Педагогикалық технологиялардың ТҤрлері, жіктелуі қазақстан Республикасының «Білім туралы»



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата20.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#169534
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Inovatsiyalik-tehnologiyalar-turleri



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТҤРЛЕРІ, ЖІКТЕЛУІ 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты 


міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым кәсіби шыңдауға 
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; ...оқытудың жаңа технологияларын енгізу, 
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге 
шығуда» деп, білім жүйесін одан әрі дамыту міндеттері кӛзделеді. Бұл міндеттерді шешу 
үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық 
жаңалықтар мен қайта құру, ӛзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа 
қарым-қатынасқа ӛту қажеттігі туындайды. 
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда 
білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне 
нақты ӛзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру 
қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын кӛзбен бағалай отырып, 
саралауды, жастардың шығармашылық әулетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша 
тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. 
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің 
инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды 
мәселелердің бірі. 
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру 
кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі 
ӛзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы ӛзгерді, білім берудің жаңа 
мазмұны пайда болды. Атап айтқанда: 
– білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттілерінің 
дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру 
бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде; 
– ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон немесе 
радиобайланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде; 
– баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, 
тұлға ретінде қалыптасуына кӛңіл бӛлінуде; 
– мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі рӛліне мән 
берілуде. 
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының ӛмір сүру деңгейінің жоғарылығы, 
дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму 
деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы 
елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне 
келіп тіреледі. 
Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі ӛзгерістер – тарихи 
объективті процес. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат – білім беру жүйесін қайта 
қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім 
алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын 
бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен ӛлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап – білім сапасы 
оқушының алған білімін жеке басын әрі қарай дамытуына, тұлға ретінде қоғамның 
ӛркендеуіне пайдалана білуімен ӛлшенеді деп тұжырымдалады. 
"ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасының" тұжырымдамасында: "Білімді, білік-дағдыларды механи калық түрде 
беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды ӛз бетінше тауып, талдап және пайдалана 
білетін, идеялардың қуат кӛзі болатын, жедел ӛзгеріп отыратын әлем жағдайында 
дамитын және ӛзін-ӛзі ашып кӛрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық 
болып табылады", – делінген. Демек, бұл тұжырымдама білім берудің басты
философиясы болмақ. 


Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда 
болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен ӛзгеріске ұшырап отыр. Мұғалімдер мен 
оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық 
құралдары кӛмекке келді. 
«Педагогикалық технология» термині педагогикалық әдістерге негізделген оқыту 
технологиясы 1960 жылдарда шетел зерттеушілері тарапынан енгізілді. «Педагогикалық 
технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің 
жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер – оның бӛлігі 
ғана»
- деп к
ӛрсткен В.Беспалько. 
Жеке тұлғаның ӛзін-ӛзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім 
беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады. Бұл үшін мына тӛмендегі 
мәселелерді ескерген жӛн: 
– қатар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім 
деңгейлерін ескеру; 
– әдістеме технологияның сабақтастығы; 
– оқушының ӛз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан 
кӛмек беруді біртіндеп азайту; 
– параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру; 
– мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болғанын, т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет