Педагогиканыњ жалпы негіздері тарауы


«Мейірімді, таза болса тәрбиесі



бет53/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,08 Mb.
#96990
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   163
Байланысты:
855b4653-98e6-4ba2-b1d4-a699e763ee35

«Мейірімді, таза болса тәрбиесі,
Баланың еркін өсер ақыл-есі,
Ұл-қызға әдеп үйрет, білім-өнер,
Көп көріп, сонан пайда кемелденер». Ж.Баласағұн




Тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу
Тәрбие принциптері
● Бұл тақырыпты оқып-білу барысында сіздер тәрбиенің педагогикалық құбылыс екенін;
● Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі туралы;
● Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі туралы;
● Тәрбикнің заңдылықтары, принциптері туралы білетін боласыздар;
● Тәрбиені педагогикалық құбылыс түріндегі құрылымымен қарастырасыздар.

Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік эканомикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрылым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі әсер етеді.





Қоғамдық қажеттіліктер мен мұраттар




Өзін - өзі тану және өзін - өзі тәрбиелеудің қажеттілігі мен мотивтері.
Өзін - өзі тәрбиелеу бағдарламасы мен

әдістері мен құралдары





Өзін - өзі тәрбиелеу мақсаты мен міндеттері.
Өзін - өзі тәрбиелеу мен өзін - өзі тексеру
Өзін - өзі тәрбиелеу процесін реттеу
Өзін - өзі тәрбиелеудің тәжірибелік








  • Адамның рухани дамуы туа берілген нышандарының ішкі психикалық процестерінің ерекшеліктерімен, тұлғаның белсенділік деңгейімен, өзін-өзі қалыптастыруға бағыттылығымен, сыртқы факторлардың ықпалына байланысты әркелкі жүреді

Антропологиялық облысындағы зерттеулер жас ерекшеліктерге байланысты көптеген маңызды адамның психофизиологиялық және рухани даму заңдылықтары бар екендігін анықтайды:.
- Жас ерекшеліктері ,дене, танымдық, зияттылық (ақыл-ой) мотивтік, эмоциялық ерекшеліктердің белгілі бір жастағы көп адамдарға тән комплексі.
Жас ерекшелігі – белгілі бір жасқа тән дене, таным, ақыл-ой, қызығу, сезімдік қасиеттердің комплексі. Жас ерекшелік кезеңдеріне бөлудің медициналық, психологиялық, педагогикалық үлгілері бар. Сонымен қатар көптеген көрнекі педагогтар жас ерекшелік кезеңдеріне бөлудің өзіндік үлгілерін ұсынған (Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо т.б.). Әрбір жас кезеңі дене дамуы, таным әрекетінің объектісі, психиканың басым дамитын бөлігі, жетекші әрекет, сол жасқа тән жаңа құрылымдармен ерекшеленеді. Бала дамуына байланысты ішкі және сыртқы қайшылықтардың әсерінен кризистік кезең пайда болады, сол сияқты белгілі бір қасиет, іскерліктердің дамуына, қалыптасуына қолайлы кезеңдер болады, оны сензитивті кезең деп атайды. Жас өспірім шақта баланың дене, психикалық дамуында болатын жеделдеу – акселерация деп аталады.
Кіші мектеп жасында салмағы, бойы, миының көлемі артып, нерв жүйесі жетіледі. Ақыл-ойы дамып, білім алуға бағытталған әрекеті қалыптасады. Таным белсенділігі, іс-әрекетін жоспарлау іскерліктері,ерік күштері, қиялы қарқынды дамиды. Қарым-қатынас аймағы кеңейеді. Ересектердің үлгісімен өзін-өзі, басқаны бағалауы қалыптасады.
Бала дамуының жеке ерекшелігі – адамның өзіне тән қасиеттерінің, басқа адамнан өзгешелігінің көрінуі. Жеке ерекшеліктің бірі – дарындылық, ол – бір адамның басқа адамдардан (бірдей уақыт, бірдей күш жұмсау негізінде) жоғары көрсеткішке жетуін қамтамасыз ететін мүмкіншілік. Психологиялық тұрғыдан қараусыз қалғандықтан рухани көзқарасы қалыптаспаған, қоғамдық мінез-құлық дағдысы жетілмеген адамдар болады, оларды девианттар деп атайды. Дене дамуындағы аномалия-қоян жырық, қитарлық, дальтонизм т.б.
Дамудың жас және жеке ерекшеліктерін педагогикалық процесте есепке алу үшін диагностика жүргізіледі. Диагностика – зерттелуші объект немесе процесс жөнінде күн ілгері ақпарат алудың жалпы тәсілі. Оқушының дене, рухани-әлеуметтік, психикалық дамуы арнаулы әдістер арқылы зерттеледі (тест, бақылау, анкета, арнаулы тапсырмалар т.б.)
Сонымен,
● Психофизиологиялық даму әр жаста әркелкі жүреді. Л. С. Выготский-біркелкі (стабильный) және кризистік (дағдарыс кезеңі) жас кезеңдерін айырған. Стабильдік уақыт – даму біртіндеп, аз өзгеріспен өтеді. Кризистік уақыт – аз уақыт ішінде үлкен өзгерістермен денеге, психикаға өзгеріс әкелумен ерекшеленеді
Мысалы:

  1. Алғашқы жыл кризисі;

  2. Үш жас кризисі;

  3. 6-7 жас кризисі;

  4. жеткіншектік кризис;

  5. (Мүшел жас кризистік кезең-

мысалы,13 жаста балалықтан
жеткіншектік кезеңге өтеді, т.с.с.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет