Педагогиканыњ жалпы негіздері тарауы


Дамудың жас және жекелік ерекшеліктері



бет46/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,08 Mb.
#96990
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   163
Байланысты:
855b4653-98e6-4ba2-b1d4-a699e763ee35

Дамудың жас және жекелік ерекшеліктері
Дәріс жоспар:

  1. Жас кезеңдері. Акселерация

  2. Тұлғаның табиғи потенциалы және жеке ерекшеліктері

  3. Тұлғаны дамыту мүмкіндіктері және оларды педагогикалық процесті ұйымдастыруда есепке алу

Тірек ұғымдар: жас ерекшелігі, жеке ерекшелік, нышан, бейімдік, қабілет, дарын.
Жас ерекшелігі – белгілі бір жасқа тән дене, таным, ақыл-ой, қызығу, сезімдік қасиеттердің комплексі. Жас ерекшелік кезеңдеріне бөлудің медициналық, психологиялық, педагогикалық үлгілері бар. Сонымен қатар көптеген көрнекі педагогтар жас ерекшелік кезеңдеріне бөлудің өзіндік үлгілерін ұсынған (Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо т.б.). Әрбір жас кезеңі дене дамуы, таным әрекетінің объектісі, психиканың басым дамитын бөлігі, жетекші әрекет, сол жасқа тән жаңа құрылымдармен ерекшеленеді. Бала дамуына байланысты ішкі және сыртқы қайшылықтардың әсерінен кризистік кезең пайда болады, сол сияқты белгілі бір қасиет, іскерліктердің дамуына, қалыптасуына қолайлы кезеңдер болады, оны сензитивті кезең деп атайды. Жас өспірім шақта баланың дене, психикалық дамуында болатын жеделдеу – акселерация деп аталады.
Кіші мектеп жасында салмағы, бойы, миының көлемі артып, нерв жүйесі жетіледі. Ақыл-ойы дамып, білім алуға бағытталған әрекеті қалыптасады. Таным белсенділігі, іс-әрекетін жоспарлау іскерліктері,ерік күштері, қиялы қарқынды дамиды. Қарым-қатынас аймағы кеңейеді. Ересектердің үлгісімен өзін-өзі, басқаны бағалауы қалыптасады.
Бала дамуының жеке ерекшелігі – адамның өзіне тән қасиеттерінің, басқа адамнан өзгешелігінің көрінуі. Жеке ерекшеліктің бірі – дарындылық, ол – бір адамның басқа адамдардан (бірдей уақыт, бірдей күш жұмсау негізінде) жоғары көрсеткішке жетуін қамтамасыз ететін мүмкіншілік. Психологиялық тұрғыдан қараусыз қалғандықтан рухани көзқарасы қалыптаспаған, қоғамдық мінез-құлық дағдысы жетілмеген адамдар болады, оларды девианттар деп атайды. Дене дамуындағы аномалия-қоян жырық, қитарлық, дальтонизм т.б.
Дамудың жас және жеке ерекшеліктерін педагогикалық процесте есепке алу үшін диагностика жүргізіледі. Диагностика – зерттелуші объект немесе процесс жөнінде күн ілгері ақпарат алудың жалпы тәсілі. Оқушының дене, рухани-әлеуметтік, психикалық дамуы арнаулы әдістер арқылы зерттеледі (тест, бақылау, анкета, арнаулы тапсырмалар т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет