«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет24/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Прагматизм (Чарлз Пирс, Уильям Джеймс, Джон Дьюи). Прагматизм философиялық бағыт ретінде Америкада пайда болды. Адам әрекетін философиялық түсінудің негізінде шындық болмыстың, ойлау типінің басқаша пайымдарын ұсынды. Адам әрекеті өзін қамтамасыз ететін ойлау құрылымдары, сана тетіктері тұрғысынан зерделенуі керек деп тапты. Пирс дедукция мен индукцияны пайдалану үлгілерін зерделеді. Ол негіздеудің абдукция сияқты тәсілін ұсынды. Оның ойынша, индукция мен дедукция абдукция арқылы бірігеді. У. Джеймс біздің әрқайсысымыздың өз философиямыз бар деді. Джеймс танымның басты тұрғысы тәжірибе деп санады. У. Джеймстің «Мұғалім мен психология туралы әңгімелер» атты кітабы әлі күнге дейін өзекті еңбек. Белгілі американдық ойшыл Дж. Дьюи өмір бойы психологиямен, білім беру философиясымен, педагогикамен айналысты. Ол мектепті өмірдің ерекше формасы деп атады. Мектептің негізгі міндеті – өмірлік жағдаяттарды шешу дағдыларын қалыптастыру деп түсінді. Д. Дьюи мен У. Джеймс үшін философияның негізгі ұғымы – тәжірибе. Дьюи инструментализм теориясын жасады, философия ғылыми болжам мен идеяларды таңдау үдерісі ретінде адамға өз өмірін жақсартуға көмектесетінін айтады. Зерттеу логикасы, Дьюи бойынша: бірінші кезеңде – қиындықты сезіну, екінші кезеңде – мәселені тану, үшінші кезеңде – болжам жасау, төртінші кезеңде – мәселенің салдарын сыни қарастыру, бесінші кезеңде – болжамды экспериментте тексеру.
Білім берудегі прагматизмнің негізгі тезисі: «Мектеп – өмір құралы». Негізгі ұғымдары – «тәжірибе», «іс». Білім адам қабілеттерін дамытуға қызмет көрсетеді, практикалық әрекет барысында алынған білім адамға пайдалы деп қорытады. Мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны қоғамдағы өмірге даярлауы керек. Прагматизмнің маңызды қағидасы – әрбір адамның табиғи, генетикалық оқшаулығында деген идея. Бұл идея педагогикада педоцентризм ілімін негіздеуге мүмкіндік берді. Бұл ілімге сәйкес білім беру үдерісінің назарында өз қызығушылықтарымен, қажеттіліктермен баланың болуы маңызды болды. Прагматизм философиясы Батыс Европа мен АҚШ-та кеңінен таралған. Соңғы кезде прагматизм әдіснамалық ұстаным деңгейінде қарастырылуда.
Герменевтика. Герменевтика (грек. Hermeneutike – түсіндіру өнері) – алғашқы мазмұнында көрнекіліктен немесе көп маңыздылықтан түсініксіз мәтіндерді түсіндіру өнері және ілімі. Герменевтика ежелгі антикалық дәуірде көне ақындардың (ең алдымен, Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Қазіргі мәдениеттануда герменевтиканы «тұлғаны түсінуші тәжірибемен» (Г. Гадамер) байланыстырады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негізделген. Қазір герменевтика теориялық педагогика құрылымында зерделеніп жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет