Халық педагогикасы:
Тәрбие дегеніміз не?-деп сұрайды.
Халық тәрбиешісі:
Сүйіспеншілік пен үлгі-өнеге,-деп жауап береді.
Халық данасы: «Адам-тұлға» «үйінде» үш ағайынды тұрады.
Олар: Ұждан (рух)
Адамгершілік
Ұят,-деп тұжырымдайды.
Ақыл,білім – құрметті етер халқыңа,
Көз жұмылса, айналады даңқына.
Туралықпен, әділ заңнан жаңылма,
Әділдікпен тұрар бектік бабыңда! ( Ж.Баласағұн.)
♦ Осы айтылғандарды пайдаланып «құндылық желісі» әдісі бойынша айтысқа дайындал.
Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе – ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы.
(Ахмет Байтұрсынұлы)
Тігуге құлшынып бір шыбық орнына мың шыбық,
Өз ана тілін игеруге ділімен ұмсынып,
Өзгеріс енгізіп рухани тұрқына,
Космополиттер қайта ма өзінің ұлтына?...
...Ұлт үшін қазір бұл - Нөмірі бірінші мәселе!
М.Шаханов
Достарыңызбен бөлісу: |