Педиатриялық көмекті ұйымдастыру. Жтн, штн №1 есеп



бет24/49
Дата04.10.2023
өлшемі219,58 Kb.
#183637
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49
Байланысты:
412? ??????? ???????

Іш қуысының УДЗ-і: бауыры ұлғаймаған, паренхимасы гомогенді, эхогенділігі өзгермеген, тамырлар торы кеңеймеген. Өт қабы алмұрт тәрізді 55х21 мм, түбі иілген, құрамы гомогенді, қабырғасы 1 мм.
Ұйқы безі: басы 21 мм (қалыпты 18), денесі 15 мм (қ-15), құйрығы 22 мм (қ-18), басы мен құйрығының гомогендігі төмендеген. Панкреатит
Асқазан ацидометрациясы: ашқарындағы рН денесінде 2,4, антрумда 4,2; қоздырғыш ретінде 0,1% гистомин 0,008 мг/кг бергеннен 30 мин кейін рН денесінде 1,4, антриумда 2,8.
Тыныстық уреаздық тест: оң мәнді.
НР инфекцияға биопсиялық тест: оң мәнді (++).
А/Д: Созылмалы Гастродуоденит,өршу сатысы К/Д: Он екі елі ішек ойық жарасы,Активтілігі – І, алғаш анықталған, НР ассоциацияланған,реактивті панкреатит
51 ЕСЕП

Қыз бала 13 жаста. Соңғы апта бойы әлсіздікке және тез шаршап қалатынына шағымданады. Соңғы екі күнде ұйқышылдық пайда болып, басы айналады, екі рет қысқа уақытқа есінен айырылған. Апта бойы үлкен дәреті қара түсті болған. 2,5 жыл бойы таңертеңгісін аш қарынға, ұзақ тамақ ішпегенде, кейде түнде эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі болады, ауырсыну тамақ қабылдағаннан кейін жойылады. Ауырсыну синдромының ұзақтығы 2-3 апта, жылына 3-4 рет ауырсыну біртіндеп өздігінен жойылады. Дәрігерге қаралмаған. Диспепсилық белгілерден кекіру, кейде қыжылдау байқалады.


Бала күні жетіліп туылған, екі айға дейін табиғи тамақтануда болған, арнайы мектепте аптасына 6 күн оқиды, аптасына 3 рет хореграфиямен айналысады. Күн және тамақтану тәртібін сақтамайды.
36 жастағы анасы гастритпен ауырады, әкесі 38 жаста- 12 елі ішек жара ауруы бар, атасында (нағашысы)- асқазан жара ауруы анықталған.
Қарау: бой ұзындығы 151 см, массасы 40 кг. Бала әлсіз, енжар, тері және кілегей қабықтары ашық бозғылт. Жүрегі: ЖСЖ- 116 мин, жүрек ұшында және V Боткин нүктесінде І-ші тон шапалақ тәрізді, тамырларға таралады, АҚҚ- 85/ 50 мм сын бағ. Іші ұлғаймаған, жұмсақ, терең пальпацияда эпигастрий және пилородуоденальдық аймақта ауырсыну сезімі бар. Бауыры ұлғаймаған, өт қабының симптомдары теріс, Дежарден және Мейо- Робсон нүктелерінде аз мөлшерде ауырсыну сезімі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет