7.Ертерек бастаңыз.
Жұмысыңызды әдеттегі уақыттан 10-15 минутқа ерте бастаңыз, онда бұл күніңіз қуанышты, жемісті болады.
8.Өз уақытыңызды құрметтеңіз.
Үйқыға кетердің алдында күні бойы қандай оңды іс атқарғаныңызды талдаңыз. Уақытты тиімді пайдаланғаныңыз өзіңізді қүрметтегеніңіз деген сөз.
Өзіңді -өзің бағалауға арналған тест
Е шқандай тестті жеткілікті түрде жетілген деп есептеуге болмайды дейді. Дегенмен де ұсынылған сұрақтарға жауап бере отырып, өзіңізді-өзіңіз бағалауыңыздың қандай екенін анықтап көріңіз. Өйткені бұл психологиялық тұрақтылықтың өте маңызды көрсеткіші емес пе?!
Сіз қайта туылып, өміріңізді басынан бастауды армандайсыз ба? (Иә-4, жоқ-16).
Сіздің хоббиыңыз бар ма? (Иә-18, жоқ-5).
Егер сіздің жұмысыңыз алға баспаса, «Мұндай нәрсе тек менде ғана болады» деп айтасыз ба? (Иә-6, жоқ-12).
Біреудің сізді көре алмайтынын білсеңіз қуанасыз ба? (Иә-16, жоқ-2).
Егер сіз туралы біреу жалықтыратын, сүйкімсіз адам ретінде пікір айтса, сіздің намысыңыз келе ме? (Иә-3, жоқ-12).
Сіздің танысыңызда да сіздің басыңыздан өткен ұнамсыз жайттар болғанғанын білу сізге қандай да бір жұбаныш әкеле ме? (Иә-2, жоқ-16).
Қандай да бір істің сіздің қатысуыңызсыз жақсы жүріп жатқанына көзіңіз жетуі сізді қобалжыта ма? (Иә-2, жоқ-16).
Лотореядан көп сома ұтып алу тілегі сізде жиі бола ма? (Иә-4, жоқ-20).
Туыстарыңыз немесе достарыңыз қымбат зат сатып алғанын білсеңіз, сіздің тамырыңыздың соғуы жиілей ме? (Иә-1, жоқ-20).
Сіз үлкен көлемдегі тыңдаушылардың алдында пікіріңізді айтуды ұнатасыз ба? (Иә-16, жоқ-3).
Жиналған ұпай санын санап, алынған соманың шешімін алыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |