Қанның жалпы анализі: : Нв-118 г/л, Эр-4,3 х10 /л, лейк.-5,8х10 /л, т/я-1%, с/я-48%, э-14%, лимф-29%, м-8%, ЭТЖ-3 мм/сағ. Эозинофилия /норм 1-5 проц/
Жалпы зәр анализі: мөлшері-100,0мл, салыстырмалы тығыздығы-1016, кілегей-жоқ, лейкоциттер- 3-4 к/а, эритроциттер-жоқ. қалыпты
Кеуде қуысының рентгенограммасында өкпе алаңының мөлдірлігі жоғарылаған, бронх өкпе суреті түбір аймағында күшейген, ошақты көлеңкелер жоқ.
Д/З: интерметтирлеуші бронхиальды астма , тағымдық аллергия нейро-дермит.
№33 ЕСЕП
5 жасар ер бала ұстама жөтелге, қырылдаған тынысқа, ентігуге шағымданып ауруханаға келіп түсті.
Бала бірінші қалыпты өткен жүктіліктен, мерзімінде туылған. Туғандағы дене салмағы 3250 г, ұзындығы-50 см. Нәресте кезеңі ауытқусыз өткен. 4 айлығынан бастап жасанды тамақтанған. 5 айлығынан бастап атопиялық дерматитпен ауырады. 2 жасқа дейін жақсы өсіп, дамыған.
Бөбектер бақшасына барғаннан бастап (2 жас 3 айдан бастап) респираторлы аурулармен жиі ауыра бастады. Респираторлы аурулар фебрильді қызу, жөтел, шамалы ентігу, құрғақ және ылғалды сырылдармен білінді. “Пневмония” диагнозы рентгенологиялық тұрғыдан дәлелделінген жоқ. 3 жасында кезекті ЖРВИ кезінде тұншығу ұстамасы байқалды. Ол ұстама сальбутамал ингаляциясымен 4 сағаттан кейін жойылды. Кейін ұстамалар 3-4 айда 1 рет, ЖРВИ-ға немесе шоколад немесе цитрустар жегенде, қайталап тұрады.
Отбасылық шежіре: атасы мен әжесінде (әкесі жағынан)- бронх демікпесі, анасында экзема болған.
Осыдан 3 күн бұрын ауырған. Дене қызуы 38,2°С көтеріліп, тұмау, түшкіру байқалған. Ұстамалы жөтел, ентігу пайда болып, жағдайы нашарлағаннан кейін ауруханаға жіберілген.
Қарағанда жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 37,7°С. Ұстамалы жөтел, дем шығару сатысы ұзарған ысқырықты тыныс байқалады. ТЖ- минутына 32 рет. Аран клегейі қызарған, дән тәрізденген. Кеуде қуысы кебіңкі, өкпе бетінде қорапты үндес дыбыс, екі жағынан құрғақ ысқырықты және ылғал сырылдар естіледі. Жүрек тондары шамалы тұйықталған. ЖСС- минутына 88 рет.
Достарыңызбен бөлісу: |