Білім беру мәселесіне байланысты құжаттар
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар тәрбиесінің тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі, 12-қыркүйек 1995 ж.
Тәрбие теориясы тарауы.
тақырып: Тәрбие әлеуметтік құбылыс.
● Бұл тақырыпты оқу барысында сіздер тәрбие құбылысының мәнін айыра аласыздар;
● Тәрбие процесінің қозғаушы күштері туралы,
● Тәрбиенің маңызды заңдылықтары мен принциптері туралы білетін боласыз;
● Тәрбие процесінің құрылымымен, логикасымен танысасыз;
● Адамның дамуындағы, әлеуметтенуіндегі көптеген әсер етуші факторлар қатарында тәрбиенің ролін анықтайсыз;
● Өздеріңіздің қысқа педагогикалық сөздіктеріңізді толықтырасыз;
● Осы тарау бойы сіздер ұлы адамдардың тәрбие туралы пікірлерімен танысасыздар
«Неғұрлым адам тәрбие өнерін теориялық немесе практикалық тұрғыда аз білсе, соғұрлым ол оған өте таныс, түсінікті, жеңіл іс секілді көрінеді. Тәрбиенің үлкен шыдамдылық қажет ететінін жұрттың бәрі біледі, кейбіреулері ол үшін туа берілетін қабілеттілік, іскерлік, дағды керек деп ойлайды; ал тек аздаған адамдар ғана шыдамдылық, туа берілген қабілеттілік пен қалыптасқан дағдыдан басқа да арнайы білім керек екеніне көздері жете бастайды»,-деп бастайды орыстың атақты педагогы Константин Дмитривич Ушинский өзінің «Человек как предмет воспитания. Опыт педагогической антропологии» деген еңбегінде.
Тәрбие түсінігін педагогика пәнінің алғашқы тақырыбында кең мағынада, тар мағынада қарастырған болатынбыз.
Тәрбие-бұл...
Тәрбиені кең мағынада қарастыра отырып, оның педагогикалық құбылыс екенін, жеке тұлғаның мақсатты нәтижеге бағыттала арнайы ұйымдастырылған тәрбие жүйесінде тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынасы арқылы қалыптасу процесі екенін білдік.
Бұл анықтаманың әмбебап түсінік екенін дәлелелдеп көрейік:
1. Тәрбие –бұл процесс... Бұл тезис жалпы бәрімізге танымал, қабылданған түсінік.
2. Тәрбие –бұл мақсатты бағытталған...
Қарастырып отырған процесс – тәрбие тек нәтижеге, яғни көздеген мақсатты орындауға бағытталса ғана тәрбие деп аталады. Бұған ешкім қарсы дау келтірмес... Мақсатымыз нәтижесінде жан-жақты тұлға қалыптастыру, яғни тәрбиешінің және тәрбиеленушінің екі жақты әрекеттестік процесі.
3. Тәрбие – бұл мақсатты жеке тұлға қалыптастыру процесі. Осы жерде атап кететін мәселе, «қалыптастыру» - (формирование) түсінігі кейде «сырттан ықпал, әсер» деген сөзбен ассосацияланады. Күштеп, еркінен тыс әсер ету деген ұғым гуманизм, демократия түсініктеріне жат. Ал біздің түсінігімізше, қалыптастыру деген түсінік бір процестің екі жақты байланыстығын көрсетеді; тәрбиешілердің сыртқы әрекеті (ұйымдастырудан, басқарудан, реттеуден, т.б. көрінетін) және тәрбиеленушінің ішкі әрекеті (белсенділігі); басқаша айтқанда, педагогикалық әсер және сол әсерге тәрбиеленушінің реакциясы, яғни осы тезисті талдай келе, жағдай тудыру, тәрбиелік қарым-қатынас орнату түбінде жеке тұлғаның қалыптасуына әкеледі деп түйіндеуге болады.
4. Тәрбие жеке тұлғаны арнайы ұйымдастырылған тәрбие жүйесінде мақсатты, нәтижеге бағыттала қалыптастыру – деген пікірде көңіл аударатын ойымыз - жүйе деген сөз. Яғни әдіс те, тәсіл де, құрал да емес, ол жүйе ... арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе дегенде отбасы, мектеп, жұртшылық, т.б. тәрбие институттарының мақсатты бағытталған жүйесін айтып отырмыз.
5. Тәрбие – жеке тұлғаның арнайы ұйымдастырылған тәрбие жүйесінде тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынасы, әрекеттестігі арқылы мақсатты, нәтижеге бағыттала қалыптасу процесі дегенде «өзара қарым-қатынас әрекеттестік» қамтамасыз ететін ортақ мақсат, қарым-қатынастың жүзеге асуын айтып тұрмыз.
Сонымен, бұл «тәрбие» деген түсінікті талдап, мәнін ашуға тырыстық.
♦ Тәрбиенің қозғаушы күштері. Кез-келген процесс секілді тәрбие ішкі-сыртқы, обьективтік, субъективтік қайшылықтардың өзара байланыстарының нәтижесінде дамиды.
● Қоғамдық, әлеуметтік құбылыстар мен процестерінің негізінде пайда болатын сыртқы объективтік қайшылықтар;
● Саяси, экономикалық, демографиялық, информациялық процестер мен шиеленістер тудырған қайшылықтар;
● Қоғамның өсіп келе жатқан ұрпақтан күтетін әмбебаб үміттері мен беретін өз мүмкіншіліктерінің және жастардың, балалардың субъективтік қажеттіліктері (әлеуметтік мәдени, жас ерекшелік және жеке бастың даму жағдайы) арасындағы қайшылықтар;
● Ұрпақтар арасындағы «Әке мен бала»(" проблема отцов и детей ") қайшылықтары; дүние танымдық позицияларының, адамгершілік – эстетикалық құндылықтары арасындағы қайшылықтар, әсіресе, қазіргі таңда идеология, мораль, адамгершілік идеалдарының өзгеруіне байланысты бұл қайшылықтар үлкен мәселе бола түсуде.
Алайда осы проблема қазақ халқы үшін мүлдем болмаған. Үлкенге деген ізет, әдептілік бойында бар бала ешқашан әке-шешеге қарсы тұрмаған. 13-те отау иесісің деп ер баланың бойында ерте азаматтық борыш сезімін қалыптастырған.
● Отбасылық қарым-қатынас, отбасылық тұрмысқа жаңа көзқарас, ұрпақтардың өзара серіктестігі, қауымдастық, бір-біріне әсер етуінің азаюы, эмоциялық - әлеуметтік сараңдық, үлкендердің хабар таратушы, білімнің қайнар көзі болу қабілетінен айрыла бастауы себебінен туатын қайшылықтар;
● Қоғамның – экономикалық даму темпі мен перспективасы арасындағы; қоғамның білім - тәрбие беру ісіне қаражатының жеткіліксіз болу; педагогикалық ғылым мен білім беру практикасының білімге қойылатын талаптардың өсуі арасындағы қайшылықтар.
Ішкі объективтік қайшылықтар педагогикалық процестің өзінің диалектикасын айқындайды:
● Баланың табиғи іс-әрекет белсенділігі мен оның өмірінің әлеуметтік – педагогикалық жағдайлары арасындағы қайшылықтар;
● жеке тұлғаның өзіндік шығармашылық қалыптасу процесі мен педагогикалық процестің ұйымдастырылуының көптік - репродуктивтік ерекшелігі арасындағы қайшылықтар;
● баланың ішкі ұмтылысы мен мүмкіндіктерінің және сыртқы талаптардың арасындағы қайшылықтар;
іс-әрекеттің мақсаты мен мотиві арасындағы қайшылық; педагогтың тапсырмасы бойынша, жүктелген іс-әрекет барлық уақытта бірдей өсіп келе жатқан адамның ойындағыдай бола бермейді.
● қоғам, мектеп, ата-ана қойып отырған талаптардың тәрбиеленушінің нақты мүмкіндіктеріне сәйкес келмеуі себепті туатын қайшылықтар;
● жеке тұлғаның жаңадан туып отыратын қажеттілігі мен оны орындау мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтары;
● табиғаттың, қоғамдық өмірдің құбылыстары мен оларды түсіну білімнің, тәжірибесінің жеткіліксіздігі арасындағы қайшылықтар;
Л.Н. Толстой: «Тәрбие дегеніміз – бізге жақсы болып көрінетін адамды қалыптастыру мақсатындағы біреудің екінші адамға әсер етуі.!» (1828 – 1910)
|
*Субъективтік қайшылықтар.
● Тұлғаның өзіндік қалыптасуы және оны қалыптастыруға білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие ісінде көп мақсаттылық және әр жақты қарау әсерінен туатын қайшылық;● Білім мен іскерліктің қажеттілігінің өсуі мен педагогтар мен білім беру мекемесінің ол білім мен іскерлікті беру мүмкіндіктерінің шектеулі болуынан туатын қайшылықтар;
● Жеке тұлғаның дамуына іс-әрекеттің әсерінің маңыздылығы мен сөз арқылы әсер етудің әлі де етек алып отырғандығы арасындағы қайшылықтар;
Болашақ маман
● Ішкі, сыртқы, объективтік, субъективтік қайшылықтар өзегін;
● Қайшылықтар тудыратын педагогикалық қателіктердің себебі мен нәтижесін
Достарыңызбен бөлісу: |