Сыртқы түрі: бойы-биік, ойы-терең, көзі-қырағы, қасы қара, маңдайы жазық, мұрны түзу, мұрты-әдемі, иығы-кең, кеудесі-сом, тісі-өткір, қолы-күшті, т.б.
Қасиеттері мен ерекшеліктері: бүркіттей-епті, қаршығадай-өр, арыстандай-айбатты, жолбарыстай-қайратты, қасқырдай-жүректі, барыстай-қорқынышты, түйедей төзімді, құландай сүйекті, аттай-қырағы, сауысқандай-сақ, т.б.
Қабілеті мен ыңғайы: көсем жігіт-халқын, елін басқара алады; дана жігіт – дау – дамайды шеше алады, ержүрек жігіт - халқының қорғаны және жауына өткір қылыш ; сал жігіт – аттың тұлпарын мініп, иттің тазысын, бүркіттің қырағысын ұстайды;
Мырза жігіт – жан дүниесі кең, қолы ашық; т.б.
Жігіттің алты асыл, қасиеті:байқампаз – сезімталдық, шеберлік, батылдық, күш – қасиет пен талапшылдық; тез, шапшандық; білімділік.
Мінезіндегі үш асылы: әділдік, шынайылық (тазалық), шыншылдық
9 жаман қасиеті: (аулақ болуға тиіс) еріншектік, аңғалдық қорқақтық, су-жүректік,өтірікші,өсек – аяңға нану,
мақтаншақтық, жағыну ,алдау
|
Тектілік.. Текті жерден шыққан қыз тәрбиелі, әдепті, қызға тән сүйкімді, шебер, қиындыққа төзімді, ата-анасына сөз келтірмейді, «Таңдап алған көріктіден,көрмей алған текті артық» деп осындай қыздар туралы айтады.
Ақыл-ой, парасаты: мүлік пен затқа қатынасы, қабілеттілігі мен зейіні, жақындары мен туыстарымен қарым-қатынасы, қайырылымдығы, тазалығы, ұқыптылығы; «Жақсы әйел даулетіңе жөн келтірер, әйелің долы болса күнде өлтірер».
Кескін-келбеті: бойы-сұңғақ, денесі-тік; шашы-қалың, ұзын, айдай сұлу бетінде қасы қара қиылған; маңдайы жазық, кірпігі ұзын, көзі танадай, жалт-жұлт еткен жақұттай; мұрны түзу, оймақтай ерні, қаланған күріштей тісі, аққу мойын, белі жіңішке, қолы нәзік, саусақтары салалы, мінезі ақжарқын, мейірімді, төзімді, қиындыққа қайыспайды.
Іскерлігі: сезімтал, жар бола алады, ана борышы, бала туып бағып-қағады, қонақ күтеді, шай құйып, құрт пісіреді, ірімшік дайындап, ою-өрнек төгеді, киіз басып, киім тігеді;
...Мінезді болса жолдасың
Күндей сонар қызбен тең,
Жаман болса жолдасың
Астыңнан өткен сызбен тең. (Ақтамберді жырау).
|