Этнопедагогика-интегративті білім саласы ретінде
Сызба профессор К.Ж. Қожахметованың "Қазақ этнопедагогикасы: методология, теория, практика.-Алматы,"Ғылым" 1998 ж. монографиясынан алынды.-152-бет.
«Этнопедагогика – педагогиканың жүрегі»
Г.Н. Волков.
Ұлттық тәлім – тәрбие, халықтық тағылым
Қазақстан Республикасының 1993 жылы қабылданған «Білім беру туралы заңында» «...қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр – салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау» - деп көрсетілген. Заңда халық педагогикасы сөз етіліп отыр. Сондықтан оны ғылыми негізде пайдалану және даму жолдарын іздестіру көкейтесті мәселелердің бірі. Осы бағытта нәтижелі жұмыстар істеп жатқан ғалымдардың еңбектерін оқып білу біздің маңызды міндеттеріміз болады. Сондай-ақ ұлттық негізге құрылып, білім-тәрбие беріліп жатқан мектептердің іс-тәжірибелерімен танысу мүмкіншіліктерін пайдалану керек. (Атырау қаласындағы №11, №13, №19, №27, т.б мектептерге машықтану – тәжірибелік сабақтарға баратын боламыз)
Қазақстан сияқты көптеген ұлттардың өкілдері шоғырланған мемлекеттің алдында біріншіден, біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден; жас ұрпақты өз ұлтының мәдени – рухани қайнарынан сусындату тарихи қажеттілік болып отыр. Бұл сияқты қос арналы міндеттер қазіргі шақта ұлттық мектептерде жүзеге аса бастады.
Ұлттық тәрбие берудің үш өрісі бар: бірінші – баланы туғаннан қоршап тұрған орта – отбасы, көрші – қолаң, ауыл – аймақ т.б., екіншісі – мектеп – білім ордасы ретінде, үшінші – мектептің тәрбие жүйесі – оқушыларды нақты нәтижеге бағытталған мақсатқа сәйкес тәрбиелеуді көздейді. Қазақ отбасы әдетте үш буыннан тұрады: ата - әже, әке – шеше, бала. Бұл тәрбиелік мүмкіндік жағынан өте құнды жағдай, тек дұрыс пайдаланған абзал.
Ұлттық тәрбие беруге «Өзіңді таны» пәні арқылы адамға деген көзқарасты биологиялық, әлеуметтік, психологиялық, ғарыштық жүйе ретінде ғана емес, психологиялық, тұқым қуалау арқылы берілген қабілеттер жүйесі бар, биологиялық, ментальдық субъект ретінде қарау арқылы жетуге болады..
Қазіргі кезде ұлттық мектеп қандай болу керек деген мәселеге әртүрлі көзқарастар бар. Бұл мәселені кезінде М. Жұмабаев, М. Дулатов,
А.Байтұрсынов,Ж. Аймауытов т.б. азаматтар көтерген болатын.
... адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы-тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан.
Ж. Аймауытов(1889-1931)
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз...
Дүние де өзі , мал да өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Абай Құнанбаев
(1845-1904ж)
Әр баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын сіңіріп, ана тілін үйретіп шығару...
Міржақып Дулатов
1885-1935
Кейін қалып ,елімді
Ел жемесін деп талпын!
Нысабы толық білімді
Тартады сөйтіп өз халқын.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
1858-1931
Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әрекеті бар ел ғана жарайды
Ахмет Байтұрсынұлы
1873-1937
Тілінен айырылған жұрт-жойылған жұрт. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолданудан қалған тіл-бақытсыз тіл.
Халел
Досмұхамедұлы 1883-1937
Әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуі тиіс.
Мағжан Жұмабаев 1893-1938
Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады.
Мағжан Жұмабаев
...Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам...
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893- 1920
Бәріміз бір адамның баласымыз,
Жігіттер бір- біріңе қарасыңыз.
Өмір деген бес күндік кетер өтіп,
Атаң барған орынға барасыңыз...
Ыбырай Алтынсарин "Өсиет " өлеңі
Достарыңызбен бөлісу: |