Негізгі синдромды анықтаңыз
|
Бронх демікпесі
|
Зертханалық – аспаптық зерттеудің нәтижелеріне интерпретация жасаңыз
|
Жалпы қан анализі
Гемоглобин 125 г/л
Эритроциттер 4,3х1012/л
Тромбоциттер 289х109/л
Лейкоциттер 8,1х109/л
Моноциттер 1%
Эозинофилдер 6%
Лимфоциттер 10%
ЭТЖ 8 мм/сағ.
|
Жалпы қан анализінде этж төмендеуі,қабыну үрдісі байқалмайды.
|
Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы
|
Өкпе түбірі кеңейген. Бронх суреті күшейген. Өкпе алаңының мөлдірлігі жоғарылаған. Ошақты және инфильтративті көлеңкелер жоқ.
|
Балаларда тері асты май қабатының тургорын, тонусын және қалыңдығын өлшеу
Клиникалық дағды атауы
Ситуацилық есеп 4:
Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөлімшесіне 12 жасар қыз бала келіп түсті.
Шағымдары: ауа жетпей тұрғандай сезім, ентігу, жиі құрғақ, жабысқақ, ұстама тәрізді жөтел, мазасыздық.
Науқастың өмір анамнезінен: қыз бала біріншілік асқынусыз өткен жүктіліктен, жедел туыттан. Туған кездегі дене салмағы- 3400 гр., бойы - 52 см. нәрестелік кезеңі өзгеріссіз өткен. Бала 2 айынан бастап жасанды тамақтандырылған. Бір жасында атопиялық дерматиттің көріністері байқалды. Шоколад, құлпынай, жұмыртқаға аллергиялық реакциясы бар (терісінде бөртпелер пайда болады).
Отбасылық анамнезі: баланың анасында рецидивті есекжемі, поллиноз бар; әкесінде – асқазанның ойық жара ауруы бар.
Ауру анамнезінен: баланың 3 жасында мамыр айында, қаланың сыртынан қалаға көшер кезде қыз балада бірінші рет тыныс алу ұстамасы пайда болды, ол өзбетінше басылды. Одсыдан кейін балада салқын тигізген кездері тыныс алуының қиындауы, ысқырықты тыныс болатын болды, сонымен қатар себепсіз айына 4-6 ретке дейін қайталанатын болды. Қыз бала бірнеше рет обструктивті бронхит диагнозымен ауруханада жатып, ем қабылдаған. Қазіргі ұстамасы циркке барған жерінде жедел басталды. Жедел жәрдем дәрігерімен шұғыл көмек көрсетілді. Бала қабылдау бөліміне жеткізілді.
Объективті: қарап тексеруде жағдайы ауыр. Терісі бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышында цианоз бар. Тынысы ысқырықты, ара қашықтықтан естіледі, тыныс шығаруы ұзарған. ТЖ - 28 рет 1 минутта. Тыныс алу кезінде көмекші бұлшықеттердің қатысуымен болады. Өкпе үстінен перкуссияда – қораптық дыбыс. Аускультативті-тыныс шығару кезінде көп мөлшерде құрғақ ысқырықты сырылдар өкпенің барлық аймағынан естіледі. Жүрек үндері кереңделген. ЖЖЖ - 72 соққы минутына іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры +2 см қабырға доғасынан шығыңқы. Үлкен дәреті күнделікті, қалыптасқан.
Тапсырма:
Негізгі синдромды анықтаңыз
|
Бронхиальді астма
|
Зертханалық – аспаптық зерттеудің нәтижелеріне интерпретация жасаңыз
|
Жалпы қан анализі
Гемоглобин 120 г/л
Эритроциттер 4 Зх1012/л
Лейкоциттер 5,8х109/л
Таяқша ядролы нейтрофилдер 1%
Сегментті ядролы нейтрофилдер 48%
Эозинофилдер 14%
Моноциттер 8%
Лимфоциттер 29%
ЭТЖ 3 мм/сағ.
|
Жалпы қан анализінде қабыну үрдісі жоқ, эозинофилия анықталды
|
Қақырықтың анализі
Түсі ақ
Эпителий жасушалары 10 – 12 к/а
Лейкоциттер 2 – 4 к/а
Эозинофилдер 10 – 12 к/а
Лимфоциттер 10 – 12 к/а, кейбір жерінде жиналған
|
Лимфоциттер - 10 – 12 к/а, кейбір жерлерінде жиналған, эозинофилдер - 10 – 12 к/а
|
Спирография нәтижесі:
|
Бронх өткізгіштігі обструктивті тип бойынша бұзылған 2 дәрежесі, бронхолитиктермен сынамада оң.
|
Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы
|
Өкпе түбірі кеңейген. Бронх суреті күшейген. Өкпе алаңының мөлдірлігі жоғарылаған. Ошақты және инфильтративті көлеңкелер жоқ.
|
Балаларда лимфа түйіндерін пальпациялау
Клиникалық дағды атауы
Достарыңызбен бөлісу: |