танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді
мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
–
оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Қазір
Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған
көпнүсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет
етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы,
ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан
әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық
ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі кезде қоғамда болып жатқан үлкен ӛзгерістер ғылым мен техникалық соңғы
жаңалықтарының ӛмірдің барлық салаларына тез ӛңдеуді ӛзгерістер білім беру саласына да
ӛзінің үлкен әсерін тигізуде. Сондықтан да тәуелсіз қазақ елінің басты мақсаты – осы заман
ағымынан қалып қоймай, ӛркенитетті мемлекет құру және білім беру сапасына әлемдік
білім стандарты негізінде жақсарту.
Баспа беттерінде педагогикалық білім берудің
стратегиясы мен тактикасын
ӛзгертудің қажеттігі, оның уақыт талабына сай келмейтіндігі туралы мәселелер жиі
айтылуда. Ендеше, білім берудің инновациялық технологияларын шапшаң ӛндірудің
қажеттігі ӛзектілігін танытып отыр. Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың
қажеттілігін анықтайтын себептерде қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып отыр.
Олар:
білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни жоғары оқу орындарының кредиттік оқу
жүйесіне кӛшуі және орта білім беру жүйесінің 12 жылдыққа ӛтетіндігі;
білім беру мазмұнының гуманитаризациялануы;
мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптың жаңа тұрғыдан қарастырылуы, яғни
оқушы
тек білім тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субъектісі де.
Кӛптеген мектептер жаңа оқыту және тәрбиелеу үрдісін енгізе бастады. Алайда
мектептердің жылдам даму қажеттілігі талабы мен педагогтардың оны іске асыруда
білімнің жетіспегендігінің арасында қарама-қайшылық туындауда.
«Жаңа», «жаңалық», «жаңалық енгізу», «инновация», «инновациялық процесс»
деген ұғымдарды оқытушылардың түсінуінде шатастыру байқалады.
Білім берудегі инновация және «педагогикалық инновация» терминдерін
педагогикаға ғылыми тұрғыдан негіздеп енгізген Н.Р.Юсуфбекова. Ол ӛзінің еңбегінде
педагогикалық инновацияны ӛзінің зерттеу объектісі, пәні,
тәсілі бар педагогика
ғылымының дербес саласы ретінде қарастырады.
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы
жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі замангы білім берудің
даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогиклық технология
қолданылып жүргендігі мәлім. Бірақ мұғалімдер оны өз тәжірибелерінде жүйелі
қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды. Оқытудың жаңа
технологияларын таңдаудың М.М.Поташник ұсынған критерийлері:
елдің, аймақтың,
қаланың талап-тірегі
мектепке әлеуметтік сұраныс;
мектептің дамуы туралы мемлекеттік қүжаттар
мемлекеттік сұраныс;
қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
педагогикалық озат тәжірибе;
мұғалімдердің,
мектеп
басшыларының
іс-тәжірибесі,
интуициясы,
шығармашылығы;
мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан педагогикалық технология таңдау барысында:
алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға
сай болуы;
жүйелілігі;
тиімділігі т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен
тығыз байланысты. Оның кұрылымына мыналар кіреді:
а) тұжырымдық негізі;
ә) оқыту мазмұндық бөлімі:
оқытудың нақты
және жалпы мақсаты;
оқу материалының мазмұны.
б) үрдістік бөлім
технологиялық процесс:
оқу үрдісін ұйымдастыру;
оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;
мұғалім жұмысының әдістері мен формалары;
мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы қажетті әрекеті;
оқу үрдісінің диагностикасы.
Тәжірибеде
Х-ХІ сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен
әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) тӛмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға
болады:
-
мәселелік оқыту;
-
іздену, зерттеу әдістері;
-
топпен оқыту тәсілі (В.Дьяченко);
-
нәтижелі технологиялар;
-
тірек және тірек конспектісінің кӛмегі арқылы оқыту (В.Шаталов);
-
ӛзіндік жұмыс әдістері;
-
бағдарлап оқыту (машинасыз және компьютерсіз);
-
оқытудың коммуникативті әдісі (қарым-қатынастық);
-
дискуссиялық әдіс;
-
дидактикалық ойындар.
Осылардың ішінен ӛзіміздің тәжірибеде қолданып жүрген
кейбір технологияларға
толығырақ тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: