Педиатрия Лаура,Алтынай,Айдана,Дана Гауһар саттилик



бет60/68
Дата23.05.2022
өлшемі4,78 Mb.
#144745
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
Байланысты:
ГРЛЗ педиатрия

Па р а т р о фи я – дене салмағының жетіспеушілігі болмайтын, заттек алмасуының ауытқулары байқалатын торланудың созылмалы бұзылыстары. Паратрофияның бірнеше варианттары бар: дене салмағы мен ұзындығы қалыпты паратрофия, жасқа сәйкес көрсеткіштерінің пропорциональды артуы байқалатын партрофия, дене салмағы шектен тыс артық паратрофия. Қазіргі кезде торланудың созылмалы бұзылыстарының кең тараған түрі болып есептеледі.
Паратрфияның емі баланың тамағын қалыптастыруды қарастырады. Тамақтану рационындағы қателікті қалыптастыру өте маңызды болып келеді. Тамақ мөлшері, қажетті ингредиенттер баланың тиісті салмағына есептелінеді. Бұл балалар сау бала сияқты тамақтанады. Ең дұрысы емшектен тамақтандыру. Бала жасанды тамақтанатын болса,бейімделген қоспалар қолданған жөн. Алғашқылардың бірі болып, қосымша тамақ ретінде, көкөніс пюресін бастап берген дұрыс. Күнделікті тағамының құрамындағы жетіспейтін витаминдерді, тағамдық ингредиенттерді толықтырып, жеңіл сорылатын көмірсуларды шектелуін қадағалау керек. Бала аш болмауы керек. Емнің негізгі шарттары жүйелі массаж, гимнастика тұрақты қыдыртып отыру, шынықтыру, қарқындандыратын ем (қуаттандыратын адаптогендермен пентоксил, дибазол, және витаминдермен (А, Е, В6, В12, Вс, В5, В15) ауысып отыратын курстар, қосарланған аурулардың (рахит, анемия тиімді профилактикасы (немесе емі).
Дистрофия алдын-алу:
Алдын алуды антенатальды және постнатальды деп бөлген жөн.

Антенатальды профилактикаға отбасын жоспарлау, ата-аналарды санитарлық ағарту, түсік түсіруге қарсы күрес, болашақ ананың ауруларын, әсіресе жыныс мүшелерінің ауруларын емдеу, жүкті әйелдің денсаулығын сақтау [дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, таза ауада серуендеу, жеңіл жұмысқа ауысу (қолайсыз еңбек жағдайында), темекі шегуді және басқа да жаман әдеттерді болдырмау] жатады.


Постнатальды профилактикаға оны уақтылы түзетумен табиғи тамақтандыру, баланы күту режимі мен ережелерін сақтау, дұрыс тәрбиелеу, жұқпалы және интеркуррентті аурулардың алдын алу және емдеу, ай сайын (1 жасқа дейін) дене ұзындығын өлшеу және өлшеу арқылы диспансерлік бақылау кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет