Пән атауы: Жалпы гигиена Лектор : З. А. Имангазина №2 Дәріс тақырыбы: Атмосфералық ауа гигиенасы, Судың гигиеналық маңызы



бет9/9
Дата15.05.2020
өлшемі27,85 Kb.
#68679
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ауа және судың маңызы

Судың химиялық құрамы. Санитарлық норма мен ережеге сай су химиялық құрамы жағынан зиянсыз болу керек және табиғи судың құрамында кездесетін заттар, суға өңдеу процесінде қосылатын реагенттер, адамдардың іс әрекет нәтижесінде суды ластайтын заттардың мөлшері стандарттағы нормативтерге сай болу керек.
Судың химиялық құрамына зерттеу жүргізген кезде оның табиғи химиялық құрамына және оны өңдегенде қолданылатын заттарды ескеру керек. Гигиеналық жағынан маңызы жоғары болып келесі көрсеткіштер саналады.

Құрғақ қалдық. Судың құрамының жиынтығы құрғақ қалдықпен анықталады, ол 1 литр суды булағанда қалатын зат. Ол судың минерализация дәрежесін көрсетеді. Орталықтандырылған су үшін ол нормада – 1000 мг/л

( тұщы су).



Темір көбіне жер асты суларының құрамында темірдің

дигидрокарбонаты түрінде кездеседі. Су ауамен қатынасқа түскенде темір тотығып, темірдің гидрооксидіне айналады. Ол суға лайлы қоңыр түс береді. Егер судың құрамында темірдің мөлшері 0,3 - 0,5 мг/л - ден көп болса, судың органолептикалық қасиеті нашарлайды, ал оның мөлшері судың құрамында 1-2 мг/л болған кезде, лайлылық пен түсінен басқа судың дәмі де өзгереді. Орталықтандырылған судың құрамында нормада темірдің мөлшері – 0,3мг/л, ал жергілікті су көзі суының құрамында 1 мг/л – ден көп болмауы керек.

Судың құрамында кальций мен магний тұздарының болуы судың қаттылығына әсер етеді. Қаттылығы 1,75 моль/л –ге дейінгі суды жұмсақ су дейді, 1,75 – 3,5 дейінгі суды – орташа жұмсақ су, 3,5-7,0 аралығындағы суды қатты, ал 7,0 –ден жоғары суды өте қатты су деп атайды. Қаттылығы жоғары суда еттің, бұршақ тұқымдастардың пісуі қиын болады. Ыдыстардың ішінде қақтар пайда болады. Кір жуған кезде сабын көпірмейді. Ондай суларды орталықтандырылған жылыландыру жүйесінде қолданған кезде олардың іші тез бітеліп қалады. Стандарт талаптарына сай ауыз судың қаттылығы нормада 3,5 моль/л немесе 7 мг-экв/л – ден көп болмауы керек.

Хлоридтер. Жай ағынды сулардың құрамында көп емес мөлшерде 20-30 мг/л дейін кездеседі. Құрамында хлордың мөлшері 350-500 мг/л болса, онда суда тұзды дәм пайда болады. Ол асқазан сөлінің бөлінуіне теріс әсер етеді. Стандартқа сай судың құрамында хлоридтер нормада 350 мг/л –ден аспауы керек.

Сульфаттар. Өзен суларында және тұзды көлдердің шөгінділерінде тұрақты түрде кездеседі. Судың құрамында сульфаттардың мөлшері 500 мг/л болса, суда ащы - тұзды дәм пайда болады. Ол асқазан сөлінің бөлінуіне теріс әсер етеді. Мұндай суды бұрын қолданып көрмеген адамдарда ол диспепсия туындатуы мүмкін. Стандартқа сай судың құрамындағы сульфаттардың мөлшері 500мг/л аспауы керек.

Фтор қосылыстары – Судың құрамында болатын фтор қосылыстарының құрамындағы фтор ионы сүйектің және тістің минералдануына қатысады. Судың құрамындағы фтордың мөлшері нормада 1,2-1,5 мг/л болу керек. Егер судың құрамында фтор мөлшері 5 мг/л – дейін көтерілсе ол адамдар арасында сүйектердің зақымдануын туындатады ( остеосклероз, остеопороз.)

Ауыз судың құрамына улы заттар су көзіне өндірістен шығарылған тазартылмаған қалдық суларды жіберген кезде пайда болады. Бұл кезде өндірістің технологиялық процесімен танысып, қосымша суға қандай зерттеулер жүргізу керектігін анықтау керек.



Ашық су көздеріне жаңбыр, қар суымен бірге топырақтан ауылшаруашылығында қолданылатын қоршаған орта әсеріне төзімді пестицидтер де түсуі мүмкін. Гигиенистердің зерттеулерінің нәтижесінде судың құрамындағы бірнеше жүз зиянды заттардың шектеулі рұқсат етілген концентрациясы анықталған. Мысалы, созылмалы уланудың алдын алу үшін судың құрамындағы қорғасынның мөлшері -0,03 мг/л –дан, мышьяк мөлшері - 0,0,5 мг/л – ден көп болмауы керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет