№14 ЕСЕП
Науқас Р. 1 жас 3 ай. Бөлімшеге түскендегі шағымдары: құсу, ішінің ауруы, шаршағыштық, тәбетінің біршама төмендегені, 2 айда 2 кг салмақ жоғалтқан.
Анамнезі: бала ІІ жүктіліктен, ІІ босанудан туылған. Жүктілік қалыпты өткен. 10 айға дейін дамуы жасына сай. 9 айлығынан жүре бастаған, салмақ қосуы жақсы. 1 жас 2 айда ЖРВИ- мен ауырған. Ауру 5 күн бойы айқын катаральды көріністермен өткен (мұрыннан су ағу, жөтел). Осы уақытта сұйық нәжіс байқалған, екі күндей дене қызуы 37,2-37,5 С жоғарылаған.
Осыдан бастап бала әлсіреп, ауық-ауық құсу байқалған, әсіресе түнде мазасыздық, ылғалды жөтел ұстамасы болған. «Аяғымен» жүргенде тез шаршай бастаған. Тәбеті біршама төмендеген. Дәрігерге көрінгенде жағдай астеникалық синдромдай бағаланған.
ЖҚА: Нв-100 г/л, лейк.-6,4х10 /л; т/я-2 %; с/я-43%; эоз.-1%; б-1%; лимф.-40%; м-3%; ЭТЖ-11мм/сағ.
«Жетіспеушілік анемия» диагнозымен бала ауруханаға жатқызылды. Жатқызар алдында бала жағдайы күрт нашарлаған, өте мазасыз, қайталамалы құсық болған, гепатомегалия қабырға доғасынан + 7,0 см-дейін. Түскендегі жағдайы ауыр. Айқын әлсіздік, адинамия, тәбеті жоқ. Терісі бозғылт, ауыз-мұрын үшбұрышының көгеруі, терісінде ісік байқалады. Өкпесінде қатқылдау тыныс, төменгі бөлігінде, сырылдар естіледі. ТЖ-60 рет. Жүректің салыстырмалы тұйықтығы шегі қолтық алды сызығына дейін, солға ығысқан. Тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. ЖСЖ-160 рет. Бауыры оң жақ бұғана ортасы сызығы бойында +7 см, қабырға доғасы астынан шығып тұр. Талағы +2,0 см. Зәрі аз, нәжісі өзгермеген. Жеңіл дәр анемия
ЖҚА: Нв-100 г/л, лейк.-6,3х10 /л; т/я-2 %; с/я-48%; лимф.-40%; м-8%; ЭТЖ-10мм/сағ.
ЖЗА: меншікті салм. 1015, белок, глюкоза – жоқ , лейк. -1-2 к/а; эр. жоқ.. қалыпты
Д/З: ревматикалық емес кардит, қан айн жетіспеуш 2Б дәр, сол жақ қарынша жетісп, жеңіл дәр анемия.
№15 ЕСЕП
Бала Қ. 1 жас 2 ай. Бөлімшеге мынандай шағымдармен түсті: тәбетінің төмендеуі, құсу, дене салмағын жоғалту, ылғалды жөтел.
Анамнезі: бала 1 жасқа дейін жасына сәйкес дамыған, он айлықтан бастап жүре бастаған. 1,5 айлығында ЖРВИ- мен ауырған, ауру катаральды көріністермен және абдоминальды синдроммен (ішінің ауруы, сұйық нәжіс) дамыған, субфебрильді температура анықталған. Осы көрсеткен көріністер 7 күн сақталған. Сауыққан соң 2-3 аптадан кейін ата-анасы баланың ойын кезіндегі физикалық күштемеден тез шаршай бастайтынын байқаған, ентігу байқалған. Жағдайы біртіндеп нашарлаған, түнге қарай әлсін-әлсін мазасыздық, ылғалды жөтел белгілері көрінген, құсу, тәбетінің нашарлауы, баланың салмақ жоғалтуы, тері жамылғысының бозғылттылығы, көңіл аударта бастады. Температурасы көтерілмеген. Дәрігер баланың жағдайын темір жетіспеушілік анемия көріністерімен бағалап, ауруханаға жолдама берген.
Түскендегі жағдайы ауыр, тәбеті төмен. Тері жамылғысы бозғылт, араны қызғылт. Т.Ж.-44 рет. Өкпенің төменгі бөлігінде аздап ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек аймағы: визуальды-кішкентай сол жақ жүректік бүкір, пальпацияда жүрек ұшы соққысы жайылған. Оның алаңы шамамен 8 см . Перкуссияда жүрек шегінің салыстырмалы тұйықтығы: оң жақ-төстің оң жақ қыры бойынша, сол жақ –алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша, жоғарғысы ІІ қабырға. Аускультацияда жүректің соғу жиілігі 140 рет, жүрек тондары, негізінен І тоны, көбіне жүрек ұшында, тұйықталған. Дөрекі емес тембрлі систолалық шу естіледі, систоланың 1/3 бөлігін алған. Бауыры оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойынша +6 см шығыңқы. Талағы +1 см. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |