Саралап оқыту технологиясы.
Ӛткен ғасырдың 30-жылдарында Америкада, ал 60-
жылдары білім беру мен оқытуда саралау үрдісі кеңінен етек алғаны мәлім. Бұл үрдіс
бүгінгі таңда Қазақстан мектептеріне де, бүкіл әлем мектептеріне де келіп жетті.
Оқушылардың бейімділігін, қызығуын, үлгерімін анықтай отырып оқыту, яғни саралап
оқыту қазіргі мектептердің даму бағытына айналып отыр. Саралау – оқу мекемелерінің
түрлеріне, бір мектептің кәсіби бағдары мен ӛз ішіндегі ағымына және сыныптағы топқа
бӛлінеді. Білім беруде, саралап оқытуда қарама-қайшылық та кездеседі.
Жалпы саралап оқыту бастауыш мектепті бітіргеннен кейін басталады. Англияның
мектептерінде, Германияның нақты училище, гимназия және негізгі мектептерінде,
Францияның технологиялық, кәсіби және жалпы білім беретін лицейлерінде, Ресей мен
Қазақстанның жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназияларында және басқа
мемлекеттердің үздік мектептерінде саралап оқытылады. Бұл оқу мекемелерінің
ерекшелігі
олардың оқу бағдарламаларында. Бір мекеменің ӛз ішінде саралап оқыту,
әсіресе Америка мен Жапония мектептерінде екі түрлі: жалпы білім беретін және арнаулы
бағдарламамен жұмыс жүргізеді.
Деңгейлеп оқыту технологиясы.
Дж. Конант бастаған педагогикалық топ 50-
жылдары «барлығын қамтитын мектеп» моделін ұсынды. Әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы
балалар үшін олардың қабілеті мен қызығуын ескере отырып, әр топқа сәйкес бағдарлама
жасалды. Конанттың ұсынысы АҚШ мектептерінде саралауды енгізуді іске асырды.
Франция мен АҚШ-та барлық жалпы білім беретін мекемелерде сыныптағы
оқушыларды топқа бӛлу кеңінен тараған. Кейбір пәндерді оқытуда топтарды
«жылдамдар» , «орташалар» және «баяулар» деп атайды.
Германияда топқа бӛлу ЖОТ жүйесінде жүреді. Жоғары (ж), орташа (о), тӛмен (т).
Топтарға сәйкес әр түрлі бағдарламалар жасайды. Жапонияның мектептерінде де
оқушыларды топқа бӛліп оқыту тұрақты орын алған. Топтағы жұмыс сайыс түрінде
жүргізіледі. Сыныптағы топтар сайыс кезінде ағылшын сӛзін, ироглифтерді, тақпақтарды,
т.б. «кім біледі»? деген сұрақтарға жауап береді. Барлық оқушыға баға қойылады.
Жапония педагогтарының арасында топтық оқытуға кӛзқарастары әр түрлі.
Білімді даралап, саралап берудің басты бір бағыттарының бірі
дарынды, талантты
балалар мен жасӛспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай ӛзекті мәселеге әлемдік
педагогикалық қызығушылық бары байқалады. Соның бір айғағы ретінде жоғары
қабілетті Еуропалық ассоцияция құрылды. Ассоцияцияның басты мақсаты
дарынды
балаларды зерттеу, қолдау және мадақтау. Мұндай саясат Қазақстанда жүріп жатыр.
(«Болашақ» бағдарламасы, «Дарын» орталығы.) Ғалымдардың есептеуі бойынша, әрбір
жас ерекшелігіне байланысты топта 3 пайыздан 8 пайызға дейін ӛте талантты оқушылар
болады. Бірақ, олардың барлығы мадақтала бермейді, АҚШ-та дарынды балалардың 40
пайызы анықталады, ал Францияда олардың 5 пайызы жоғары мектепке қабылданбайды.
Англияда дарынды балаларды зерттеу орталығы бар. Мұнда дарынды балалар
жұмыс істейтін мектептер, арнаулы бӛлімдер және жеделдетіп, тереңдетіп оқытатын
курстар жетерлік. Ағылшын педагогтарының дарынды балаларды оқыту әдістемесі
бойынша диагностикалық тестілеу тәжірибелері мол.
Францияда 80-жылдардың ортасынан бастап, кейбір бастауыш оқу мекемелерінде
талантты балаларға арналған сыныптар пайда бола бастады. 90-шы жылдардың басында
Страсбургте ойлау қабілеті ӛте жоғары балаларға арналған ерекше мектеп ашылды.
Ресей де ұлттың қолайлы тобын (элитасын) тәрбиелеу қажеттілігін түсінеді. 1989
жылы «Талантливые дети» атты кешенді бағдарлама жасалды, арнаулы «Ресейлік мәдени
қор» ұйымдастырылды, қаражат бӛлінді. 1996 жылы бұл қор 229 дарынды оқушыларға
стипендия бӛлді.
Қазіргі кезде оқыту процесін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі
әдісі, адамдардың, техникалық ресурстарды білімді игеру жолында ӛзара тиімді әрекет
етудің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері кӛбейе түсуде.
Сондықтан осындай жаңартылған педагогикалык технологиялар ішінен ӛз қажетін
таңдап алу
әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс. Оқыту бағдарламалары
сызықтық, тармақты, адаптивті, құрама, блоктық және модулъді
болып бӛлінеді.
1.
Сызықтық
оқу материалдары блокпен беріліп, бақылау жұмыстарымен
кезектестіріліп отырады.
2.
Тармақтық
оқушылар дұрыс жауап бермеген жағдайда қосымша ақпарат
кӛздерінен білім алып, жаңа бақылау жұмыстарын орындайды.
3. Адаптивті
ӛзінің меңгеру дәрежесіне карай жаңа материалдың күрделілік
дәрежесін ӛзі таңдап, сӛздіктер мен анықтамаларды (техникалық құралдарды,
компьютер, т.б.) қолдана алады.
4. Модульдік оқудың технологиясы
оқытушыға педагогикалық жүйенің негізін
түсінуге жағдай жасай отырып, оқытудың теориясы мен практикасын ӛзара
байланыстыруға, оны технологиялық деңгейге дейін кӛтеруге жағдай жасайды.
Модульдік оқудың технологиясы мынадай компоненттерден тұрады:
мотивтік-мақсаткерлік,
маңыздылық,
оперативтік-іс-әрекеттілік,
бағалы-қорытындылық.
Ұсынылып отырған модульдер
бұл оқу ақпараттылығын программалық жүйесін
сақтау болып табылады. Мұның логикалық кӛкейкестілігі оның структуралық-құрылымы
модульдің жалпы оқу процесін саналы меңгеруге тигізетін әсері
оқытудың
әдістемелігі болып есептеледі.
|