Маманның төмендегідей дағдысы болу керек:
□ тұлғаның психолого-педагогикалық диагностикасын жасай білу, зерттеу әдістерін мақсатты пайдалана алу.
□ Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған іс-әрекеттің мақсат міндеттерін, перспективасын анықтау;
□ Іс-әрекеттің, қарым-қатынастың мазмұнын, формасын, әдістерін, құралдарын ұйымдастыру барысында жыныстық, жас ерекшелік және өзіндік даму өзгешеліктерін ескере білу;
□ Әрбір факторды жеке және барлығының байланысын, олардың жеке тұлғаға ықпалын, деңгейін талдай алу.
□ Әртүрлі факторлардың (іс-әрекеттік, қарым-қатынастық, отбасылық, ұжымдық т.б.) әсерлерін жеке тұлғаның дамытушылық бағытына реттеу, бағыттау.
Ескер! Гуманизм, табиғатпен үйлесімділік, халықтық діл, еңбекте тәрбиелеу, сезімталдық, тәрбиенің жүйелігі мен бірізділігі, талаптар бірлігі, бала тұлғасына ілтипат пен құрмет – бұлар ұрпақ тәрбиелеудің халықтық жетекші бастаулары жүйесін құрайды. Бұл принциптерге сүйену баланы табиғи ортада өсіп жетілуін, туған тілінде оқып, мәдени-тарихи, рухани ұлттық қазыналар арқылы тәрбиеленуін қамтамасыз етеді.
Осыған орай, отбасы тәрбиесіне үлкен мән беру керек.
Білесіз бе? Қазақ халқы жан-жақты жетілген адам- «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу мақсатын ұстанған. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |