Алтыншы тақырып.
Педагогикадағы мақсат қою.
Мақсаты: педагогикада мақсат қоюдың ерекшелігін түсіндіру
Тірек ұғымдар: мақсат, міндет, неотомизм, прагматизм, неотомизм, бтхевиоризм, экзистенциализм.
Жоспар
1. Тәрбиенің мақсаты.
2. Тәрбиенің міндеттері.
3. Қазіргі шетел педагогикалық тұжырымдамалары.
4. Шетел педагогикасындағы тәрбиенің мақсаты.
1. Кез-келген тәрбие мақсатты түрде жүргізіледі. Мақсатқа мазмұн, ұйымдастыру, тәрбиенің формалары мен тәсілдері бағынышты. Сондықтан, педаогикадағы тәрбиенің мақсатын анықтау маңызды мәселе.
Тәрбиенің жалпы және жеке мақсаттарын белгілейді. Жалпы мақсаты - барлық адамдарға тән, қалыптасуы қажет қасиеттерді белгілесе, жеке мақсат тек бір адамды тәрбиелеуде ғана белгіленеді. Дамушы педагогика ғылымы жалпы және жеке мақсаттарды біріктіре қарастырады.
Практикада мақсат - бұл нақты міндеттер жүйесі. Мақсат және міндет өзара тұтастық және бөлік, жүйе және оның компоненттері ретінде байланысты болады. Сондықтан, тәрбиенің мақсатын - тәрбие арқылы шешілетін міндеттер жүйесі деп анықтауға болады.
Мақсат - тәрбие жүйесінің анықтаушы сипаттамасы. Мақсат арқылы тәрбиелік жүйелер бір-бірінен ажыратылады.
Тәрбиенің мақсаты қалай пайда болған? Олардың қалыптасуында көптеген объективті факторлар көрінеді:
ағзаның физиологиялық жетілу заңдылықтары;
адамдардың психикалық дамуы;
философия, педагогика ғылымдарының жетістіктері;
қоғамдық мәдениеттің дамуы.
Басты факторы - идеология, мемлекеттің сасясаты. Сондықтан, тәрбиенің мақсаты саясаткерлердің, қоғам қайраткерлерінің жеке бастарына бағынышты болды. Соңғы уақытта тәрбиенің мақсаты саясат пен идеологиядан тәуелсіз дамуда.
Педагогиканың тарихы - тәрбиенің мақсатының пайда болуы, дамуы, жүзеге асуы мен жойылудың тізбегі.
Тәрбиенің мақсатын анықтау маңызды себептермен анықталады. Олар:
Қоғамдық қажеттіліктері. Олар өндіріс тәсілдерімен анықталады, яғни өндірісітік күштердің даму деңгейі мен өндірістік қарым-қатынастар сипаты арқылы.
Сондықтан, тәрбиенің мақсаты қоғамының қол жеткізген даму дамуын көрсетеді. Осы байланысты бекіту үшін тәрбиенің мақсатының қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастарға байланысты өзгеруіне шолу жасасақ. Тарихта бес қоғамдық-экономикалық формация бар:
Алғашқы қауымдық құрылым
Құл иеленушілік
Феодалдық
Капиталистік
Посткапиталистік.
Алғашқы қауымдық құрылымда таптың бөлінуі болмағандықтан, балалардың бәрі бірдей еңбекке дайындалған; аң аулау, балық аулау, киім кешек тігу. Бұнда тәрбие адамның өмір сүруін қамтамасыз ету әрекеттерін үйренумен шектеледі. Мақсаты - адамды тірі қалу тәжірибесімен қаруландыру, яғни күнделікті өмір сүруге қажет білім және дағды қалыптастыру. Арнайы тәрбиелік ұйымдар болмады, мектептер жаңадан пайда болды.
Құл иеленушілік қоғамда тәрбие мемлекеттің ерекше функциясына айналады. Тәрбиемен айналысатын арнайы орындар пайда болды. Екі түрлі топтың пайда болуы (құл иеленушілер мен құлдар) тәрбиенің мақсатына өзгерістер енгізді. Ол дуалистік сипатқа ие болды. Құл иеленушілер балаларын тәрбиелеудің мақсаты - оларды өнер, ғылым саласына дайындау, басқа елдерді бағындыру және олардың байлығын тартып алу үшін жаулап алу соғыстарын жүргізуге және өз мемлекетін қорғауға үйрету болды. Ал құлдар балаларының тәрбиесі - оларды қожайының бұйрығын орындауға дайындау. Бұл балаларды бағыну мен бой ұсынушылыққа тәрбиелеген. Өндірістік қарым-қатынастар тәрбиенің мақсатын белгілеп тұр. Таптық бөлінуге сәйкес өмір сүруге дайындық, көзқарастың қалыптасуы мен психологиясының дамуы жүргізілді.
Феодалистік кезеңдегі басты таптар - феодалдар және шаруалар. Тәрбиенің мақсаты екі түрлі феодал балаларына - рощарлік (жауынгерлік) тәрбие болса, шаруа балаларына - ашық аспан астындағы еңбек тәрбиесі.
Капиталистік кезеңдегі таптар - буржуазия және пролетариаттар. Өндірістің дамуы білімі бар жұмысшыларды қажет етеді. Сондықтан, басқарушы тап жұмысшыларға арналған оқу ұйымдарын ұйымдастыруға мәжбүр болды. Буржуаздар өз балаларына мемлекетті басқару, экономиканың дамуын бағыттау, қоғамды анықтау сынды білім береді. Жеке ерекшеленген оқу ұйымдарын ашады. Осы классикалық капитализмнің орнына посткапиталистік (нарықтық, демократиялық) кезең келеді. Бұл құрылымға өндірістік және қоғамдық қарым-қатынастың жоғары даму деңгейі тән.
Бұдан басқа тәрбиенің мақсатына мына факторлар әсер етеді:
ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогрестің қарқыны;
қоғамның экономикалық мүмкіншіліктері;
педагогикалық теория мен практикалық даму деңгейі;
оқу-тәрбие ұйымдары, мұғалімдер, тәрбиешілердің мүмкіндіктері.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі тәрбиенің мақсаты - тұлғаның ақыл-ой, құлық, эмоция және дене дамуына мүмкіндік туғызу; оның шығармашылық мүмкіндіктерін жан-жақты ашып дамыту; гуманистік қарым-қатынасын қалыптастыру; баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оның дербестігін, даралығын дамыту.
2. Ақыл-ой тәрбиесі тәрбиешілерді ғылымның негізгі жайындағы біліммен қаруландырады. Ғылыми білімді меңгеру барысы мен нәтижесінде ғылыми көзқарастың негізі қаланады. Көзқарас дегеніміз - адамның табиғатқа, қоғамға, еңбекке, танымға деген пікірлер жүйесі. Көзқарастың қалыптасуы - бұл қоғам мен табиғат құбылыстарын жете түсіну, оларды саналы түрде түсіндіру, оған өзінің қатынасын, ойын белгілеу. Бұл адамның логикалық ойлауын, есте сақтуын, зейінін, қиялын, танымдық әрекетін дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |