Пән атауы: Жалпы гигиена Лектор : З. А. Имангазина №2 Дәріс тақырыбы: Атмосфералық ауа гигиенасы, Судың гигиеналық маңызы



бет8/9
Дата15.05.2020
өлшемі27.85 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Судың дәмі мен иісі судың құрамындағы өсімдік тектес органикалық заттардың болуына байланысты, олар суға батпақтың, шөптердің иісіндей иіс береді. Сонымен қатар судың иісіне және дәміне судың өндірістік қалдықтармен ластануы да әсер етеді. Ал жер асты суларының иісі мен дәміне көп мөлшерде еріген минералды тұздар мен газдар да әсер етеді, мысалы хлоридтер мен күкіртсутектер. Олар су тазалау стансасында тазалаудан өткеннен кейін иісі мен дәмі кетеді. Суды зерттеу кезінде иісінің қарқындылығын және сипатын анықтайды. Ол балмен анықталады. 0 балл - иісі жоқ, 1 балл - өте әлсіз иіс, 2 балл - әлсіз иіс, 3 балл- анықталатын, 4 балл – айқын иіс, 5 балл - өте қатты білінетін иіс. Ауыз су ретінде қолданылатын судың иісі мен дәмінің қарқындылығы қазіргі кезде қолданылып жүрген нормативтерге сай 2 балдан көп болмауы керек.

Егер суды зерттеу кезінде табиғи судың түсіне тән емес түс анықталған болса, оның қайдан пайда болғанын міндетті түрде анықтау керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет