Пән атауы: Жалпы гигиена Лектор : З. А. Имангазина №2 Дәріс тақырыбы: Атмосфералық ауа гигиенасы, Судың гигиеналық маңызы


Судың бір адамға қажет мөлшері дегеніміз



бет6/9
Дата15.05.2020
өлшемі27,85 Kb.
#68679
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ауа және судың маңызы

Судың бір адамға қажет мөлшері дегеніміз - адамның суға физиологиялық сұранысын толық қамтамасыз ететін және гигиеналық, шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік мақсатқа қажет су мөлшері. Судың сапасының үлкен гигиеналық маңызы бар. Судың сапасы оның органолептикалық қасиетімен, химиялық құрамымен, эпидемиологиялық және радиациялық қауіпсіздігімен анықталады. Судың органолептикалық қасиеті мөлдірлігімен, дәмімен және иісімен сипатталады. Судың химиялық (минералдық) құрамы 85%-ға дейін кальций, магний, натрий катиондарынан, гидрокарбонат, хлорид, сульфат аниондарынан тұрады. Қалған бөлігі аммоний, калий, нитрат, нитрит, фосфат аниондарынан және микроэлементтерден ( фтор, йод, цинк және т.б.) тұрады. Химиялық құрамы бойынша табиғи сулар арасында айырмашылықтар болады. Минералды тұздардың көп концентрациясы суға жағымсыз дәм береді, ас қазан – ішек жолдарының қызметіне теріс әсер етеді, ол суларды тұрмыста және өндірісте қолдану мүмкін емес. Кейбір тұздар адамның ағзасына улы әсер етуі де мүмкін.

Ішуге қолданылатын су ашық су көздеріне өндірістік мекемелердің тазартылмаған қалдық сулары жіберілсе судың құрамында химиялық заттардың: сынап, мышьяк, қорғасын, хромның улы концентрациясы пайда болады.

Су көптеген жұқпалы ауру қоздырғыштарының көбеюіне және таралуына жақсы орта болып саналады. Адамдар арасында жұқпалы аурулар туындамас үшін, оларды сапалы судың жеткілікті мөлшерімен үздіксіз қамтамасыз ету керек. Ол туралы кейінірек айтылады.

Елдімекендерді сумен қамту екі түрлі жолмен іске асады: орталықтандылырған және орталықтандырылмаған немесе оны жергілікті сумен қамту деп те атайды.

Орталықтандырылған сумен қамту кезінде құбыр арқылы су бүкіл

елді мекенге немесе бір бөлігіне беріледі. Кейбір елді мекендерде, көбіне ауылды жерлерде, сумен қамту тікелей су көзінен алынады (құдық, бұлақ). Мұндай сумен қамту түрін – орталықтандырылмаған немесе жергілікті сумен қамту деп атайды. Қолданылатын судың мөлшері суды алудың оңайлылығына және елді мекеннің көркейтілуіне байланысты. Көркейтілуі жоғары болған сайын, суды қолдану мөлшері де артады. Елдімекенге орталықтандырылған су көзін жобалаған кезде сол елге қажет судың мөлшерін анықтайды. Осы мақсатта белгіленген сумен қамту нормативтері қолданылады.

Жаңадан жобаланып жатқан су құбыры елдімекен сұранысын қанағаттандыру үшін, белгіленген нормативке сай оның қуаттылығын және елдімекендегі адам санын анықтау керек. Суару үшін кететін су мөлшері бөлек саналып, содан кейін жалпы барлығы қосылып, ол елдімекенге қанша су мөлшері қажет екені анықталады.

Орталықтандырылмаған сумен қамту кезінде бір адамға қажет судың мөлшері 30-50 л / тәулігіне, ал орталықтандырылған, ыстық суы бар сумен қамту кезінде бір адамға 250-300 л / тәулігіне деп есептеледі.

Алдын ала санитарлық қадағалау кезінде санитарлық мекеме қолданылған нормативтің дұрыстығын және қажет су мөлшерінің дұрыс есептелгенін қадағалайды.Орталықтандырылған су құбырын орнату тек елдімекеннің санитарлық жағдайын ғана жақсартып қоймады, ол ішек жұқпалы ауруларын азайтуда да маңызды шаралардың бірі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет