Пән: Ана тілі
Мұғалім: Рзаева Г
Өтілетін күн:20- қараша
Сынып: 2 Ж
Әдісі:Сұрақ-жауап,ойын.
Түрлері:Тақтамен жұмыс,дәптермен жұмыс,оқулықпен жұмыс.
Тақырып:Тасымал. 96-97-жаттығу.
Сабақтың технологиялық картасы
Тақырып
|
Тасымал.
96-97-жаттығу.
|
|
Сабақ барысының амалға асыру технологиясы
|
Сабақ түрі
Методы
Көргізбелілік
|
Жаңа сабақ
Жаңа білімді меңгерту.
Суреттер, тарқатпалар
|
Сабақтың мақсаты:
Білімділік
|
Тасымал жайлы түсінік беру.Сөздерді дұрыс тасымалдауға үйрету.
|
Тәрбиелік
|
Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа, ұқыпты таза жазуға тәрбиелеу.
Бір-бірімен достық қатнаста болуға тәрбиелеу.
|
Дамытушылық
|
Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Көркем жазуға үйрету.
|
Таяныш компетенциясы: Коммуникатив , ұлттық және жалпы әдеп икрамдылық компетенциялар
Ұйымдастыру
|
2-минут
|
Өтілген тақырыпты нығайту
|
10-минут
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру
|
20- минут
|
Жаңа тақырыпты нығайту
|
10- минут
|
Үйге тапсырма
|
3- минут
|
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру.
Сәлемдесемін,сынып тазалығын ,оқу құралдарын көзден өткеру,кезекші арқылы қатынас барлау.
Сабаққа қатнасқан оқушылар бағалап барамын.
II Үй тапсырмасын сұрау.
95-жаттығу.Үй жұмысын сұрап,оқушыларды бағалаймын.Оқушыларға қосымша сұрақтар беріп білімдерін нығайтамын.
III Өтілгенді пыықтау.
Өтілген тақырыпты естеріне түсіру үшін қосымша сұрақтар беремін.
1.Буын дегеніміз не?
2.Сөз неден құралады?
3.Балық сөзінде неше буын бар?
Буынға бөлінген сөздерді құрастырып құстардың атын дұрыс табу керек.
IV Таза тема: Тасымал.
(Слайд) Жазғанда бір жолға сыймай қалған сөздерді буынға бөліп келесі жолға тасымалдап жазамыз.Тасымалданатын буыннан бұрын жарты сызықша –қойылады: жа-лау,ел-таңба, ән-ұран,.
Бір буынды сөздер тасымалданбайды: ән, күй, жыр, ат, жаз.
V Таза теманы пысықтау.
96-жаттығу. Тасымалдауға болатын сөздерді буынға бөліп, теріп жазыңдар.
Ай, аспан, күн, күміс, жан, Жанар, жап, жапырақ, сын, ал, алма.
Сергіту сәті.
Сергіту сәтін өткіземін.
Күн ұйықтайды.
Күн оянады.
Жел соғады.
Найзағай шағады.
Жаңбыр жауады.
Жел тынып,
Күн ашылады.
97-жаттығу.Сөздерді бірінші буыннан тасымалдап жазыңдар.
Ата, ана,кезекші,тасымал, Марат, Алпамыс, орындық, дәрігер, көбелек, әке.
А-та,а-на, ә-ке деген сөздердегі алғашқы буын бір дауысты дыбыстан құралып тұр.
Сөзден сөз тер ойыны.
Оқушылар.
Бұнда оқушылар әр түрлі сөздер тауып жазуы керек.
Оқу,оқушы,оқы,ақ,ар,қу.аушы,шар,шық,лақ.
Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру үшін тест сұрақтарын тарқатамын.
VI Жаңа тақырыпты қорытындылау : Оқушылардың сабақ барысында алған бағаларын күнделігіне қойып беремін.
VII Үйге тапсырма.
98-жаттығу. Жұмбақтың шешімін табыңдар.Буынға бөлгенде арасына сызықша қойып бөліп жазыңдар.
Ащы емес тәттімін,
Боста емес қаттымын. (....)
Бейбітшілік құсы деп,
Айтады оны барша. ( ....)
Оқушыларға үй жұмысын түсіндіремін.
Достарыңызбен бөлісу: |