Педиатриялық көмекті ұйымдастыру. Жтн, штн №1 есеп


Д/З: мальабсорбция синдромы, біріншілік экссудативті энтерит, гипотрофия 1 дәрежесі, темір жетіспеушілік анемия



бет23/49
Дата04.10.2023
өлшемі219,58 Kb.
#183637
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
Байланысты:
412? ??????? ???????

Д/З: мальабсорбция синдромы, біріншілік экссудативті энтерит, гипотрофия 1 дәрежесі, темір жетіспеушілік анемия.
Созылмалы гастрит, гастродуоденит. Асқазан және 12 елі ішек жара аурулары курациялық тапсырмалар
50 ЕСЕП
Қыз бала 11 жаста, ауырғанына 1 жыл болған. Танертеңгісін, аш қарынға, тамақтан 1,5-2 сағат кейін, түнде пайда болатын, тамақ қабылдағаннан кейін жойылатын, эпигастрий аймағындағы «ашығу» ауырсынуға, қышқылды кекіруге шағымданады. Үлкен дәреті, қалыпты. Дәргерге 1 апта бұрын қаралған, амбулаторлық ЭГДС-тан кейін ауруханаға жатқызылды.
Баланың анасы он екі елі ішек жара ауруымен, әкесі гастритпен, әжесі он екі елі ішек жара ауруымен ауырады.
Акушерлік және ерте анамнез патологиясыз. Арнайы мектепте аптасына 6 күн оқиды, аптасына 3 рет хореографиямен айналысады. Мінезі бойынша интраверт.
Объективті зерттегенде: бойы 148 см, массасы 34 кг, терісі ақшыл-қызғылт, таза. Іші: Эпигастрий аймағында Мендель синдромы он мәнді. Беткей және терең пальпацияда эпигастрий және пилородуоденальдық аймақта аз мөлшерде бұлшық еттің дефансы және ауырсыну сезімі анықталады. Сонымен қатар Дежарден және Мейо- Робсон нүктелерінде ауырсыну байқалады. Бауыры ұлғаймаған, ауырсынусыз. Басқа мүшелер патологиясыз.
Жалпы қан анализі: Нв-128г/л, ТҚ-0,91, Эр-4,2x10 /л, лейк-7,2x10 /л, т/я-3%, с/я-51%, э-3%, л-36%, м-7%, ЭТЖ-6мм/сағ. Қалыпты
Жалпы зәр анализі: түсі- ақшыл сары, мөлдір, рн-6,0, салыстырмалы тығыздығы 1017, белок жоқ, эп. кл. 1-2-3 к/а, лейкоциттер 2-3 к/а. Қалыпты
Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок -72г/л, Ал АТ-19 Б/л. АсАТ-24 Б/л, сілтілі фосфотаза-138 Б/л (қалыпты 7-140), амилаза- 100Ед/л (қалыпты 10-120), тимол сынамасы-4 Б, жалпы билирубин 15 мкмоль/л, байланысқаны 3 мкмоль/л. Қалыпты
Эзофагогастродуоденоскопия: өңештің кілегей қабығы қызғылт, кардиясы жабылады. Асқазанда лайлы кілегей, кілегей қабығында ошақты гиперемия, антрум қабырғасында көптеген әр түрлі калибрлі ісінулер. Дуоденум буылтығының кілегей қабығында ошақтық гиперемия, ісінген, артқы қабырғасында 0,8×0,6 см жара мүкістігі анықталған. Мүкістік дөңгелік айналасы қызарған. Түбі фибринмен жабылған. Биопсия алынды. Он екі елі ішек ойық жарасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет