2.Басты нәрсеге көңіл аударыңыз.
Параққа тізбелеп ең жедел атқарылуы тиіс және маңызды істерді жазыңыз. Бүгін ең маңызды іске кірісіңіз және одан нәтиже шығармай кейін шегінбеңіз. Содан соң басқа істерді де солай істеңіз. Бастысы - негізгі бағытты анықтап, соған сәйкес жұмыс жасау.
3.Нақты мерзімді белгілеңіз.
Мәселен, «мен алдымен мүмкіндік болса телефон соғамын» деген басқа да, «телефон соғамын, содан кейін қыдырып қайтамын» деген тіптен басқа. Бірінші жағдайда айтқаныңыз орындалмаса түрліше ақталуды ойлап табасыз, екіншісінде өзіңізге орындау талабын қоясыз. Істі орындаймын деген уақытта орындаңыз. Өзгеге қалай талапшыл болсаңыз, өзіңізге де солай талапшыл болыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |