Педиатриялық көмекті ұйымдастыру. Жтн, штн №1 есеп



бет43/49
Дата04.10.2023
өлшемі219,58 Kb.
#183637
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49
Байланысты:
412? ??????? ???????

Биохимиялық зәр анализі: белок-600 мг/тәу, аммиак-22 ммоль/тәу, тетрациялық қышқылдық -40 ммоль/тәу, көмірсулар- 9,76 ммоль/тәу. Гиперпротеинурия,Аммиак төмендеген,тетрациялық қышқылдық жоғары
Эндогендік креатинин бойынша клиренсі-50 мл/мин.Төмендеген
Бүйрек УЗД- бүйрек мөлшері ұлғайған, түбекше- табақша жүйесі (ТТЖ) деформацияланған.
Экскреторлы урография: екі бүйрегі де мөлшері жағынан ұлғайған, контурлары тегіс, ТТЖ деформацияланған: бүйрек табақшасы өрмекші тәрізді, табақшалары полигональды түрлі,екі бүйрек паринхимасында кистозды құрылымдар бар. Поликистоз
К/Д: Туа пайда болған бүйрек ақауы ,бүйрек поликистозы,созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі ІІ
Қосымша: I дәрежелі анемия









Балалардағы анемия синдромы. Теміржетіспеушілік анемия. Балалардағы гемобластоздар. Лейкоздар бойынша курациялық тапсырмалар


9 ЕСЕП
Қыз бала 3,1 жасар. Анасының баланың тез шаршайтындығына, шашы түсуіне, тәбетінің төмендеуіне, терінің бозғылттығына шағымдануына байланысты келіп түсті.
Анамнезінен диспансеризациялау негізінде балада гемоглобиннің 76 г/л, түс көрсеткіші 0,53-ке дейін төмендегенін анықтағаны белгілі болды. Бала ауруханаға жолдағаннан кейін 2 аптадан кейін келіп түсті.
Өмір шежіресі: Бала бірінші ерекшеліксіз өткен жүктіліктен, босанудан туылған. Туғандағы дене салмағы 3300г, ұзындығы 51 см. 2 апталығынан бастап «ALY» жасанды сүт қоспасымен тамақтанады (Анасы студент). 4 айлығында әжесіне ауылға жібергеннен бастап ешкі сүтін, шырындар ішеді, өз бақшасынан көкөністер жиді. Ет жемеген, себебі құрамында ет бар тамақтардан бас тартқан (әжесінің сөзінен). Жиі топырақ жеген. Осы уақытқа дейін дәрігерлермен бақыланбаған, ешнәрсемен ауырмаған, алдын-ала егілмеген.
Ауруханаға түскенде жағдайы ауыр. Бала әлсіз, қоршағандарға ешқандай ілтипаты жоқ. Есі анық, қарауға жауабы енжар. Терісі мен көзге көрінетін клегейлер сарғыш реңді айқын бозғылт. Құлақ қалқаны сарғыш-жасыл түсті. Ауыз бұрыштарында «ауыздық» байқалады.
Өкпесінде қатқылдау реңді пуэрилді дыбыс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ұшында және магистралды тамырлар аймағында жеңіл (әлсіз) систолалық шу естіледі. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасының қырынан +3 см шығыңқы. Талақ қабырға доғасының қырында анықталады. Жұмсақ- эластикалық консистенциялы. Зәрі ақшыл, нәжісі күніне 1-2 рет. Көруі мен естуі бұзылмаған. Склералары ақшыл. Психикалық, физикалық дамуы 9-10 айлық балаға сәйкес келеді.
ЖҚА: Нв-54г/л, Эр-2,6х10 /л, т.к.- 0,63,Ретик.- 2,9%, Лейк.-7,2 х 10 /л, т/я-2%, с/я-20%, э-4%, л-64%, М-10%, ЭТЖ-14мм/сағ. Ауыр дәрежелі,гипохромды анемия
ЖЗА: түсі- ақшыл-сары, меншікті салмағы- 1010, белок-жоқ, глюкоза-жоқ, жалпақ эпителий- аздап, лейк.-0-1 к/а, эр-жоқ, цилиндрлер- жоқ, кілегей-аздап. Қалыпты
БҚА: жалпы белок- 62 г/л, мочевина- 3,2 ммоль/л, билирубин жалпы- 225 ммоль/л, калий- 4,3 ммоль/л, натрий- 138 ммоль/л, иондалған кальций- 1,0 ммоль/л (қ.-0,8-1,1), фосфор-1,2 ммоль/л (қ.-0,6-1,6), темір- 4,1 мкмоль/л (қ.-11-12), сарысудың темір байланыстыру қабілеті- 103 мкмоль/л (қ-63,0-80,0), бос гемоглобин- анықталмайды.Темір азайған, сарысудың темір байланыстыру қабілеті жоғарылаған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет