Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін орта, бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде және өзін-өзі тану пәнніне пайдалануға болады.
Зерттеу базасы: Ақтау қаласы № 8 орта мектебінің 3 сыныбының оқу-тәрбие процесі.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Абай Құнанбаев шығармаларындағы рухани – имандылық ой-пікірлерінің теориялық негіздері
1.1 Абай Құнанбаевтың мұраларындағы рухани-имандылық ой-пікірлерінің мазмұны
Қазіргі кездегі қоғамымыздағы болып жатқан оң өзгерістергс орай, ұлы тұлғалардың рухани мұраларын толыққанды игеруге кең жол ашылуы бізге жаңа міндеттер жүктеуде. Осы орайда, Абай мұрасындағы рухани-имандылық көзқарастарының кейбір қырларына қайта оралудың маңызы зор.
Сондықтан да, бұл бөлімде біз алға қойған мақсат: Абай шығармаларындағы рухани-имандылық ой-пікірлерінің қалыптасуына әсер еткен қайнар көздер мен бастауларға объективті тұрғыдан тағы бір шолу жасап, оның педагогикалық көздерін саясатгың ықпалынан тыс тұтас күйінде айқындау. Осы мақсатқа барар жолда соңғы кезде жарық көрген 20-шы жылдардағы қазақ зиялылары мен абайтанушылар М. Әуезов, М. Мырзахметұлы, Ғ. Есім, Д. Досжан, Б. Сапаралы, М. Әлімбаев, Ү. Әбілдаүлы жәнс т.б. еңбектеріне сүйене отырып, олардың негізгі бағыттарын толықтыра түсу. Жалпы, Абай шығармаларының өзегі болған ағартушылық идеясы - XIX ғасырдың II-ші жартысындағы қазақ рухани мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады. Оның даму бағыты сол кездегі саяси-әлеуметтік тарихи жағдайлардың орын алуымен тығыз байланысты. Ол Ресей патшалығының отарлау саясатынан туындаған мәселелерге тойтарыс беру негізіндегі қазақ ағартушыларының белсенді рухани қызметі арқылы көрінді. Олардың ірі өкілдері Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин және А. Құнанбаев екені баршаға аян.
Алайда, солақай саясат ықпалы олардың еңбектеріндегі ағартушылық идеяларын біржақты оқыту, дәріптеуге әкеп соқты. Себебі, ол кезде қазақ даласында пайда болған темендегідей басты тарихи жәйттардың ара жігі ашық айтылмады:
Біріншіден, жергілікті ұлт өкілдерінен орыс жанды чиновниктер дайындау үшін орыс мектептерін ашу; екіншіден, 1861 жылғы крепостнойлық правоны жою реформасына байланысты қазақтың шұрайлы жерлеріне орыс келімсектерін қоныстандыру тәсілімен оны түпкілікті иелену; үшіншіден, қазақтарды рухани тамырынан ажырату, яғни христиан дініне шоқындыру арқылы орыстандыру саясатын жүргізуші миссионерлердің көбеюі; төртіншіден, қазақ елін рухани құлдыққа түсірудің ең тиімді жолы-территориялық принципке негізделген болыстық сатылы сайлау жүйесін орнату, рушылдық араздықты қоздыру;
Біз Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбие идеяларына саясаттың ықпалынан тыс тұтас талдау жасау дегенде, бұрын - соңды айтылып жүрген жәйттарды қайталаудан гөрі, осы бағыттағы қалыс қалған мәселелерге кеңірек тоқталуды көздедік. Себебі, «пайдасы» мен «зарарын» дер кезінде байқаған Абай сынды халқының перзентін бұл оқиғалар бей-жай қалдыра алмады. Сондықтан да жоғарыда аталып өткен қазақ халқының басындағы өзгерістер Абайдың ағартушылық күресінің мазмұнын құрап, оның рухани-имандылық тәрбие идеяларына негіз болғандығын атап өткіміз келеді. Мәселен, Абайдың тұңғыш кітабын басып шығартушы Ә. Бөкейханов оның есімін Фердоуси, Сократ, Шекспир, Толстой есімдерімен қатар қойып, Абайды «рухани мәдениет белгісіне» балаған [2,287]. Ал, А. Байтұрсынов болса, Абайдың көзі тірісінде оның өлеңдер жинағын қолға түсіріп, ұлы ұстазбен жүздеспекші болған. Алайда, ол арманы жүзеге аспай, Абай дүние салған соң, оның мұрасын жанашырлықпен жинастырып, халыққа бас ақын ретінде алғаш таныстырушы ғана емес, Абайдың «сөзі аз, мағынасы көп, терең» рухани мұрасының тәлімдік мәнін жіті бағалап, өзінің оқулықтарында кеңінен пайдаланған [3, 303; 4, 217].
Абай өлеңдерімен бала күнінен таныс Ж. Аймауытов өзінің М. Әуезовпен бірігіп жазған «Абайдан соңғы ақындар» атты мақаласында: «Абайдың қай өлеңі болсын кейінгі буынды жетектеп, түртіп, қозғайтын бір әсер береді» - деп жазды [5,182].
М. Дулатов: «Адамшылық ой-қиялы өте таза, ұлтжанды, елін-жерін сүйген кісі» [6,212] десе, ал, М.Жұмабаев оны «Алтын Хакімге» балап, өзінің «Педагогика» /1923 ж/ атты еңбегінде Абай тағылымын кең пайдалана отырып, насихаттаған [7, 22; 8, 53].
Мұның өзі, Абай мұрасының тәрбиелік мәні туралы алғаш сөз қозғап, оны қалың көпшілікке дәріптеушілер де осы зиялы қауым екендігін анық байқатады. Ұлы Абай шығармаларының негізгі өзегі - рухани-имандылық көзқарасының қалыптасуына әсер еткен рухани көздер қандай еді?
Әрине, бұл орайда Абайдың дүниеге көзқарастарының М. Әуезов атап көрсеткен үш қайнар көзі, оның ағартушылық ой-пікірлерінің де негізі болып қала берері анық.
Біріншісі - қазақ халқының, есте жоқ ескі заманнан жиып, өсіріп келген өз даналығы, халықтың ауызша әдебиет қоры; екінші - араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың көркем классик поэзиясы; үшінші - орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Европа мәдениеті; [9, 278-279].
Сонымен, оның бірінші көзі - тікелей ұлттық педагогика қағидаттарымен ұштасып, Абай дүниеге келген үй - парасат мектебі болғандығын байқау қиын емес.Алайда, осы кезге дейін еленбей келген зор шындық - бұл кеңестік таптық көзқарастың Абай тәрбие алған Құнанбай отбасына жасаған қиянаты десек қателеспеген болар едік. Өйткені, жоғарыда аталған абайтанушылар деректеріне сүйенсек, Абай шыққан ортаның өзі халық даналығы қонған киелі шаңырақ екендігі белгілі.
Себебі, ұлы атасы Ырғызбай халқының қолбасы батыры һәм ел ағасы би болса, кіші атасы Өскенбай би әділеттілігімен аты шыққан. Өз әкесі Құнанбай жұрт аузына қараған қазақтың бас адамдарының бірі, шешесі Ұлжан бәйбіше Қарқаралы уезіндегі қаракесек Бертіс бидің тұқымынан. Шеше тұқымы күлдіргі, қалжың, әзілге ұста Қантай, Тонтай деген күлкімен сөгіл, қалжыңмен жеңіп, аты шыққан адамдар нәсілінен [4, 217].
Педагогика ғылымында жеке тұлға қалыптасуына әсер ететін факторлардың бірі - тұқым қуалаушылық екенін ескерсек, Абай нәсілінің екі жағы да осал болмағандыгын айқын аңғарамыз.
Ал, бұрынғы педагогикалық еңбектерде Абайдың әкесін жас ұрпаққа «ірі феодал зорлық күш иесі, сахараның қатал әкімі, Тобықтының ру басы» ретінде таныстырып келген еді.
Шындығында, Абай ең әуелі, қазақ отбасындағы үлгілі ата мен әженің сүйікті немересі. Әрине, өз көзімен кермесе де, Абай атасы Өскенбайдың өз ортасында беделді әділетті дана би болғандығына жастайынан қанық боп өскен [10,41]. Өз әкесі Құнанбай ел адамы болғандықтан, оқу жасына дейінгі Абай тәрбиесі негізінен Әже мен анасы Ұлжанның үлесінде болады. Таптық көзқарас бұл аналарды айналып өтуі себепті, М.Әуезов Абай туралы шындықты осы тәлімгерлер арқылы ашу бақытына ие болғандығына бүгінде бәріміз де куәміз [11, 69;12, 83] .
XIX ғасырдағы қазақ әжесінің енеге - үлгісін бір басына жинақтаған тұлға - Зере әжей десек қателеспеген болар едік, Абайдың сүйікті әжесінің Зере (шын аты-жоні Тоқбала Теңізбай қызы) атану тарихы қазақтың салт-дәстүрімен байланысты. Зере абайтанушы Д.Досжанның сипаттауынша, мұсылманша тәрбие алған, жарға адал, обал - сауапқа тақуа, қолы ашық жомарт, есті кісі болған. Зере зерделі немересінің көкірек көзі ашылуына зор сетпігі тиген нағыз халықтық үлгідегі ұлы педагог... . Зере әңгімеші, ертегіші. Жас Абай әжесінің әңгімесін естіп есейген. Абай үніндегі бояу, сөзіндегі бай ырғақ, ойлау жүйесі сол Зере әңгімесінен бастау алган көзі бітелмес бұлақ секілді үлкен бір әлем [13, 7].
Біз, бұл пікірді Зереге берілген әділ баға деп ойлаймыз. Сондықтан да, жас Абайдың имандылық, ізгілік қасиетті ең алдымен, әжесі Зереден сіңіргендігін тағы бір атап өткіміз келеді. Өйткені, баланың бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер - білімді игеруі алғашқы ұстазга және ол өскен ортаға көп байланысты екені белгілі. Бұл орайда көргені мен түйгені көп Зере әжей немересін ұлттық педагогиканың озық үлгілерінің бірі - халық ауыз әдебиетінің шығармалары арқылы тәрбиелеуді көздеген.
Себебі, онда көзделетін мақсат та айқын. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда - ақыл-ой тәрбиесі, өлең-жыр дастандарда - әсемдік (эстетикалық) тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілерде халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған /56, 6/.
Бұдан шығатын қорытынды - Абай данышпандығының көзі -ұлттық педагогикадан бастау алатындығы. Яғни, оның көтерген ең асыл мұраттары мен қағидаттарын Абай жастайынан бойына өз отбасынан сіңіріп өскен.
Сондай-ақ, әже қамқорлығына қоса, Абай бойында адамгершілік, имандылық қасиеттердің мол болуына анасы Ұлжанның да ықпалы зор. Бұл орайда, С.Ғаббасовтың: «қазақ халқының ұрпағына қалдырған аксиомалық ұгымдарының бірі - «Алып анадан туады» дейтін тылсым сыры әлі ашыла қоймаған ұлағатты сөз» [14,82] деген орынды пікірінің мәні ерекше екендігін атап еткен жөн. Себебі, әжесі секілді Ұлжан да сүйікті ұлының бойына мейірімділік пен шапағатты, әзілқойлық пен тапқырлықты сіңірте білген текті де инабатты жан.
Сол сиякты, халықтық тәрбие негізі - оның наным-сенімімен тығыз байланысты болғандықтан, біздіңше, мұсылманшылықтың жалпыға ортақ озық имандылық қағидаттарын да Абай осы кезден бойына сіңіріп өскен деуге толық негіз бар. Оған оның мұсылманшылдықты пір тұтқан отбасында тәрбиеленуін айтсақ та жеткілікті.
Одан әрі, баласының рухани толысып жетілуіне зор ықпал еткен әке тәрбиесі еді. Кешегі кеңестік дәуірдің Құнанбай тұлғасына жасаған қиянатын жоғарыда атап өткен едік. Осы өрескел олқылықтардың орнын толтыру, бізге Құнанбайдың шынайы әкелік-ұстаздық тұлғасын жаңа қырынан тануымызға көмектеседі. Абайтанушылардың мәліметтеріне сүйенсек, Құнанбай жасында әке-шешесі мен өскен ортасынан алған тәрбиеден басқа оқу тәрбиесін көрмеген [15, 23] . Бұл туралы Шәкәрім өз естелігінде: «Қажы марқұм елдің надан кезінде туып, шала хат танып қалса да, әкесі Өскенбай биге әр жақтан келген хаттарды оңашаға алып барып бірін-біріне салыстырып, өзінен-өзі оқып, түркі кітапты оқитұғын болады»- деп жазады [16,8].
Мұның бәрі Құнанбайдың өз талабымен жеткен жетістігі екендігін шөбересі Ахат Шәкәрімұлы да атап көрсетеді [17].
Таптық тұрғыдан талдау тәсілінің кесірінен М.Әуезовтің Құнанбай бейнесін жағымсыздалған бейне, даналық, ізгілік, имандылығынан жұрдай болып, барынша топасталған, қара күш иесі, қанішер имансыз бейне етіп көрсетуге амалсыздықтан көшкен әдісі болатын [18,16].
Ал, шындығында оның үлкен тәлімгер, өнеге иесі екендігін дәлелдейтін іс-әрекеті бір басына жетерлік. Мәселен, Құнанбайдан бері келе жатқан дәстүрлі әдет-қолдарына молда, оқытушылар ұстап, балаларды жинап оқыту . Әке ісін жалғастыру Құнанбай ұрпақтарына тән үрдіске айналған. Олардың қатарында Құдайберді, Шәкәрім, Абай ұйымдастырған мектептерді айтуға болады.
Сол сияқты, Құнанбай тек оқуды, білімді зор бағалаумен шектелмеген. Ол осы ойын іс-жүзіне асырып, өзіне біткен баланың бәрін оқытумен қатар, еліне, қоғамына білім таратып, ұстаздық ететін шет ел адамдарын қатты күткен. Құнанбай қолына кеп қазақпен туысып, анық қазақ боп кеткен әлденеше ұлттың адамдары бар. Олар: татардан шыққан Ғабитхан, Кішкене молда, Ысқақ тұқымы, Түркістаннан келген Бердіғожа, кавказдан келген Ғабдолла (Қазақбай атанып кеткен), қырғыздан келген Бәшібек және т.б. Бұлардың көпшілігі бала оқытып, ұстаздық құрып, Тобықты ішіне оқу-білім таратқан жандар [15,17].
Демек, Д. Досжан, К. Оразалы, Б. Сапаралы, Н. Берікұлы еңбектеріндегі көрсетілген бұл маңызды мәліметтер Абайдың алғашқы ұстазы - өз әкесі Құнанбай болғандығын айқын аңғартады. Сол сияқты, Құнанбай тұлғасының тағьг бір қырын танытатын харекеті - мұсылманшылдық болған. Оны поляк ғалымы А. Янушкеевичтің: «...дала зандары мен Құран қағидаларының жетік білгірі, қазақтарға қатысты Россиялық жарғыларды бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман» деген пікірі толық айғақтайды [15,168]. Б. Сапаралы сөзімен айтқанда, «... дінді, бабалар салт-дәстүрін кіршіксіз берік ұстау деп ерте бастан мақсат ұстанған» Құнанбай өзі жастайынан тұтынып, табынған дін іслам жолына құлай берілген таза мұсылман иесі. Әрине, бұған сол кездегі қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайлардың да әсері аз болмағандығын ескерген жөн.
Алайда, Құнанбайдың діндарлығы қатып қалған тек бір жақты көзсіз діндарлық емес. Ол жас ұрпақ бойына имандылық қасиеттерді қалыптастыруда діннің ролін зор бағалаушы кесек тұлға. Ұстаз жалдап, діни дәрістерді беру арқылы Құнанбай жас ұрпаққа имандылық, ақиқат-ар, парасат-пайым сияқты мұсылмандық тәрбие қағидаларын сіңіруді көздеген. Өзі де дінді осы тұрғыдан қабылдап, жетпіс жасында қажылық сапарына Меккеге барып, онда «Тақия» атты жатын үй салдырады [9, 30].
Осындай ізгі істерінің түп негізі - Құнанбайдың жеке тұлғалық адамгершілік қасиеттерімен ұштасып жатқандығын айқындайтын мысалдар көптеп кездеседі.
Мәселен, абайтанушы Д.Досжан пікірінше, Құнанбай өз заманында, билік құрған кезінде, өмір бойына екі сауалға жауап іздеп өткен пәлсапа ойдың иесі. Бірінші сауал: адамшылық борыш деген не, оны қалай өтеуге болады. Екінші сауал: арғы-бергі тарихта есімі қалған кісілер адам атын қалай арқалаған, адам болып өтуге нендей хикметтер, тірліктер жасау қажет [13,11]. Оны Шәкәрімнің: «Мені адалдық жағынан тәрбиелеп, ақыл берген үлкен әкем Құнанбай... . Әсіресе, адалдық жағын баса үйрететін. Елге адал еңбек сіңірсең, адал болсаң, абыройлы боласың» деген пікірі де толықтыра түседі[15,45]. Бұдан шығатын қорытынды, Абай өмір бойы қастер тұтқан адалдық, әділдік ұғымдарының әке өнегесі арқылы сіңген тума қасиет екендігі. Бұл тәлімдік мәні зор деректер бізге Құнанбай тұлғасының даралық қасиеттерін ашып, оның ұлы Абай үшін өнегелі де өресі биік әке болғандығын айқын дәлелдейді. Құнанбай насихаттаған бұл даналық сөздер күні бүгінде ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы зор қазына көзі іспеттес. Өйткені, бұл өсиет-нақылдарда адамдық қатынас, көпшілдік, әділдік, адалдық, абырой, жауапкершілік, парыз, тәубаға келу секілді озьтқ қасиеттермен қоса, имансыздық, сайтандық, арамдық, рақымсыздық үғымдарының мәні ашылып кәрсетіледі. Елдің адамы болу дегенде, Құнанбай осы қасиеттердің ара жігін ажырата білу керектігін терең ұғынып, оны ұрпағының санасына сіңіруді көздеген. Әке ұлағатын жастайынан ұғынып өскен Абай оның ұстаздық өнегесін жалғастырушы ғана емес, оған тұңғыш әділ баға беруші.
Демек, Құнанбайдың бір басындағы мұндай қадір-қасиет кейін өзінің нағыз мұрагері - Абайдың бойынан көрініс беруі кездейсоқ жәйт емес екенідігінің терең сыры осында болса керек.
Қорыта айтсақ, кезінде кеңестік көзқарас Құнанбай тұлғасына қаншалықты қиянат жасағанымен, Абайдың ұлы Абай болып қалыптасуына ықпал еткен ең бірінші рухани тұлға - Құнанбай әке екендігін жас ұрпаққа үлгі тұтудың маңызы зор. Себебі, «ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» деген халық нақылына жүгінсек, бар ғұмырларын үрім-бұтағымен ағартушылыққа арнаған Құнанбай әулеті бар қазаққа үлгі боларлық өнегелі іс болары хақ. Абайдың нәсілі, Абайдың ортасы, Абайдың алған тәрбиесі дегенде осы мәселелерге ерекше мән берген жөн демекпіз.
Одан кейін осы ортадан алғаш ұзап шыққанда, Абай кездесетін келесі үлкен мектеп - шығыс мектебі екені белгілі. Өз бойындағы өнегені ұлына сіңірумен ғана шектелмей, оны одан әрі жетілдіру мақсатымен көкірек көзі ашық әке ауыл молдасынан аз ғана дәріс алған Абайды Семей медресесіне береді.
Сөйтіп, Абайдың «Ескі там» мен үй-ішіндік оқуынан кейінгі шығыс классиктерінің еңбегімен тереңірек танысуы осы медреседе жүйелі жалғасын табады. Өйткені, Х-ХҮ ғасыр аралығында Орта Азия мен Қазақстан топырағында медресе шәкірттеріне арналып математика, логика, этика пәндері бойынша көптеген оқу құралдары жарық көрді. Тафтазани жазған «Мантих» (Логика) оқу құралы медреселерде ұзақ жылдар бойы қолданылып келді. Тафтазанидің ізбасарлары ортаазиялық ойшыл-ғұламалар Диуани (ХҮғ. ) мен Жүсіп Қарабағи (ХҮІғғ.) жазған кітаптарды қазақтың ұлы ағартушысы, ақын Абай Құнанбаевтың пайдаланғаны мәлім болып отыр [19,31]. Бұдан да өзге пәндер жүйесінің оқытылғаны жөнінде абайтауншы М. Мырзахметұлы тағы да былай деп атап көрсетеді: «ол кезде Наху (араб тілі синтаксисі), Фихк (мұсылман правосы), қырық хадис, шарх Ғабдолла, ахлақ (этика), Мантих (логика), ислам тарихы, суфизм ақындарының шығармалары негізгі оқулық ретінде қолданылатын» [19,12].
Абайдың рухани-имандылық жан дүниесіне әсер етіп, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер еткен мәні зор дүнияуи пәндер қатары осындай.
Ал, соңғы кезге дейін шығысқа деген кеңестік көзқарас, Абайдың рухани-имандылық ой-пікірлеріне ерекше ықпал еткен екінші арна-шығыс әлемі туралы біржақты пікірде болып, оның осындай өміршең прогрестік мәнін өз дәрежесінде бағаламай келгені мәлім. Бұл туралы абайтанушы М. Мырзахметұлы «Абай және Шығыс» атты еңбегінде Абай мұрасының рухани көздері, әсіресе оның шығыстан алған рухани қазыналарымен дәстүрлі байланысы туралы мақала-зерттеулердің ерекше көбірек жарық көрген тұсы да осы кезең екендігін атап көрсеткен. Бірақ бұл кезеқде нақтылай ғылыми тұрғыдан зерттеп барып пікір айтудан гөрі жалпылай дақпыртпен жазу немесе насихатгық сипатта ой айту басымдау түсіп жатты .
Аталмыш еңбекте автор оның төмендегідей себептерін атап өтеді: Бір жағынан зерттеушілердің Абайдың ақындық кітапханасында қамтылған дерек-мағлұматгарды анықтап, оқып білуге араб, парсы, шағатай тілдерін жете білмеуінің үстіне қазақ әліпбиінің аз жылдар аралығында үш рет алмасып кетуі де, жас ұрпақтың ертедегі араб жазуымен басылым көрген деректер көзін оқып тану мүмкіндігінен айрылу көптеген қиындықтар туғызады.
Екінші жағынан алып қарағанда, кедергінің ең басты себебі ВКП/б/ ОК-ң 1949 жылы арнайы саяси-идеологиялық мақсат көздей отырып қабылдаған космополитизм туралы қаулысында жатты. Бұл қаулы сырттай қарағанда отаншылдық, интернационалистік қалып танытатын, ал ішкі мән-мағынасы жағынан алып қарағанда, онда ұсақ ұлттардың тарихи зердесін шайып, өткенінен қол үздіріп, бір ғана халықты мадақтап дәріптеуге құрылған империялық зұлымдық ой бүркемеленіп жатты. Өйткені, осы аталмыш қаулы қабылданған күннен бастап-ақ шығыс мәдениетінің рухани қазыналары жайлы азын-аулақ пікір білдірген, немесе азды-көпті мақала зерттеулер жазған қалам қайраткерлері қуғын-сүргінге түсіп, оларға орынсыз саяси айып тағыла бастады. Алайда, осындай қыспаққа қарамастан М. Әуезов шығыс классиктерімен қатар Абай заманында, мектеп-медреселерде қолданылған оқулықтар мен суфизм поэзиясының ірі өкідцері Қожа Ахмет Иассауи, Сопы Аллаяр, Сүлеймен Бақырғани сияқты сопы ақындарды да Абайдың ақындық кітапханасының көлемі жайлы мәселеге ендіріп, ғылыми еңбектері мен «Абай жолы» эпопеясында қатар сөз етіп, пікір қозғап отырады. Абайдың шығыс классиктері мен сопы ақындар поэзиясын терең білуі заңды әрі шындыққа сай құбылыс болғандықтан: «Шарх Ғабдоллаға» дейін жетіп қалдық деп жүрген молдаларды енді Абай сол кітаптарының тілімен сөйлеп, таңдандыра бастайды. Педагогика ғылымы терминдерінің қазақ тілінде қалыптасуының, кенже қалып келе жатқандығына бәріміз де куәміз. Кеңестік педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарында ұлттық педагогика қағидаттарына терең мән берілмей, көп жағдайда кеңестік тәрбие тұрғысынан зерттеу талап етілді. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар ұлттық тәлім-тәрбиенің ерекшеліктерімен санаспаған, орыс тілінде жазылған еңбектердің аудармалары арқылы жүзеге асырылды [20,40]. Ол кезеңде жарық көрген педагогикалық еңбектер ұзақ та, түсініксіз шұбалаңқы аудармаларымен жалықтырса, қазірде де оның дамуы мардымсыз деп айтуға болады. Өйткені, жалпы педагогика бойынша жаңа бағыттағы еңбектердің (В. Лихачев, И. Харламов және т.б.) тек орыс тілінде екендігін мойындамасқа болмайды [21;22]. Сондықтан, педагогика ғылымының орыс тіліндегі қалыптасқан тәжірибе үлгісіне сүйенудің маңызы зор екендігін байқаймыз. Бүгінгі қоғам талаптарына сай төл педагогикамызды одан әрі дамытуда ең алдымен оның терминдерінің дұрыс қалыптасуына көңіл болген жөн. Соның бірі «нравственность» ұғымына байланысты екендігін жоғарыда кеңінен атап өткен едік.
Бұл ұғымның осы кезге дейінгі қалыптасқан дәстүр бойынша қазақ тіліндегі атауы «адамгершілік» делініп жүр. Бірақ, мұның өзі дұрыс қалыптаспаған ұғым екенін, халқымыздың оны соңғы кезде «имандылық» ұғымымен алмастыруға тырысқан талпыныстарынан айқын аңғаруға болады. Сондай-ақ, бұл ойымызға одан әрі көз жеткізу үшін «адамгершілік» ұғымының орыс тіліндегі өзге де ұғымдардың баламасы ретінде қолданылып жүргендігіне назар аударған жөн.
Мәселен, орысша-қазақша екі томдық сөздікте: «гуманизм» [23,173], «человечность» [24,513] сөздерін «адамгершілік» деп аударған. Біздіңше, адамгершілікті осы аталған педагогикалық биік мағынасында қолданған дұрыс деп ойлаймыз. Енді осы сөздіктегі «нравственность» ұғымына тоқталып көрелік: нравственность-құлықтылық; нравственный - 1. өнегелі; 2. (относящийся к внутренней, духовной жизни человека) көңіл делінген олай болса, төл педагогикамыздағы оның баламасы құлықтылық немесе құлықтылық тәрбиесі деп аталуы тиіс. Алайда, күні бүгінге дейін ұлттық педагогика тарихында (тек Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев еңбектерінен өзге) бұл ұғымның мұндай мүмкіндікке ие болмауы ойлантарлық [25;26] .
Сондықтан да біз, бұл бағыттағы зерттеуімізді құлықтылық сөзін талдаудан бастаймыз. Ол сөздің шығу төркініне келсек, ол да арабшадан аударғанда «хұлқ» - мінез, ниет, ой, пиғыл дегенді білдіреді /82, 83/. Енді осы сөздің «Философиялық сөздіктегі» мағынасына тоқталып көрелік: онда «құлықтылық - адамның дүниеге, басқа адамдарға және өзіне этикалық көзқарасының негізгі формаларының бірі. Моральмен салыстырғанда құлықтылықтың нормалары мен максималдары міндетті әрі абсалютті болады» [27].
Мұнда, құлықтылық ұғымы моральмен салыстырыла қарастырылған. Ал, өзге орысша философиялық және педагогикалық энциклопедиялық сөздіктерде «мораль» мен «нравственность» ұғымдары бір мағынаны беретіндігін ескерсек, бүл түсініктің өзі дау тудыратын мәселе [28,101]. Бұл - бір. Екіншіден, құлық ұғымын педагог-жазушы М. Жұмабаев оз еңбектерінде қолданған. Мәселен, «Педагогика» атты еңбегінде: «Этика. Құлық туралы пән», - деп атап көрсеткен. Сондай-ақ, ол адам баласына қажет басты төрт тәрбие (дене, ақыл, сұлулық һәм құлық) тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел деп есептеп, құлықты соның біріне жатқызады. Бұл еңбекте айтылатын құлық тәрбиесінің табиғаты төмендегідей: «жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп түратын құлықты болса ол бала дұрыс тәрбие алып, шын адам болғаны» [29,14-18].
Одан әрі, педагог-жазушының пайымдауынша, құлық сезімдері дегеніміз-ойдың яки істің ізгі, яки жауыз болуына қарап, сол ойға, яки іске іштен баға бергенде болатын жағымды яки жағымсыз сезімдерге байланысты көрінеді. Ол білімге қарап, әр адамда әр түрлі болады. Білім неғұрлым төмен болса, ол да төмен, тар болады .
Бұл орайда, осы еңбектің алғы сөзінде айтылған мына пікірдің біздің ойымызды толықтыратын тұстары зор деп білеміз: «Әсіресе, Мағжан қолданған терминдер бүгінгі ғылыми, әдеби қауымды ойландыруға тиіс. Күні бүгінге дейін «нравственность» деген сөздің дәлме-дәл баламасы табылмай жүргені мәлім. Бірде «адамгершілік» десек, бірде «имангершілік» деген сөздермен тәржімалап жүрміз. Мағжан «нравственность» деген сөзді «құлықтылық» деп аударған» [29].
Бұдан шығатын қорытынды: құлық сөзін Мағжан екі мәнінде «этика» және «нравственность» ұғымдарының баламасы ретінде қолданған. Біздіңше, құлықты қажет деп тапсақ, Мағжан қолданған «этика» сөзінің баламасы ретінде қолдану, төл педагогикамыздың терминдерінің қалыптасуын бір ізге түсіруге ықпалын тигізген болар еді. Мұның тағы бір себебі, араб тіліндегі «хұлқ» сөзі мінез, пиғылдың жекеше түрін білдіреді [30].
Сондықтан да, кең мағыналы «нравственность» ұғымының баламасы болуға «құлық» ұғымының аясы тар. Екіншіден, қаншама уақыт өтсе де, тіпті кейбір педагогикалық сөздіктерде /120, 127, 128/ осылай аударылып жүрсе де, бұл ұғымның күні бүгінге дейін «нравственность» сөзінің баламасы рөлін түпкілікті атқара алмай келе жатқандығын атап өткен жөн [31,127]. Сол себепті де халыктық тәлімгерлер оны «имандылық» ұғымымен алмастыруға ұмтылыс жасаған деп түсінеміз.
Ал, бұл «имандылық» ұғымының өз кезегінде бір мезгілде қос мағынаға ие болуы, адамдар түсінігін шатастырып, қиындық туғызуда. Ол тәрбие саласында да көрініс тауып отырған күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан да бұл мәселені жан-жақты ойластырып, оған нүкте қоятын уақыт жеткен сияқты.
Абай ойының осы аталған оқулық кітаптарымен үндестігіне М. Әуезов баса назар аударғандығын атай отырып, М. Мырзахметұлы «осы себепті Абай гуманистік идеясын, әсіресе, толық адам жайлы іргелі танымын жүзеге асыру жолында алдына көлденең түскен пікірі жат керітартпа діни қауымының сүйенер рухани тірегін өздеріне қарсы жұмсап, солардың өз тілінде сөйлеп, күрес жүргізуге де мәжбүр болған»,- дейді [19,13].
Шығыстан соққан тағы бір леп, Абай дүниетанымына діни хисса-дастандары арқылы келген. Ол Абай дәуіріндегі қазақ халқының рухани болмысында елеулі орын алған «Шаһнама», «Жүсіп-Зылиха», «Ләйлі-Мәжнүн» хисса-дастандары. Оларда, дүниетаным, ерлік пен ездік, адамшылық, махаббат, сезім тендігі сияқты қоғам өмірі қажетсінген ой-пікірлер мол көрініс тапты. Бұлар қазақ тындаушылары арасында табиғи сүйіспеншілікті, таза махаббат сезімін оятуға толық адам идеясында тәрбиелеуге қызмет етті. Мұндай тұжырымдар Абайда жоғарыда аталған тәрбие көздерінен өзге оқу-тәрбие көзі, яғни қазіргі ғылым тілімен айтсақ, «өзін-өзі тәрбиелеу» тәжірибесінің қалыптасқандығын көрсетеді. Бұл бағыттағы Абайдың алғашқы талпынысын оның медреседе үшінші жыл оқып жүргенде, осы оқуымен қатар Семей қаласындағы «Приходская школаға» түсіп, орысша оқуынан көруге болады. Алайда, Абайдың мұндағы оқуы онша ұзаққа созылмайды. Бас аяғы үш-ақ аймен орысша оқуы бітіп, мұсылманша оқуы да тәмамдалады.
Сөйтіп, 13 жасында өткір зейінді, ерекше талапты жас шәкірт үшін аз да болса оқу, тәрбие беретін мектептің есігі жабылады [9.34].
Біздіңше, Абай нәр алған шығыстық рухани көздер дегенде, жас ұрпаққа білім беру мазмұнын төмендегідей мағлұматтармен толықтыру қажет: бірінші - Абайдың ақындық кітапханасының денін шығыс ауыз әдебиеті жинақтары мен шығыс ғұламаларының еңбектері құрайтындығына көңіл бөлу; екінші - Абайдың бірнеше тілді, соның ішінде шығыс халықтарының (араб, парсы, шағатай) тілдерін жетік білуі;
Қорыта айтқанда, Абайдың рухани-имандылық ой-пікірлерінің қалыпттасуының педагогикалық негізін төмендегі кестеден көруге болады Кесте 1
А.Кұнанбаевтың рухани-имандылык; ой-пікірлері қалыптасуының педагогикалык көздері.
р/с
|
Тәрбие көздері
|
Тәрбие бағыттары
|
Абай бойында калыпта-таскан имандылық касиеттер
|
1
|
Отбасы тәрбиесі:
|
|
|
|
а/ әже
|
ұлттық;
|
ар-ұят,
|
|
ә/ әке-шеше
|
мұсылмандық - шығыстық;
|
әдеп-инабат,
|
|
|
|
кісілік,
|
2
|
Мектеп тәрбиесі:
а/ ауыл молдасы
ә/ медресе
|
діни-мұсылмандық;
|
естілік, адалдық,
|
|
ұстаздары
|
мұсылмандық -шығыстық (діни; шығыс ғұламалары-ның адами
|
ізгілік,қайырымдылық,әділеттілік,
|
|
б/"приходская
|
қағидаттары);
|
|
|
|
|
парасаттылық,
|
|
школа" ұстаздары
|
батыстық(ағартушы-демо-краттық қағидатгары);
|
имандылық, адамгершілік
|
3
|
Өзіндік тәрбие: Абайдың өзі
|
ұлттық; мұсылмандық -
шығыстык; батыстық;
жалпыадамзаттық
|
және т.б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |