- Педагогикалық технология - алдыңғы авторлардың барлық анықтамаларының мағынасын бойына сіңірген мағыналы қорытындысы (Г.К.Селевко)
Сонымен , "Педагогикалық технология" деген түсінік "оқыту әдісінен" кеңірек екенін білдік. Технология - оқыту мақсатына, осы жүйенің меңгерілуіне қалай жету керек деген сұраққа жауап береді. Технология - алдын-ала жоспарланған жүйені жүйелі іске асыруға бағытталған іс-әрекеттердің барысы және оның нәтижесіндегі көрсеткіш. Бірдей технология әртүрлі орындаушының қолында әр кезде басқа болып көрінеді. Бұл жерде мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне жеке тұлғалық қасиеттеріне, оқушылардың ерекшеліктеріне, олардың жалпы көңіл-күйіне, сыныптағы психологиялық ахуалға көңіл бөлу керек. .
Көптеген педагогикалық инновациялардың ішінде қойылған мақсатқа лайығы :
-"серіктестікте оқыту";
-проектілер әдісі;
--әртүрлі деңгейде оқыту болып табылады.
Оқытудың басты идеясы- бірге оқи білуге үйрену және серіктестік қызмет.
Оқыту ісінде педагогтар жаңа оқыту технологияларын, соның ішінде әсіресе ойын технологиясын (іс-әрекет ойыны, рольдік ойын, прессконференция, т.б) қолданса тиімді.
Оқушы өз білімі мен тәжірибесін зерттеу әрекеттері арқылы: мәселелерге жауап іздеу, болжам жасау, тәжірибе жасау, одан түйін шығару т.б. яғни танымдық әрекет жасайды.
Білімді игеру ерік пен жігерге негізделген кездейсоқ процесте де арнайы ұйымдастырылған әрекеттерде де жүреді.
Бала жаңа материалды тек жай ғана тыңдау, көру, сезіну арқылы емес оқытудың субъекті ретінде білім алуға өзіндік қажеттігі пайда болғанда ғана табысты игереді. Яғни оқу материалының өзектілігі, оқушының белсенділігі, оқытудың оқушы өмірімен, еңбегімен ұштасуы табысқа әкеледі. Оқушы тұлғасын басты орынға қоя оқыту педагогикалық процесс субъектілердің өзара қарым-қатынастарының мазмұнына негізделеді. Бұл үрдіске қатынасушылар "дайын білімді игеруші", "орындаушы емес", "шындықты танушы", "әрекетті жүзеге асырушы" болады. Сөйтіп, оқушы мен мұғалім бір-бірімен ынтымақтастық, шығармашылық байланысқан әрекеттер жасайды. Психологиялық тұрғыдан жеке тұлғалық жағымды мінез-құлқы тәрбиеленеді, топтық іс-әрекеттің бір адамның іс-әрекетіне қарағанда көп мүмкіншілігі бар екенін байқап, өзін және өзге адамдарды түсініп, құрметтей білуге үйренеді, серіктестік дағдысы қалыптасады.
. Өзін-өзі дамытып оқыту-тұлғаның қалыптасуының негізі болады. Білім жүйесінде үлкен салмақ оқушының өзіне түседі. Ол әлемді тануға, белгісіздікті шешуге өзі жауап іздейді, ал білімді әр түрлі жерден табуы мүмкін, шешімі де әр түрлі болады. Оқушы ғылыми ойлауға, оның әдіс-тәсілін білуге, ізденуге ұмтылады. Оған қазіргі электрондық оқулықтармен оқыту, ақпараттық оқыту, проблемалық оқытулар, қашықтықтан оқыту мүмкіндік береді. Сын тұрғысынан ойлау өте маңызды, күрделі құбылыс. Мұғалімнің ұйымдастыруымен оқушы ақпарат көздерінен сусындап, өз түйгенін айтады. Мәселені талдау барысында бірлесіп, ,ұжымдасып ең ұтымды жауапты іздейді, өз идеяларымен бөліседі. Оқыту процесін технологияландыру білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін жол. Тағы бір маңызды мәселе- бағалауға жаңаша көзқарас.
Білім беру ісінде жыл сайын өзгерістер болып тұратыны анық, оның ішінде маңызы ерекше компьютерден, ағылшын тілінен хабары бар оқушының логикасы жақсы дамиды. Осылайша, оқытудың жаңа әдістері, жаңа оқыту технологиялары экономикалық белсенді өркениетті нарық жағдайларында жұмыс істеуге қабілетті, оның талаптары мен нормаларын білетін тұлға қалыптастыруға ықпал ететіндігімен маңызды.
Еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі кезеңі-оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияға ауысатын өтпелі кезең.
"Оқусыз білім жоқ, білімсіз-күнің жоқ" дегендей, ғылым мен білім прогреске апаратын сара даңғыл жол. Осы даңғылды жасайтын да, бағыттайтын да мектеп. Дүниежүзілік тәжірибені електен өткізе отырып, ұлттық мектеп үлгісін жасауға талпынысымыз оң болғай.
Оқыту технологиялары:
-түсіндіре басқарып, оза оқыту;
-ойын арқылы оқыту;
-саралап,деңгейлеп оқыту;
-модульдік оқыту;
-оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға оқыту;
-компьютерлік (дистантты) оқыту;