, біз белгілеген білім көрсеткіші бойынша да сапалық деңгейлеріде бір біріне жақын екенін, айтарлықтай айырмашылық жоқ екенін байқадық. Анықтау эксперимент жұмыстарының нәтижесі қанағаттанарлықтай болмады.

Оқушылар кейбір ертегі немесе әңгімелердің, мысалы «Алтын сақа» ертгісіндегі балаға жақсылық жасаған қарлығаштың үйрекпен, қарғадан айырмашылығы неде немесе қарлығаш құс туралы не білесін, ол қандай құс деген сұрақтарға екі, үш баладан басқалары оңды жауап бере алмады. «Таза бұлақ», «Шегіртке мен құмырсқа» туралы да белгілі балалар ғана сұрақтарымызға жауап берді. Мәтіннің негізгі идеясын дұрыс түсіндіре алмайды, көбіне жаттанды түрде айтып шығады. Адамгершілік, досына адалдық, жақсылық пен жамандық туралы мақал – мәтелдердің мағынасына жете жауап бере алмады. Абай Құнанбаев туралы, оның қара сөздерімен өздері білетін өлең жолдарында жеткізе алмайды.

Егерде пайыз есебін сан мен талдайтын болсақ эксперимент сыныптың 24 оқушысының жоғарғы деңгейі 3, орта деңгейі 12, төмен деңгейі 9 оқушы болды. Бақылау сыныптың 23 оқушысының жоғарғы деңгейі 4, орта деңгейі 10, төмен деңгейі 9 оқушыны көрсетті. Екі сыныптың оқушыларының саны үш деңгей бойынша да шамалас болды. Біз бұл кемшіліктердің себебін өзіміз қарастырған «Ана тілі» пәні бойынша мынада деп шештік:



  • Оқыту үрдісінде оқушыларға рухани имандылық ұғымдары жеткізіле берілмейді. Абай шығармашылығы оқушылардың жас ерекшелігіне орай оқу, тәрбие үрдісінде кешенді, жүйелі, тұрақты қолданып отырмайтындығында.

  • Мұғалім оқушының рухани, имандылық ұғымдарын байналыстыратын шығармашылық тапсырмаларды дұрыс жоспарламайды, түсіндірмейді, үнемі ізденбейді.

Осы оқылықтардың орнын толықтыру мақсатында оқушылардың көрсеткіш деңгейлерін әлі де көтеруге болады деп есептеп, қалыптастыру тәжірибелік-экспериментін жүргізуді көздедік.

«Ана тілі» сабағының мүмкіндігі аздық еиуіне байланысты өзін-өзі тану пәні мұғалімімен келісіп қалыптастыру эксперимент жұмыстарын жоспарладық. Сабақтың тақырыбы:Абайдың табиғат лирикасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет