Д/З: жүйелі қызыл жегі, орташа дәрежелі.
Балалардағы мальабсорбция синдромы
№60 ЕСЕП
1,5 жастағы бала тәбетінің жоқтығына, салмақ қоспауына, нәжісінің көп мөлшерде болатынына шағымданып ауруханаға түсті.
Өмір тарихы: Бала 3 жүктіліктен, 3 босанудан (1-ші бала «ішек инфекциясынан» өлген, 2-шісі сау). Осы жүктілік барысында нефропатия байқалған. Мерзімінде туған, туғандағы дене салмағы 3500г, ұзындығы 54 см. 4 айға дейін табиғи, содан кейін жасанды тамақтанған. Қосымша тағам ретінде 5 –аптадан бастап ботқа берген. Дамуы және өсуі жақсы. 1 жаста салмағы 10500г, ұзындығы 75 см. 1 жаста жақсы жүрді, ыдыстан сусын ішкен.
Ауру тарихы: 1 жас 1 айда сальмонеллезді инфекциямен ауырып, ауруханада емделген. Ауруханадан шыққаннан кейін жағдайы тағыда ауырлап, нәжісі сұйықталған, енжарлық пайда болған. Бактериологиялық зерттеу теріс болған. Сол күннен бастап бала мазасыздық, жаугершілік, жылауықтық пайда болған. Тамақтан бас тартып, салмағы төмендеген. Нәжісі 10-12-ге дейін жиілеген, көп мөлшерде, майлы болған. Бала отырмай, жүрмей қалған.
Ауруханаға түскенде жағдайы ауыр. Салмағы 9,5 кг, бойы- 80 см, ткань тургоры әлсіреген. Терісі бозғылт, құрғақ. Шашы құрғақ, реңсіз. Балтырында, іштің алдыңғы бетінде орташа деңгейде ісік, сүйектерде рахит тәріздес өзгерістер, карпопедальды спазм байқалады. Өкпесінде пуэрильді тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары ырғақты. ЖСЖ-120 рет минутына. Ішінің мөлшері ұлғайған, жұмсақ, пальпациялағанда ауырсыну байқалады. Бауыр қабырға қырынан 2 см шығыңқы. Нәжісі тәулігіне 10 рет, көп мөлшерде, шіріген иісті, көпіршікті, майлы жылтырақ. Зәр шығаруы бұзылмаған.
Жалпы қан анализі: Нв-112г/л, эр-3,6x10 /л, Р.К.- 0,9, Т.Ф.- 216x10 /л, лейк-4,3x10 /л, т/я-4%, с/я-64%, э-1%, л-27%, м-4%, ЭТЖ-2мм/сағ. қалыпты
Жалпы зәр анализі: түсі -ашық сары, реакциясы- қышқыл, эпителий- бірең- сараң, л-1-2 к/а, эр- жоқ. қалыпты
Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок -58 г/л, альбуминдер -40%, глобулиндер: α -5%, α -10%, β -20%, γ -25%, мочевина- 3,7 ммоль/л, билирубин- 7,0 мкмоль/л, холестерин- 1,9 ммоль/л, калий- 3,7 ммоль/л, натрий- 140 ммоль/л, кальций ионизац.- 0,54 ммоль/л, фосфор- 0,93 ммоль/л, глюкоза- 4,7 ммоль/л, сілтілі фосфатаза- 830 бірлік/л (қалыпты 220-820). Гипопротеинемия, гипофосфатемия, гипокальцемия, сілтілі фосфатаза жоғарлаған.
Достарыңызбен бөлісу: |