Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика — кең ауқымды ғылым. Оның пәндік құрамының күрделілігі соншама: тәрбие мәні мен оның барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогиканың ірге тасы — философия, дәлірек айтсақ, тәрбие мәселелерімен арнайы шұғылданатын оның тәрбие философиясы атамасын алған тармағы. Тәрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тәрбиелік тәжірибеде әртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия -педагогикаға танымның жалпы бағытбағдарын, педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеудің әдістәсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас және жүйелік, құрылымдық талдау әдістерімен бірге педагогиканың әдіснамалық негізі деп атау қабылданған.
Жүйелік
|
Жүйелілік – педагогика курсының оқытуын және қалыптастыруын педагогикалық жүйе ретінде қарастырылады, жоспарлайтын нәтижелілігі, толық оның жүйелілігіне және құрылымына тәуелді болады. Жүйеліліктің негізгі түсініктері: жүйе, құрылым, жүйенің компонетті, жүйенің элементті, байланыстар, жүйеқұрушылық элементті.
|
Іскерлік
|
-Педагогикалық iскерлiк - бұл теориялық білімге негізделген және үйлесiмдi дамыған жеке тулганы дамытуға бағытталган, автоматтандырылған бiрiздi жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы (В.А Сластенин).
-Педагогикалық іскерлік - мугалімнің әр түрлі әрекеттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалык әрекет функцияларына сәйкес, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялык ерекшеліктерін аныктайды (В.А. Мижериков)
|
Контекстік
|
|
Модульдік
|
Модульдік оқыту технологиясы- білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, Оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
|
Аксиологиялық
|
Педагогикалық аксиология -
1.тәрбие, білім, оқу, педагогикалық қызметі адам өмірінің құндылықтары ретінде қарастырылатын педагогикалық білім тарауы;
2.педагогикалық
Қауымдастықтыңжаңалықты,инновациялардықабылда уы, бағалауы және игеруі жөнінде ғылыми білім (әлеуметтік-педагогикалық қауымдастықтың жаңаны кабылдау туралы ілім).
|
Мәдениеттілік
|
Мәдинеттілік - педагогтың мектепте өзін мәдинетті ұстай білуі және оқушы мен ата-ана алдында ұстай білуі.
|
2. Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау.
Тәрбие үдерісінде тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалып-тастыру», «әлеуметтендіру» бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Дамудегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеу-меттік ортада болады. Адам биологиялық жанды зат ретінде дүниеге келеді де, ол даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (өмірге, адам-дарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыптасады.
Тәрбие-әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемле-кеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі.
Тәрбие туралы түсінікке баланың жеке басының қалыптасуы мен дербес ерекшеліктерін ескерумен іске асырылатын толыққанды және толық құқылы тұлға тәрбиелеуге болады деп тануды талап ететін және педагогикалық үдерістің субьектісі ретінде тұлғаның қоғамдағы жаңа ұстанымы орнығады.
Тұлғаның қалыптасуы ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өз тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген, сонымен бірге құндылық атаулыны тұрақты таңдай алу сияқты дамудың шартты түрдегі жетіс-тіктері жатады.
Тұлғаның қалыптасуы – тұлғаның шындықпен өзара әрекеті барысындағы өзгеріске түсу үдерісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістердің пайда болуы.
Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбие ортадан дамуына қажетті материалды іріктейді; жағымсыз ықпалдардан шығу жолдарын іздестіреді; оқушының мүмкіншілігін анықтайды, ашады, табиғи нышандарының дамуына жағдай жасайды.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі көптеген идеяларға негізделеді: адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту; ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс-әрекеттерінің ынтымақтастығы, мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігі, мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуы, ата-аналармен мен мұғаліммен ынтымақтас-тық, өзін-өзі құрметтеу идеясы, өзін-өзі тәрбиелеу т.б.
Тәрбиеадамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, өзіндік өңдеу белсенділігін арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай алғаны.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуін және тұрақты сапалар мен қа-сиеттерді иемденуін білдіреді.
Балада табиғаттан, тумысынан жалпы адамдарға тән сөйлеу мәдениеті және жеке өз басына байланысты әртүрлі нышандар қоры, табиғи қасиеттері жеке адамның өзіндік мүмкіншіліктерін құрайды, солар арқылы түрлі қабілеттіліктердің қалыптасуы басталады.
Табиғи мүмкіншіліктер адамның әлеуметтік өмір әрекеттерінің барысында дамиды. Адамның өмір сүру ортасы болмаған жағдайда табиғи нышандардың, қабілеттіліктер мен бейімділіктердің де күші жойылады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор, ол – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық, дағдысына бағытталған жұмыс. Егер тәрбие жеткіліксіз, әлсіз болса, баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Жеке тұлға дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта, тәрбие – сыртқы әсерлер. Сыртқы әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныс-тардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы – осы екі фактордың байланысынан пайда болады.
Тұлғаны әлеуметтендіру біріккен қарым-қатынас іс-әрекет ба-рысында қалыптасады. Педагог кез келген қызметке кірісуі үшін ал-дын-ала қойылатын талаптарды ескереді. Педагогикалық талапты орындау ғана педагогикалық мақсатты қатынастардың нәтижелі бо-луын қамтамасыз етіп қоймайды. Балалар ұжымындағы шағын топтар-дың пікірі мен беретін бағасы және іс-қылықтары да маңызды.
Тұлғаны әлеуметтендіруде әлеуметтік тұрғыдаотбасына әлеу-меттік-экономикалық, құқықтық, психологиялық және педагогикалық, баланы отбасына тәрбиеге алған отбасына қолдау көрсету, көп балалы және мүгедек балалы отбасы балаларының денсаулығын нығайтуға көмектесу негігі орын алады.
3. Баспасөз беттерінен қазіргі жеткіншектер мәселесі туралы матеиалдарды таңдау және талқылау
Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктері мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болады. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализм негізін салушылар С.Холл мен З.Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысымен өзіне тән ерекшеліктері комплексінбиологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады.
20-30 жылдарда әр түрлі елдерде нақты зерттеулер жинақталғандықтан биогенетикалық универсализмге қарама-қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл зерттеулерде жеткіншектіңжеке басының кейбір қасиеттерінің оның әлеуметтік қатыстылығына тәуелділігі көрсетілді. Қиын жетьғкіншектерді тәрбиелеу іс-тәжірибесінің маңызы болды, мәселен, А.С.Макаренкода мұндай жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзелетін еді.
Самоа аралындағы жеткіншектерді зерттеген американ ғалымы М.Мид жеткіншек шақта дағдарыстар мен дау-жанжалдардың болмай қоймайтындығы туралы түсініктің қисынсыздығын дәлелдеді, сөйтіп олардың биологиялық емес, әлеуметтік шарттастығын көрсетті. М.Мид Самоадағы жеткіншек қыз балалардың балалықтан ересектікке үйлесімді, дау-жанжалсыз өтетінін байқады да балалардың тіршілік жағдайларын, тәрбиеленуі мен айналадағылармен қарым-қатынастарының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі сипаттап жазды. Қыз балалардың жеткіншек шағын М.Мид балалық және ересектік көзбен салыстырғанда тұтас алғанда неғұрлым жақсы және ерікті кезең деп бағалады.
Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталды. Балаларда “Эдип” комплексінің міндеттілігі туралы пайымдау да теріске шығарылып, жеткіншектің инициациядан кейін алатын ересектік статусына арнайы әзірлік жағдайында да, сондай-ақ бұл статустың талаптарын біртіндеп меңгергенде де жеткіншек ер балаларда дағдарыстың болмиау мүмкіндігі анықталды.
Антрополог Р.Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің 2 типін көрсетті:
Өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған маңызды нормалар мен талаптардың ұқсастығы жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму бірқалыпты өтеді, бала ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, ересектің статусының талаптарын орындауға даяр болып шығады.
Өтудің екінші типі балалар мен ересектерге қойылатын мәнді талаптарда алшақтық болған кезде байқалады. Мұндай жағдайларда балалықтан ересектікке өту әр түрлі қиыншылықтармен қабаттасып, оның өзіне тән нәтижесі болады- ресми кемелдікке жеткен кезде ересектің рөлін атқаруға дайын болмау кел іп шығады. Балалықтан ересектікке өтетін жол, деп атап көрсетті Бенедикт, әр түрлі қоғамдарда әркелкі боладыжәне оның ешқайсысы да кемелдікке жеткізетін “табиғи” соқпақ деп қарастырылмайды.
Антропологтар зерттеулерінің теориялық маңызы зор. Бала өмірінің нақты әлеуметтік жағдайларына:
Жеткіншектік кезеңнің ұзақтығына;
Дағдарыстың, талас-тартыстың, қиыншылықтың болуына;
Балалықтан ересектікке өтудің өзінің сипатына қарай анықталатыны дәлелденді.
Әлеуметтік ересектіктің дамуы дегеніміз баланың ересектер қоғамында оның толық та тең құқылы мүшесі болып өмір сүруге даярлығының қалыптасуы. Бұл процесс объективтік қана емес, субъективтік даярлықтың да дамуын көздейді, ол іс-әрекетке ересектердің мінез-құлқына деген көзқарастарға қойылатын қоғамдық талаптарды меңгеру үшін қажет, өйткені әлеуметтік ересектіктің өзі осы талаптарды игеру процесінде дамиды.
Жеткіншектік шақтың басында балалар сырт пішіні жағынан да, мінез-құлқы жағынан да ересектерге ұқсамайды: олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып, тентектіктер жасайды , өз дегендерін істеп, байыз таппайды, қызу да шамданғыш, әр түрлі салада белсенді, көбінесе ұшқалақ , ынта білдіріп, ден қоюы да, біреуді жақсы көруі, қарым-қатынасы да тұрақсыз, басқаның ықпалына оңай көнгіш болады.Алайда балалығы қаз-қалпында болып көрінетін сырт көрінісі алдамшы болады да оның сыртында жаңаның қалыптасуының маңызды процестеріжүріп жатады: жеткіншектер көп жағынан әлі бала болып жүріп, елеусіз есейеді.
Ересектің қалыптасу процесі көзге бірден түспейді. Оның көріністері мен нышандары әр сипатты және сан алуан. Ересектің алғашқы өркендері оныңдамыәр сипатты және сан алуан. Ересектің алғашқы өркендері оныңдамыған формаларынан өте айрықша болып, кейде жеткіншектің мінез-құлқында ересек адамға жағымсыз жаңа сәттерде көрінуі мүмкін.
Жеткіншек жасқа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгерістермен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады.
Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне жаңа құрылым оның өзі ту ралы енді бала емеспін дейтін түсініктіңпайда болуы болады, ол өзін ересекпін депсезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.
Ересектік сезім дене дамуы мен жыныстық толысудағы ілгерілеушіліктерді ұғынып, бағалаудың нәтижесінде шығуы мүмкін; бұларды жеткіншек анық сезінеді және оны өз ұғымында да объективті түрде неғұрлым ересек етіп көрсетеді. Қазіргі бар акселерация балада осы жаңа өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі бағалаудың бұрынғы жылдарға қарағанда ерте пайда болуына жағдай жасайды.
Ересектік сезімдерінің ендігі бер қайнар көзі — әлеуметтік негіздер. Мұның өзі ере сектермен қарым-қатынаста бала объективтік тұрғыдан балалық жағдайда болмай, еңбекке қатысып, елеулі міндеттері болғандай реттерде туындауы мүмкін. Ересектердің сенімі және жастайынан дербестікке жету әлеуметтік қана емес, субъективтік тұрғыдан да баланы тез есейтеді. Бұған ұқсас мысалдар Ұлы Отан соғысы жылдарында көп кездесті. Ересектік сезімнің жыныстық толысудан көп бұрын пайда болуының мүмкіндігі бар жолды Н.А.Некрасовбармақтай мұжық бейнесінде берген. Мұның өзі бала ересек деп санайтын адам мен өзі арасындағы бір неме се бірнеше өлшем бойынша баланың өзі ұқсаспыз ( білім, іскерлік, күш, ептілік, батылдық, т.б. ұқсастығы) деп тапқан жағдайда да туындауы мүмкін; ұқсастық жайлар неғұрлым көп болса, өзін ересек сезінуге негіз де соғұрлым көп болады. Ересектік сезім баланы өзіне тең ұқсайтын неғұрлым ересек жолдастарымен ( баланың ұғымында ) қарым-қатынаста да қалыптасады. Жеткіншек өзін айналасындағылармен ғана емес, мұның алдында өзінің қандай болғанымен де салыстырады, әрине, белгілі бір бейнелерді бағдарға алып, өзіндегі прогресті бөліп көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |