Әдістемелік нұсқау. Тақырыптар бойынша топтарға бөлініп, өз топтарында тақырыпты барлық студент қатысатындай деңгейде кеңейту. Мысалы, бірінші тақырыпты:
а) Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесі;
ә) Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі;
б) Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие;
в) Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі т.б.
түрінде кеңейтіп, әр студент халық тәрбиесінің бір аспектісі бойынша хабарламаға дайындалады.