Педагогикалық технологиялар институты


Зерттеудің көкейкестілігі



бет2/20
Дата11.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#110758
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
А. Құнанбаев шығармаларындағы рухани-имандылық идеяларының тәрбиелік негізі

Зерттеудің көкейкестілігі. Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық және т.б. өзгерістер халыққа білім мен тәрбие беру ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертіп отыр. Мәдени-этностық білім берудің басты мақсатының бірі - қалыптасқан рухани құндылықтарға адалдықты дәріптеп, дана тұлғаларды қастерлеу арқылы гуманистік бағдардағы адам тәрбиелеу болып табылады. Бұл міндет, өз кезегінде жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру жүйесін біршама толықтырып, жетілдіре түсуді қажет етеді. Осыған орай, өткен кезеңдердегі ірі рухани тұлғалар мұрасындағы тәлім-тәрбиелік озық ой-пікірлерді саясаттың ықпалынан тыс кешенді түрде тұтас қарастырудың маңызы артып отыр. Мұның өзі төл педагогикамыздың тарихын жаңа айқындамалармен толықтыра түсетін аса күрделі педагогикалық проблема болып табылады.

Тәуелсіздік алғанға дейінгі педагогиканың дамуы кеңестік дәуір идеологиясы үстемдік етуімен тығыз байланысты екені баршаға аян. Бұл кезең жас ұрпаққа кеңестік негіздегі біржақты атеистік тәрбие берумен ерекшеленеді. Ұзақ жылдарға созылған атеистік тәрбиенің жалаң уағыздары халқымызды сан ғасырлар бойғы қалыптасқан тәрбие негіздерінен айырды. Халықтың рухани санасы азғындап ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан адамгершілік, имандылық, ізгілік қасиеттерге түп негіз болған ділі мен дінінен ажырады. Басқаша айтқанда, өзіндік имандылық келбетінен қол үзді. Осының салдарынан рухани тұлға мұрасын оқытуда да осындай келеңсіздіктерге жол берілді.



Тәуелсіздікті нығайтуда, жас ұрпақты осы айтылған ұлттық биік рухта тәрбиелеу, оның бойында бұрынғы кеңестік дәуірде жоғалтқан имандылық қалпын қайта жаңғыртудың маңызы зор. Осы орайда, Ел Президенті Н. Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «... жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпақты» дер кезінде ең қымбат адами, дүнияуи көзқарастар негізінде адамгершілік, имандылық ізгі қасиеттерге баулу қажет.

Бұл оң өзгерістер педагогтардың алдына жас ұрпақты тәрбиелеудің жаңа міндеттерін әкелді. Оның бастысы - ұлттық ерекшеліктер мен жалпы адамгершілік құңдылықтарды бойына сіңірген, рухани дүниесі бай, жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу [1] .

Мұндай жауапты міндеттерді шешу, бұған дейін қалыптасқан халықтық бай рухани тәжірибеге сүйенуді қажет етеді. Оның маңызды бөлігін ірі рухани тұлғалардың бай мұрасы құрайтыны белгілі. Осындай тұлғалардың бірегейі - Абай Құнанбайұлы. Оның есімі бүгінде тек қазақ жұртына ғана емес, барша әлемге кең танымал екендігін 150 жылдық мерейтойы тағы бір паш етті.

Алайда, оның рухани мол мұрасының танылып болмаған қырларын жас ұрпаққа таныту ісі ешқашан тоқтамақ емес. Соның бірі-біздің дипломдық жұмысымызға өзек болған Абай мұрасындағы кең мазмұнды рухани-имандылық тәрбие идеялары.

Жалпы, Қазақстан педагогикасы тарихында ұлы ойшылдар мен көрнекті педагогтардың рухани мұрасын зерттеудің мол тәжірибесі Т. Тәжібаев, Қ. Бержанов, А. Сыдықов, Г. М. Храпченков, Қ. Жарықбаев және т.б. еңбектерінде қалыптасқан.

Кейінгі кезде осы дәстүр жалғастығы С.Баймұратова, Ш.Жұ-матаева, М.Көккөзова, К.Ибраева, Р.Көшенова, А.Құдиярова, К. Құламбаева, С.Садуақасова, К. Шәймерденова, Қ.Шал-ғынбаевалардың ғылыми еңбектерімен байытылып, жалғасын тапты .

Абай мұрасындағы рухани-имандылық идеяларына тікелей қатысты зерттеулерге келсек, оның кейбір мәселелері 20-жылдардағы саяси қуғындауға ұшыраған қазақ зиялыларының Ж. Аймауытов, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы сондай-ақ, тың көзқарастар абайтанушылар М.Әуезов), К. Бейсембиев, С. Байжанов, Ғ. Есім, М. Мырзахметұлы, Б. Сапаралы және т.б. еңбектерінде кездеседі .

Ал, оның педагогикалық - психологиялық тұрғыдан зерттелуі Қ. Бержанов, Қ. Жарықбаев, Т. Тәжібаев, К. Шәймерденовалардың ғылыми және монографиялық еңбектерінде негізделген. Оларда Абайдың рухани-имандылық ой-пікірлеріне қатысты кейбір козарастары кеңестік кезең ықпалымен қарастырылған. Тәуслсіздіктен кейін, Абайдың этнопедагогикалық көзқарастарының жекелеген аспектілері М. Әлімбаев, Ә. Әбілдаұлы, С. Ғаббас, Қ. Жарықбаев, А. Көбесов, С. Қалиев, К. Құнантаева, С. Ұзақбаева, Ә. Табылдиевтің жекелеген мақалаларында сондай-ақ, I. Халитова және К. Шәймерденовалардың монографиялық зерттеулерінде көрініс тапқан.

Қысқасы, Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбие идеяларын бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің қажетіне толыққанды жаратуда, жоғарыда аталған әр кезең ерекшеліктерін ескере отырып, оның рухани-имандылық ой негіздерін саясат ықпалынан тыс тұтастай өз дәрежесінде қарастыру - ұлттық тәрбиенің мазмұнын байытпақ.

Осы орайда, ұлы ұстаздың рухани-имандылық көзқарастарының кең тыныстылығы яғни, ұлттық және жалпыадамзаттық мұраттармен ұштасып жатуы - бүгінгі және болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде зор маңызға ие, өміршең құбылыс болып табылады. Зерттеуіміздің өзектілігі осында деп білеміз.

Алайда, қазақстандық жас жеткіншектер Абайдың рухани-имандылық тәрбие идеяларын бұған дейін өз бойларына біршама сіңіргендігіне қарамастан, оның бай әдеби-педагогикалық шығармашылығына деген қажеттілік артуда. Мұның өзі, біріншіден, Абай шығармашылығын тұтас алғанда (соның ішінде рухани-имандылық тәрбие идеяларын) толыққанды оқыту мен пайымдауды қоғамдық тұрғыдан қажет етсе, екіншіден, бүгінгі күні Абайдың тәрбие мен оқыту саласындағы көзқарастары мен пікірлерін жас ұрпаққа оқыту дәрежесінің жеткіліксіздігі айқын сезіледі.

Осы қайшылықтарды ескере отырып, Абайдың педагогикалық көзқарастарының әлі де ашылмаған қырларын таныту ісі зерттеу проблемамызды айқындап, «А.Құнанбаев шығармаларындағы рухани-имандылық идеяларының тәрбиелік негізі» деген тақырыпты таңдауымызға себепші болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет