Педагогтың кәсіби шеберлігі, құзыреттілігі



Дата03.03.2023
өлшемі16,12 Kb.
#170978
Байланысты:
Педагогтың кәсіби шеберлігі


Педагогтың кәсіби шеберлігі, құзыреттілігі.

А.К.Макрова кәсіби құзыреттіліктің бірнеше түрін бөліп көрсетеді де, олардың болуы адамның кәсіби жетілгендігінің көрсеткіші деп санайды:


Арнайы құзыреттілік;
Әлеуметтік құзыреттілік;
Тұлғалық құзыреттілік;
Даралық құзыреттілік;
Педагогикалық қызметтің ерекшелігі тек бір тар мамандық бойынша құзыретті болуына жол бермейді, оқытушының кәсібилігі кәсіби құзыреттіліктің барлық түрінің бір тұтастығымен анықталады.
Кәсіби құзыреттіліктің құрылымын анықтаудың бірнеше жолы бар.Олардың біреуі оқытушының кәсіби құзыреттілігінің құрылымын педагогикалық ептілік жүйесі арқылы ашумен байланысты болса, басқасы педагогтың түрлі кәсіби саладағы құзыреттілігіне бөліну құрылымы арқылы анықталады, олар: өзіндік білім беру және оқытушылық; тәрбие беру қызметі; ғылыми-әдістемелік және мәдени-ағартушылық; коррекциялық-дамытушы қызмет; басқарушылық қызмет.
Педагог қызметінің түріне қарамастан олардың әрқайсысында құзыреттілік екі негізгі компоненттен тұрады:
1.Оқытушының теориялық дайындығын анықтаушы білімдер жүйесі.
2.Оның кәсіби қызметін іс жүзінде атқаруға дайындығының негізгі құраушысы болатын ептілік пен дағдылар жүйесі .
Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагог маманның кәсіби құзыреттілігіне мұғалімнің оқу-тәрбие үдірісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни оқушыларымен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзыреттілік ұғымына педагогқа тән болуы тиіс барлық, қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, мұғалімнің білім-білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, педагогикалық такт, әдеп т.б жатқызамыз.
- субъектілік компонентке: мұғалімнің мақсат қоя білушілік, шығармашылық және өзін дамыту барысында өзіндік диагностиканы, өз ісіне талдау жасай отырып, өзіне сыни тұрғыдан қарай ашу шеберлігі жатады;
- нысандық компонентке: кәсіби іс-әрекет жүйесін және мұғалімнің әрекетіндегі қойылған міндеттерді шешудегі стратегиялық іскерлік.
- пәндік компонент: өз білімін жетілдіру мақсатында қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Егер біз педагогтың кәсіби құзыреттілігін тек жоғарыда аталған компоненттер құрайды дейтін болсақ, онда маманның кәсіби құзіреттілігі ұғымының мағынасын тарылтқан болар едік.
Мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін төмендегідей ашып айтар едік:
- ірелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейінің болуы яғни педагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, дидактика, барлық пәндерді жүргізу әдістемесі, сол пәндер арқылы оқушыларға берілетін білімдерді терең игеру;
- түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі – дидактикалық, танымдық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық, өз білімін дамытуға деген қабілет, теория мен практиканы байланыстыра алу қабілеті, диагностикалық іс-әрекет. Ғылыми – зерттеу іс-әрекетімен айналысу;
- кәсіптік-педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы – бұрыннан қалыптасқан "мұғалімнің айтқаны әрқашан дұрыс" деген қағидадан аулақ болып, мұғалім тек ақпарат таратушы ғана болмай, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуының басты көмекшісі болуы керек, оқушының, даму деңгейіне қарамастан, оның тұлғасын құрметтеу, авторитарлық биліктің орнын өзара бірлескен қызмет, көмек, оқушының аз да болса да жетістігіне қуана білушілік басым болуы керек. Оқушылардың әрқайсысын тануға тырысу, өз мамандығын сүю;
- инновациялық технологияларды меңгеруі – мұғалім өзінің шығармашылық іс-әрекетінің арқасында тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру үшін қазіргі кездегі бар инновациялық технологияларды меңгеруі тиіс. Жаңа инновациялық технологияларды ғылыми ізденіспен тәжірибеге енгізуде өз үлесін қосуы қажет;
- педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік, шығармашылық іскерлігі;
- педагогикалық міндеттерді шешу барысында шеберлік танытып, өзінің білім, білік дағдыларын пайдалана отырып, оқушыларға тиісті білімдер жүйесін меңгерту. Оқушылардың білімдерін тексеруде мұғалімнің жүргізетін диагностикалық іс-әрекеті;
- шығармашылық шеберлігі – мұғалім оқушыларды оқытып қана қоймай, оларды тәрбиелеумен айналысатыны белгілі, мектеп өмірінде небір қиын жағдаяттар кездесіп жатады, сондай жағдаяттарда өзінің шығармашылықпен ойлай білетіндігін, шеберлігін танытуы тиіс. Сонымен қатар оқушылармен, сыныппен жүргізілетін түрлі мәдени шараларды ұйымдастыруда дайын жоспарларды пайдаланбай, сол сыныпқа, сынып ішінің құрамына, сипатына тән жоспарлар жасап, оқушылар үшін, ата-аналар үшін, мұғалімнің өзінің өз ісіне қанағаттануы үшін қызықты іс-шара өткізе білуі шарт.
Жоғарыда аталған құзыреттілік құрамынан әр мұғалім өз жұмысына талдау жасап, қызметіндегі артықшылықтары мен кемшіліктерін мойындай алады. Өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып, кемшілік болса, түзеп, артықшылықтарымен өз әріптестерімен бөлісе алады, олай ету әр маман үшін өте тиімді .
Мұғалімнің құзыреттілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Сабақ нәтижелі болуы үшін мұғалімдер төменгі ережелерді ескергендері дұрыс:
- өте жинақы болу, оқушылардың алдына қоятын мақсат нақты, айқын болуы және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу;
- оқушыларды төмендетіп, жөнді-жөнсіз ұрыспау, олардың білмегеніне ренжімеу, мейірімді болу. Егер сыныптың көпшілігі түсінбеген болса, онда өзіңіздің кемшілігіңізді іздеңіз;
- оқушылардың сөзін бөлмеу, соңына дейін сөйлеуге мүмкіндік беру, оқушының жауабы дұрыс болмаса, ол қойылған сұрақтың нақты болмауынан;
-тапсырма мен нұсқау анық, оқушы мүғалімнің талабын анық түсінетін болуы шарт;
- сабақ барысында оқушылардың зейінін тұрақтандыру, егер ауытқулар болса, тақырыпты өзгерту немесе қосымша материалдарды пайдалану, оқушылардың ынта-ықыласын, қызығушылықтарын қадағалап отыру;
- сабақты дәл уақытында бастау, уақытты үнемдей білу, тәрбиелік ақыл-кеңесті ұзақ уақыт айтып тұрудың қажеттілігі аз;
- оқушыларға қойылған талап міндетті түрде жүзеге асуы керек;
- сабақтың өткізілу темпі интенсивті, бірақ оқу материалдарын оқушылар толық меңгеруіне жағдай жасалуы шарт;
- оқушылардың жауабын мақұлдап, ынталандырып, қоштап отыру қажет.
Мұғалім қызметінде өз кәсіби құзыреттілігін жетілдіре отырып жетістікке жетудің алғы шарттары: сырт кескін-келбеті; пәндерді сабақтан тыс ақпараттармен қамтамасыз ету; мінез-құлқы, пайымдау мүмкіндіктері, оқу процесінде қарым-қатынас мәдениетін сақтай білуі; әзіл-қалжыңға мән бере білуі; оқушылардың жеткен жетістіктерін мақұлдай, қолдай білуі; шыдамдылық және төзімділік; басқалардың пікірін сыйлай білу; еркіндік, икемділік; кез - келген жағдаятты оңтайлы бағытта шешуге арналған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана алу; балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы .
Егер мұғалім жоғарыда аталған шарттар мен өзін-өзі жетілдіруге арналған мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, онда мұғалім өз жұмысының нағыз шебері болатыны даусыз. Қазіргі қоғамға сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі де сай болар еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет