Педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірибе бойынша күнделік-есебі «Биология»


Оқытушы ретінде даярлық жұмыстарымның қорытындысы



бет10/11
Дата23.12.2022
өлшемі2,19 Mb.
#164158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Отчет пед.практика

7.Оқытушы ретінде даярлық жұмыстарымның қорытындысы
2022 жылдың қараша айының 7-сі мен 2-желтоқсан аралығында өткен педагогикалық іс-тәжірибе қорытындысы бойынша жоспарланған әрекеттерімнің барлығы орындалды деп ойлаймын. Осы уақыт аралығында университет қабырғасында жинаған білім, білік және дағдыларымды тәжірибе жүзінде іске асырып, болашақ маман ретінде өзімді шыңдап көруге мүмкіндік туды. Алғашқы күннен бастап барынша мол тәжірибе жинақтау мақсатында жұмысқа кірісіп кеттім. Алғашқы апта пассивті апта болғанымен де, мен үшін өте маңызды уақыт болды. Себебі, бір апта ішінде өз бағытында талай шыңды бағындырған білікті оқытушылардың және жаңадан еңбек жолдарын бастауда тәжірибе жинақтап жатқан магистранттардың өткізген дәріс және практика сабақтарына қатысып, олардың сабақтарына өзіндік талдау жасап, сабақ артықшылықтары мен кемшіліктерін саралау арқылы қорытынды жасауды үйрендім. Сабақта қолданылатын әдістер, оқу материалдары мен тапсырма түрлері олардың ғылымилылығына, күрделілік деңгейіне, түсініктілігі мен мазмұндылығына және студенттердің ойлау деңгейлері мен жас ерекшеліктеріне байланысты таңдалынып, әзірленді. Сабақта қолданылатын презентациялардың, бейнероликтердің эргономикалық талаптарға сай болуы ескерілді.
Әрбір сабаққа өзіндік талдау жасалынды. Талдау барысында сабақта қолданылған ұтымды әдістер және жіберілген қателіктер сараланды. Өзімнің басым және кемшілік тұстарымды анықтап, әрі сабағыма қатысқан жетекшімнің ұсыныстары мен кеңестерін болашақта ескеремін.
Білім алған барлық пәндер, әсіресе, «Педагогика», «Психология» және «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәндері бойынша білімдерімнің көп комегі болды. Сонымен қатар, ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» демекші, сабақ барысында студенттердің тәрбиесін де басты назарда ұстауға тырыстым. Олардың бойында өзгелерге көмектесу, бірін-бірі қолдау, адал еңбектену, табандылық таныту, жауапкершілікті сезіну сияқты қасиеттерін дамытуға мән бердім. Түрлі психологиялық әдістерді қолдану арқылы студенттер арасындағы тұлғааралық қатынас және әрбір студенттің топтағы социометриялық статусы анықталды.
Жалпы іс-тәжірибе жоспары орындалды деп ойлаймын. Педагогикалық іс-тәжірибеге берілген екі апта уақыт ішінде теориялық білімнің практикалық маңызын ұғына түскендеймін. Теориялық тұрғыда түсінікті әрі жеңіл көрінген педагогикалық әрекеттер тәжірибеде біраз қиындықтар туғызып, біраз уақытты алуы мүмкіндігіне көзім жетті. Сондықтан, әрбір сабақтың сәтті шығуы үшін сабақ кезеңдерін, әдіс-тәсілдері мен берілетін материалдар, тапсырмалардың жүйелі түрде жоспарлануын қадағалауды үйрендім.
Қорытындылай келе, аталмыш педагогикалық іс-тәжірибеден көп тәжірибе жинақтадым деп ойлаймын. Болашақ маман ретінде кәсіби шыңдалуыма жинақтаған тәжірибем елеулі септігін тигізеріне сенімім мол.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет