Педагогиканыњ жалпы негіздері тарауы



бет13/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,08 Mb.
#96990
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   163
Байланысты:
855b4653-98e6-4ba2-b1d4-a699e763ee35

Ф.М.Достоевский

Сонымен, Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогиканың объектісі (нысаны) – жеке тұлғаны дамыту мақсатындағы іс-әрекет ретіндегі қарастырылатын педагогикалық құбылыс. Пәні арнайы әлеуметтік мекемелерде мақсатты ұйымдастырылған біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін білім беру жүйесі. Педагогика теориялық (сипаттау немесе түсіндіру, анықтаушылық, болжамдық) және технологиялық (жобалау, жаңарту, реттеу-түзету) сияқты міндеттерді шешеді.


Педагогика адамдардың өмірге бейімделу қажеттігінен практикалық түрде пайда болып, теориялық, өз алдына ғылым ретінде қарқынды даму кезеңдерінен өтті.
Педагогиканың негізгі ұғымдары негізінен 3 топқа біріктіріледі:

  1. Педагогиканың объектісіне қатысты ұғымдар (тұлға, жеке тұлға, даму) т.б.

  2. Педагогиканың пәніне қатысты ұғымдар (әлеуметтену, білім беру, тәрбие, оқыту т.б.)

  3. Негізгі педагогикалық құралдарды кіріктіре қарастыратын ұғымдар (педагогикалық іс-әрекет, білім беру процесі, педагогикалық процесс т.б.)

Педагогика – қолданбалы ғылым болғандықтан, педагогикалық теория өзара байланысты 2 міндетті шешеді: жалпы бағыттарды, ағымдарды белгілейді, екінші жағынан практикаға қажетті теориялық базаны әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етеді, (жаңа педагогикалық технологиялар енгізу, педагогикалық жаңашылдық тудыру т.б.)
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Білім беру философиясы, жалпы педагогика, жас кезеңдері педагогикасы, әлеуметтік педагогика, арнайы педагогика, жоғары мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, жеке пәндерді оқыту әдістемелері т.б. тәрбие жөніндегі ғылымдар жүйесін қамтиды. Адам туралы ғылымдар жүйесінің зерттеулерін пайдалана отырып, ол ғылымдардың дамуына да өзіндік үлесін тигізеді.



Сонымен, өзіңді тексер:

І. Педагогика деген не? Берілген жауаптардан дұрыс деп


ойлағаныңды таңда және оны дәлелде.

  1. Педагогика баланың даму заңдылықтарын зерттеп оны тәрбиелеу жолдарын анықтайды.

  2. Педагогика – адамдардың тәрбиесі, білім алуы мен оқуы туралы ғылым.

  3. Педагогика – тәрбиешінің тәрбиеленушіге өмірлік дүниетанымын қалыптастыру өнері.

  4. Педагогика өсіп келе жатқан ұрпақтың оқып білім алуын зерттейтін ғылым.

  5. Педагогика тәрбие туралы ғылым.

ІІ. Тәрбие беру – ол:



  1. ... өсіп келе жатқан ұрпаққа жинақталған білім беру жүйесі арқылы әсер етуі.

  2. Үлкен ұрпақтың кіші ұрпаққа әсер етуі, ықпалы.

  3. Оқу-ағарту мекемелерінде жүргізілетін іс-әрекеттер жүйесі.

  4. Тәрбие – нақты педагогикалық мақсатты, міндетті шешуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің және тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынастарын, айналаға көзқарастарын қалыптастыруға негізделген процесс.

  5. Тәрбие – саналы, мақсатты ұйымдастырылған процесс.

ІІІ. Меніңше, педагогика деген – ол... (өз анықтамаң).


ІV. Меніңше, тәрбие – ол... (өз анықтамаң).
V. Рефлексия. Бұл тақырыптан менің ұғынғаным...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет