Қанның жалпы анализі: : Нв-100 г/л, Эр-3,0 х10 /л, лейк.-13,5х10 /л, т/я-7%, с/я-65%, лимф-17%, м-10%, э-1%, ЭТЖ-20 мм/сағ. Жеңіл дәрежелі анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы
Жалпы зәр анализі: реакциясы- қышқыл, салыстырмалы тығыздығы-1018, кілегей жоқ, эпители-жоқ, лейкоциттер- 2-3 к/а, эритроциттер-жоқ.
Қанның биохимиясы: жалпы белок- 70г/л, альбуминдер- 60%, α -глобулиндер- 4%, α -глобулиндер-15 %, β -глобулиндер-10 %, γ - глобулиндер- 11%, СРБ- глюкоза-4,5 ммоль/л, холестирин-4,2 ммоль/л.
Кеуде қуысының реттенограмасында сол жақ төменгі бөлік аймағында мөлдірлігінің айтарлықтай төмендегі анықталады. Гиперальбуменемия, гипер-гамма-глобуленемия, СРБ жоғарлаған.\
К/Д: созылмалы сол жақ төменгі бөліктік пневмония, орташа ауырлықта, өршу сатысы, жеңіл дәрежелі анемия, тыныс жетісп 1 дәрежесі.
№30 ЕСЕП
Ер бала 8 жаста, ауруханаға тыныс алуының қиындауына шағынып түсті. Ер бала үшінші жүктіліктен (бірінші және екінші жүктіліктен балалары неопатальды кезеңде туа біткен ішек түйілуінен өлген) туылған. Туғаннан ауырады. Тұрақты жөтел анықталған. Өмірінің 1 жылы 3 рет пневмониямен ауырған, келесі жылдары қызуының жоғарлауы, ентігуге, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданып, бірнеше рет ауруханада емделген.
Түскен кездегі баланың жағдайы өте ауыр. Дене салмағы 29 кг, бойы 140см, тері жамылғысы бозғылт, мұрын-ауыз үшбұрышының көгеруі анықталады. “Сағат шынысы” және “дауылпаз таяқшасы” белгілері анықталады. ТЖ-1 минутта 40 рет, ЖСЖ-120рет/мин. АҚ 90/60 мм сынап бағанасы бойынша. Кеуде қуысы бөшке тәріздес. Өкпе бетінде тимпаниттік реңді дыбыс анықталады.
Аускультацияда оң жағында тынысы әлсіреген, сол жағында- қатқыл тыныс, әртүрлі мөлшерлі ылғалды және құрғақ, сол жақтан көбірек сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында әлсіз қарқынды систолалық шу естіледі. Бауыры 5-6 см, талағы пальпацияланбайды. Нәжісі жиі, майлы, замазка тәріздес.
Жалпы қан анализі: Нв-100 г/л, Эр-3,5 х10 /л, т.к.-0,85, лейк.-7,7х10 /л, т/я-8%, с-54%, э-3%, лимф- 35%, м- 10%, ЭТЖ-45 мм/сағ. Жеңіл дәр анемия, ЭТЖ жоғ
Достарыңызбен бөлісу: |