Пән: Алгебра Қысқа мерзімді жоспар №1-сабак



бет7/38
Дата22.12.2022
өлшемі4,07 Mb.
#163898
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
11сын геом 1 ток (2)

Пән: Алгебра
Қысқа мерзімді жоспар №5-сабак

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Көпжақтар

Мектеп:

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 11

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Көпжақты бұрыш, геометриялық дене туралы түсінік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.1.1-көпжақты бұрыш пен геометриялық дене ұғымдарын білу, оларды жазықтықта кескіндей алу;

Сабақтың мақсаты:

-көпжақты бұрыш пен геометриялық дене ұғымдарын біледі оларды жазықтықта кескіндей алады;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Оқулықпен жұмыс.

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру.
Амандасу, оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Миға шабуыл.
Көпжақтар, олардың түрлері, элементтері, ерекшеліктері, бетттерінің аудандарын, көлемін есептеу формулалары туралы жетектеуші сұрақтар қою.
(Аталған сұрақтар төңірегінде оқушылар жауап бере алады, өткен жылғы материалда алғы шарттары қарастырылды. )



ІІІ. Топпен жұмыс.
Сынып екі топқа бөлінеді.
1 – топ ПРИЗМАЛАР,
2 – топ ПИРАМИДАЛАР.
Сызбасын салады, элементтерін жазады, формулаларын анықтайды.
Тақтада постер қорғайды.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Түрлі түсті қима қағаздар


Сабақтың ортасы


Презентация арқылы көпжақтардың түрлері, дұрыс көпжақтар, ерекшеліктері баяндалады.
Оқшылармен диалогтық оқыту іске асырылады.
V. Жалпы сыныптық есептер шығару.
1.Табанының қабырғалары 10,17,21 см болатын үшбұрышты призманың биіктігі 18 см. Толық бетінің ауданы мен көлемін табыңдар.

2. Тік призманың табаны – табанына жүргізілген биіктігі 8 см болатын тең бүйірлі үшбұрыш. Үшбұрыштың бүйір қабырғасы арқылы жасалған призманың бүйір жағының диагоналі 10 см және табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды. Бүйір бетінің ауданы мен көлемін табыңдар.

Оқушылардың шығару жолдарын қадағалап, дұрыс бағыт бағдар беру. Оқушылардан тапсырманы түсінгендігін бас бармақ арқылы кері байланыс алу.

ЖАДА орнату мақсатында топтық жұмыс ұйымдастыру.


1 кезең.Схеманы талдау
1) Призма түрлерін атаңыз.
2) Тік призманың табаны не болады?
3) "Параллепипед призманың дербес түрі" деген тұжырым дұрыс па?
4) Қай жағдайда параллелепипедті куб деп айтады?




Дескриптор:
-1-ші сұраққа жауап береді.
1-балл
-2-ші сұраққа жауап береді.
1-балл
-3-ші сұраққа жауап береді.
1-балл

Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады





ДК экраны

Сұрақтар топтамасы.


Оқулық 11-сынып.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет