«Педиатрия» кафедрасы БӨж тақырыбы: Қызамық және жүктілік. Туа біткен қызамық. Орындаған : Ұсханова. Б тобы: жм-622



бет6/7
Дата11.05.2020
өлшемі58,5 Kb.
#67346
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
қызамық , жүктілік.doc

Жәншауда (скарлатина) — баспа, «от жалыны» сияқты болады, аңқасы, мұрын-ауыз үшбүрышы бозарған, тілі емізікті, терісі қызыл, майда нүктелі бөртпелер аяқ-қолдарының бүгілетін беттерінде орналасқан, үлкен қабыршақтармен қабыршақтанады, лейкоцитоз, нейтрофиллез, эозинофиллия болады.

Жұқпалы мононуклеозда баспа болады, лимфоаденопатия өте айқын, гепатолиеналды синдром, кейде сарғаю болады, қанда лейкоцитоз, атипті мононуклеарлар.

Токсико-аллергиялық дерматоздарда болатын макулезды бөртпе қызамықта болатын бөртпеге өте ұқсас болады, бірақ сұрай келе ол бөртпе аллергиялық тудыратын заттармен байланысты шыққанын білеміз, ол — химиялық, тағамдық, дәрігерлік заттар болуы мүмкін, клиникасында аллергия белгілері, терісі қышиды, ісінеді, қанда — эозинофилия болады.

Йерсениозда да лимфа түйіндер үлкейеді, бөртпелер шығады, бірақ олар «капюшон», «қолғап», «носки» сияқты орналасады, бауыр, көк бауыр ұлғаяды.

Қызамықты әсіресе энтеровирусты экзантемадан - айыру өте қиын, энтеровирусты экзантемада дақты бөртпе шығады, тері түсі өзгермеген. Бөртпе бетте, денеде, саусақтарда, алақанда орналасады, бірнеше сағат немесе бірнеше тәулікке созылады, ешқандай ізсіз жойылады. Бөртпеден басқа жалпы улану белгілері, құсу, іш ауру, бұлшық еттердің аурулары болады, дене қызуы көтеріледі. Ауру көктем-жаз айларында кездеседі. Қызамық диагнозын РТГА реакциясының көмегімен дәлелдеуге болады, қызамық вирусына қарсы антиденелердің қос сары су реакциясында титрі өседі, қанды 10 күн араға алады.



Емі: Асқынбаған кезде емі - симптоматикалық. Ауру үй жағдайында бөртпе шыққаннан 5 күнге дейін жекеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет