Жүктілік кезіндегі қызамық: Қызамық вирусы жүкті әйелдерде жатырдағы нәрестені зақымдайды. Нәрестенің жиі зақымға ұшырауы жүктіліктің мерзіміне байланысты. Жүктіліктің бірінші 3 айында қызамық жұқса, онда не болмаса түсік, не болмаса ауыр түрде ақаулармен туады. Жүктіліктің 3-4 аптасында қызамықпен ауру жағдайлары 60% нәрестенің кемтар болып туылуына себепші болса, ал 9-12 аптада осы ауруға шалдығу 15% құрайды, 13-16 аптасында 7% нәрестенің кемтарлықпен дүниеге келуіне алып келеді. Қызамық ауруымен өмірге келген нәрестенің организмінде вирус ұзақ уақыт сақталғандықтан, ол басқа балалар үшін аурудың жұғу көзі болуы мүмкін.
Клиникасы: Жүре пайда болған қызамыққа мынандай кезеңдер тән: инкубациялық, продромальды, бөртпе шығу кезеңі және реконвалесценция.